БАҒДАРЛАМА
Пәннің қысқаша сиппаттамасы
Қазақстандағы денсаулық сақтаудағы маркетинг – жаңа пән. Ол 70 жылдан бері келе жатқан денсаулық сақтау сатылмаған, медициналық қызмет көрсетілуіне байланысты төленіп отырылған. Сондықтан маркетингті бағдарлама және әдіс философиясы ретінде қолдану қажет болған жоқ. Бірақ бөлімнің құрылымды – қызметтік реформа, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік жүйенің нарықтық экономикада әрекеттенуі, 1993 жылдан бері денсаулық сақтау саласындағы дағдарыста қиындауы, денсаулық сақтау саласындағы маркетинг бірегей ұлттық жүйені стагнацизациядан дезинтегризацияға жағдайына алып шығатын концептуалды негіз болып табылады.
Денсаулық сақтаудағы экономикалық қайта құру жағдайында медициналық мекемелерді басқару өте күрделі процесс болып табылалды, менеджменттің көптеген элементтері медицина мекемелерінің басқарушыларына түсініксіз болып келед. Медициналық мекемелерді басқару теориясы мен тәжірибесінің дамуы проб және қателік әдісі болып табылады.
Отандық денсаулық сақтау қаржыдағы қалдықтары емдік-алдын алу мекемелерін қиын жағдайға қойып отыр. Жиірек жағдайларда медикаменттер мен медициналық құралдарды, сонымен қатар науқастарға тағам сатып алуға мүмкіндіктер жоқ, кейде жал ақының кешігуі де болады. Медициналық мекемелердің сезерліктей қиындықтар болуда, осыған байланысты көрсетілетін медициналық көмектің сапасы да төмендеп отыр. Мамандардың «тіркелу» мәселесі ерекше тұр, еңбектің дер кезінде және төмен төленуі кадрдың ағымы жоғарылап отыр және денсаулық сақтау мекемелеріндегі қызметкерлердің сапалы еңбекке деген мотивациясы төмендеп отыр.
Тұрғындарға медициналық көмек көрсету маңызды әлеуметтік талғам – азаматтардың денсаулығын қорғау және жақсартуды қамтамасыз ету тұр. Осы сәтте медициналық көмектің сапалылығына тек мелекет қана жауап беріп қана қоймай, сонымен қатар медицина нарығында жұмыс істеп жүрген субьектілер де жауап беруі тиіс.
Нарықтық қатынасқа өтуге байланысты басқарудың экономикалық әдісін қолдануды талап етеді. Тәжірибеде басқарудың экономикалық әдісін қолдану экономикалық жаңару және нарықтық механизмді енгізу жағдайында медициналық қызметтің нарығында медициналық мекемелердің қызмет жасауын жаңа бағдарламаға шығуына әсер етеді.
Нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты дәрілік заттарды үлестіретін және медициналық көмек көрсетумен айналысатын, сонымен қатар медициналық белгілеулердегі басқада заттарды өндіретін және үлестіретін әртүрлі формадағы ұйымдар пайда болды.
Медициналық мекемеде аса маңызды орын алатындардың бірінің құрамына ұйымның маркетингі болып табылады, себебі тәжірибеде маркетингті құрылымды қолданбау бірде – бір әлеуметтік – экономикалық шаруашылық қызмет жасай алмайды. Сондықтан денсаулық сақтаудағы нарықтық қатынастың қалыптасуы мен дамуында, медициналық нарықтың субьектілерінің іс - әрекеттерін маркетингсіз елестету қиын, себебі соның көмегімен басқарушылық шешімдер дұрыс қабылданады.
Оқудың мақсаты; магистранттарда « Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша терең білім, іскерлік пен машықтарды қалыптастыру және бекіту, магистранттарды өндірістік/зерттеу және педогогикалық практикадан өтуге, ғылымизерттеу/эксперименттік/зерттеу жұмыстарын орындауға дайарлау.
Оқытудың міндеттері:
Магистранттарға даярлық бағытын бейін анықтайтын пәндер бойынша тұрақты түсінік, білім беру, машықтар мен іскерлікке үйрету;
Магистранттардың даярлық бағытын бейінін анықтайтын пәндердің шынайы орнын, қазіргі практикада, сондай ақ ғылыми зерттеу және практикалық бағдарламаларды жүзеге асыруүдерісіне басқарушылық және клиникалық шешім қабылдауға үйрету;
Магистранттарды үнемі дамып отырған шынайы ортада кәсіби икемділікке кепілдік беретін шектес ғылымдар бойынша іргелі біліммен қамтамассыз ету.
Міндеттері
Магистрант білуі тиіс:
тұрғындардың денсаулығын сақтау концепциясы және денсаулық сақтау саласын дамыту.
әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты қоғамдық денсаулықтың тенденциялары.
тұрғындардың денсаулығын сақтау және жақсарту заңдылықтарының негізі.
денсаулығын сақтау саласындағы экономикалық аспектілер.
медициналық сақтандыру мәселелері.
денсаулық сақтау саласын басқару моделдерін ғылыми негіздеу.
нарықтық қатынастар және жеке меншіктің көптігі жағдайындағы денсаулық сақтау саласындағы мәселелер.
алғашқы медико- санитарлық көмекті, сонымен қатар жалпы тәжірбиелік дәрігер және жанұялақ дәрігер жүйесін дамыту.
қазіргі кездегі дәрігерлік этика мен деонтологияның, медициналық қызметкерлердің әлеуметтік қорғауының мәселелері.
денсаулық сақтау саласын қаржыландыру және жоспарлау негіздері.
денсаулық сақтау саласындағы маркетинга негіздері.
компьютерлік технологиялар.
Білім берудің түпкілікті нәтижелері
Магистрант:
Бейіндік даярлықтың таңдалған бағыты шеңберінде практикалық денсаулық сақтау саласы маманның жұмысын ұйымдастыруды;
Басқарудың қазіргі тәсілдерін және менеджменттің аналитикалық әдістерін, диогностика, проблеманы шешу және талдау әдістерін;
Бейіндік даярлықтың таңдалған бағыты щеңберінде дәлелдерге негізделген денсаулық сақтау саласындағы практикалық қызмет принциптерін;
Денсаулық сақтау саласындағы зерттеу қызметінің негізгі принциптерін;
Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы заңнаманы, медицина қызметкерлері қызметінің құқұқтық негіздерін;
ЖООлық психология мен педагогика негіздерін және оларды практикалық қызметте қолдануды білуі тиіс.
Магистрант:
Зерттелетін үрдісті талдауда өркениетті, мәдени және ақпараттық тәсілдерге сүйеніп зерттеу тапсырмаларын шешуді;
Кәсіптік функциясын жүзеге асырумен байланысты міндеттерді қалыптастыруды және мақсат қоюды;
Дәлелдемелі медицина принциптері негізінде өзінің кәсіптік қызметі шеңберінде басқарушылыұқ шешім қабылдауды ;
Өзінің кәсіптік қызметінің нәтижелерін болжауды;
Жұмыс үрдісін бақылауды және оның нәтижелерін объективті бағалауды:
Кәсіптік қызметі аясында кешенді тәртіпаралық, сектораралық мәселелерді шешуді үйреніп алуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |