III. Қарттардағы тыныс алу жүйесінің ерекшеліктері. Тыныс алу жүйесінің аурулары, емі 3.1 Тыныс алу жүйесінің қартаю ерекшеліктері: кеуде қуысының сүйектері мен бұлшықеттерінің, бронхтардың, өкпе тінінің және газ алмасу ерекшеліктерінің жасқа байланысты өзгеруіҚартаю үдерісінде тыныс алу жүйесінде маңызды морфологиялық
және қызметтік өзгерістер болады. 60 жастан кейін кеуде қуысындағы сүйектері мен бұлшықетінде дегенеративті, дистрофиялық өзгерістер байқалады. Қабырға шеміршектері эластикалық қаб ілетін жоғалтады, себебі: онда кальций тұздары шөгеді. Қабырға-омыртқа буындарының қозғалысы шектеледі. Кеуде бөлігінде омыртқа остеохондрозы және арқаның ұзын бұлшықеттерінің семуі қарттық кифозға әкеледі,қабырғааралық бұлшықеттерінде және диафрагма бұлшықеттерінде дистрофиялық өзгерістер, біріншіден, кеуде қуысының деформациясы,екіншіден, кеуде қуысының жылжымалығы төмендейді. Осының бәрі өкпелік вентиляцияны бұзады.
Қарттық жаста трахея V-ші кеуде омыртқа деңгейіне төмендейді,қуысы кеңейеді, қабырғалары кальцийленеді. Бронхтардағы цилиндр тәрізді эпителий көпқабатты жалпақ эпителийге айналады, қабырға шеміршектері – сүйек тініне айналады, бронх бұлшықеті семеді. Бронхтың айналасына дәнекер ұлпа өскендіктен бронх қабырғалары томпаяды,қуыстары бір қалыпты емес таралып, қызметі нашарлағандықтан патологиялық үдерісті тудырады.
Өкпелік ұлпа эластикалық қасиетін жояды, альвеола қабырғалары жұқарып, жыртылуы да мүмкін. Альвеолааралық қабырғаларға дәнекер ұлпа өскендіктен олар қалыңдайды.
Қарттық жаста өкпелік тамырларда өзгеріс болады. Өкпелік артерияда, артериолада, венулада фиброз дамиды, капилляр қабырғасында дистрофиялық өзгерістер әсерінен қызметі төмендейді, капиллярлардың өткізгіштігі бұзылады. Қарттық жаста жүректен қан лақтыру төмендегендіктен өкпе тамырларына қанға толуы азаяды.
Тыныс алу аппаратының морфологиялық өзгерістері өкпенің өмірлік сыйымдылығын (ӨӨС) төмендейді. Вентиляцияға қатыспайтын ауа мөлшері көбейіп, сыртқы тыныс алу аппаратының жұмыс қажеттілігін жоғарылатады (физикалық жүктеме, атмосфераның тітіркенуі т.б).
Қарттық жаста тыныс алуды реттейтін жүйке жүйесі аппараты өзгереді. Өкпенің жүйке талшықтарында және ганглияда дегенерация байқалады. Қарттық жаста жөтелу рефлексі төмендегендіктен,бронхтардың дренаждық қызметі төмендейді.