Бронх демікпесі (БД) – басты патогенетикалық механизмі қабынумен негізделген бронхтардың гипербелсенділігі, ал клиникалық көрінісі - бронхтық
спазм, гиперсекреция жəне бронхтың шырышты қабығының ісінуінен болған, тұншығу ұстамасы (экспираторлы сипаттағы) болатын бронх қабырғаларының созылмалы аллергиялық қабынуы. Балалардағы БД - үнемі немесе жүйелі түрде пайда болатын жөтел мен көбінесі түнгі жəне таңертеңгілік уақыттағы ысқырық демді қиындаған тыныс алумен сипатталады.
Жіктемесі: 1. Ауырлығы бойынша: интермитирлейтін, жеңіл персистирлейтін, орта ауырлықты персистирлейтін, ауыр персистирлейтін;
2. Ағым фазасы бойынша: өршу, бəсеңдеген өршу, оңалу.
Хаттама коды: P-P-001 "Балалар демікпесі"
Педиатрия саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): J45.0 Аллергиялық компоненті басым демікпе.
J45.8 Аралас демікпе.
J45.9 Айқындалмаған демікпе.
J45 Демікпе.
J46 Демікпелік статус.
Қауіп-қатерлі факторлар: 1. Атопияға тұқым қуалайтын бейімділік.
2. Пассивті шылым тарту бала жастағы демікпенің ауырлығын күшейтеді.
3. Жасөспірім шақта шылым тарту персистирлейтін демікпе қаупін ұлғайтады.
4. Үй шаңының кенелері.
5. Жануарлар жүні.
6. Тозаң мен зеңді саңырауқұлақтар.
7. Дəрі-дəрмектер.
Шағымдар мен анамнез: -жөтел, əсіресе түнде;
-қайталанбалы сырылдар;
-қайталанбалы қиындаған тыныс алу;
-қайталамалы кеуде клеткасының басылу сезімі;
-симптомдар түнде пайда болады немесе нашарлайды;
-симптомдар триггерлермен жанасу кезінде ауырлайды.
Аяқ астынан немесе бронходилататорлар мен қабынуға қарсы препараттарды қабылдағаннан кейін симптомдардың жоғалуы, бронх демікпесінің маңызды маркерлері болып табылады. Науқаста немесе оның туыстарында атопиялық аурулардың болуы.