Қазақстан республикасының денсаулық сақтау


Деформациялаушы остеоартроздың (ДОА) дамуында келесі патогенездік сатыларды айырады



бет45/69
Дата30.03.2023
өлшемі240,45 Kb.
#77596
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   69
Деформациялаушы остеоартроздың (ДОА) дамуында келесі патогенездік сатыларды айырады:
1) гидрофильдік қасиетінің төмендеуінен шеміршектің құрғауы жәнежұқаруы;
2) шеміршектің жарылып, бөлшектенуі;
3) шеміршектің толық бұзылып, жойылуы, буын жігінің тарылуы;
4) сүйек эпифиздері бетінің жалаңаштануы;
5) компенсациялық реакция түрінде шеттік остеосклероз бен остео-фитоздың дамуы;
6) буындардың деформациясы, сүйек бастарының ұясынан таюы,функциясының бұзылысы.
Жіктемесі
I. Патогенездік түрлері
 Біріншілік (идиопатиялық)
 Екіншілік
II . Клиникалық түрлері
1. Моноартроз
2. Олигоартроз
3. Полиостеоартроз (түйінді және түйінсіз)
4. Омыртқа жотасы остеохондрозымен немесе спондилоартрозы -мен қабаттасқан түрі
III. Басым зақымдан атын буындар
1. Фалангааралық буындар (Геберден, Бушар түйіндері)
2. Ұршық буыны (коксартроз)
3. Тізе буыны (гонартроз)
4. Өзге буындар
IV . Барысы
1. Аз симптомды
2. Баяу өрістейтін
3.Тез өрістейтін
V . Келлгрен бойынша рентгендік сатылары (І, II, III, IV)
VI . Реактивті синовииттің болу- болмауына қарай
1) Реактивті синовиитсіз.
2) Реактивті синовиитпен.
VII . Науқастың қызметтік жағдайы
1) Еңбекке жарамдылық уақытша шектелген.
2) Еңбекке жарамсыз (жарамдылығы жойылған.
3) Басқа адамның күтуіне мұқтаждығы.
Деформациялаушы остеоартроздың (ДОА) патогенезі және патоморфологиясы.Сау шеміршектің беті тегіс, жылтыр және синовиялық сұйықтықпен майланып тұрады. Сондықтан буындар бетінің үйкелісі болар-болмас ғана.
Шеміршек ағзада аса төзімді және мықты құрылымдардың бірі.
Ауыр салмақ түскеннің өзінде, ол езілмей, сәл басылады.
Шеміршектің аса төзімділігі мен эластикалық қасиеті оның құрылымының ерекшелігіне байланысты. Оның құрамы хондроциттерден, аса берік II типті коллагеннен (шеміршекте ғана болатын) және дәнекер тіннің "желімдеуші" аталатын негізгі затынан тұрады. Шеміршек II типті коллагенге бай болуынан аса төзімді келеді, салмақ түскеннің өзінде, пішінін жоймайды.
Шеміршектің негізгі заты протеогликандардан, гиалурон қышқылынан құралған. Протеогликандар молекуласының қүрамына глюкоза-миногликандар, хондраитинсульфат және кератансульфат кіреді.
Протеогликандар сумен және қышқылмен тығыз байланысқан, шеміршек қүрамының 70% судан түрады. Судың молдығы салмақ түскенде шсміршектің басылуына жол бермейді. Су мен коллагеннің молдығынан шеміршек аса мықты болады. Протеогликандардың бір -біріне тіркеліп іріленген гидрофилдік құрылымдары коллаген торымен оралып, бекітілген. Мұндай құрылым шеміршектің эластикалық қасиетін қамтамасыз етеді.
Деформациялаушы остеоартрозда (ДОА) түрлі себептерден шеміршек уакытынан бұрын тозып, тез "қартаяды". Шеміршектің метаболизмі бұзылып, хондроциттер жойылады, протеогликандары азаяды және деполимеризацияланып, суын жоғалтады. Шеміршек құрғай бастайды. Сонымен қатар хондроциттердің фенотипі өзгереді, мәселен, сапасы төмен коллагенді, протеогликандарды түзетін хондроциттер пайда
болады.
Дерттің ерте сатысында шеміршек жұмсарып, беті бүртіктеніп, жылтырлығынан айырылады. Бара-бара шеміршек тоза келе жұқарады талшықтары ыдырайды, шеміршектер тілініп жарылады, осыдан бетінде көптеген саңылаулар пайда болады. Салмақ түсуден мұндай шеміршек бөлшектеніп жойылады, осыдан сүйектің беті жалаңаштанады. Ыдыраған хондроциттерден бөлінетін ферменттер де шеміршектің құруына өз "үлесін" қосады. Шеміршектің жұқаруынан және жойылуынан буынның жігі тарылады, жалаңаштанған сүйектердің бастары бір-біріне тақалып, үйкеле келе беттері тығыздалады. Сүйек бастарын сақтауға бағытталған қорғаныстық реакциялардан субхондралық остеосклсроз қалыптасады және салмақ қосуын азайту үшін сүйектердің беттері жалпақтанады, шеттері үшкірленіп, жан-жағына өседі.
Сүйек шеттерінің өскіншектері остеофиттер деп аталады.
Остеофиттер буын бстінің кеңейіп үлғаюына мүмкіндік береді.
Кеселдің кештеу сатысында буын маңы тінінде фиброздық үдерістер дамиды, шел қабаты қалыңдайды (әсіресе әйслдерде), бұлшықеті атрофияланады, осыдан буынның пішіні біршама бұ зылады. Бірақ, буынның пішіні қаншама бүзылғанымен, анкилоз бола қоймайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет