Қазақстан Республикасының еңбек нарығының даму мәселелері мен жағдайы



бет5/11
Дата06.01.2022
өлшемі205,5 Kb.
#12229
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Курстық жұмыстың құрылымы. Бұл жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Қазақстан Республикасының еңбек нарығының қалыптасуы мен қызмет етуінің теориялық негізі




    1. Еңбек нарығы: қалыптасу негіздері мен шарттары

Еңбек нарығыбұл жұмыс күшін (адамның еңбек ету қабілеті) тауар түрінде сату – сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы жоғары квалификация еңбектің беделінің сөзсіз көтерілуіне әсер етеді, осының арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады, жұмыскерлерге және олардың еңбегінің сапасына деген талап күшейеді.

Еңбек нарығында барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді қатал, аяусыз түрде іріктеу тән. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді, оның жоғары жылжымалығына, қозғалысына, ширақтығына себепші болады, іскерлік пен белсенділікке ынталандырады. Нарықта жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным заңы әрекет етеді, ол еңбекке төленетін ақының шамасын белгілейді. Бұл жерде жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі. Өзінің жұмыс күшін, яғни еңбек ету қабілетін ұсынушы жұмыскерлер сатушылар болып табылады. Еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлер жұмыс күшінің сатып алушылары болады [1, 3 б.].

Еңбек нарығын мойында жұмыс күшінің әлеуметтік – экономикалық табиғатын және оның өндіріс құрал – жабдықтарымен қосылу тәсілін түбегейлі өзгертеді. Қазірде, біздің қоғамымызда жұмыс күшінің тауар табиғаты жөніндегі ғылыми да негізінен аяқталды деуге болады. Еңбек нарығының әрекет ету жағдайында жұмыс күші тауарға айналады, ал оны өндіріс құрал – жабдықтармен қосу нарықтық тәсілмен жүзеге асады.

Қазіргі кезде Қазақстанның экономикасы әлі де болса аса күрделі өтпелі кезеңді бастан кешіруде, бұл сөзсіз еңбек нарқына кері әсерін тигізуде. Жұмыссыздық проблемасы, дер кезінде еңбекақыны төлеу және тағы басқалар өте шиеленіскен жағдайда болып отыр. Міне, сондықтан да еңбек нарқы жөніндегі мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіруді қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет