Қазақстан Республикасының еңбек нарығының даму мәселелері мен жағдайы


Қазақстандағы еңбек нарығының даму мәселелері



бет8/11
Дата06.01.2022
өлшемі205,5 Kb.
#12229
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2 Қазақстандағы еңбек нарығының даму мәселелері


2.1 Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының қазіргі жағдайы
Тұрғындардың жұмысбастылық, жұмыссыздық пен еңбек ресурстарының ұтқырлық мәселелері әрқашан сәйкес ведомостволар, ұйымдар мен кәсіпорындардың ғылыми, қоғамдық, саяси және шаруашылық қызметінінде ерекше орын алған. Ол жаһандық экономиканың дағдары­стан кейінгі қалпына келтірудің қазіргі кезеңінде ерекше өзектілікке ие болып отыр. Білім және инновациялық экономикаға өтумен байланысты экономикалық өсудің, адамдардың тұрмыс жағдайын, өмір сүру сапасын жоға­рылатудың басты факторы ретінде адам факторы басты факторлдардың біріне айналады. Білім, кәсіпқойлық, ин­теллекттің негізінде адами ресурстар жаңа стратегиялық міндеттерді табысты жүзеге асырудың маңызды алғы­шартын құрайды.

Тұрғындардың жұмысбастылық сферасында және қа­зақстандық еңбек нарығында көптеген дамыған және да­мушы елдермен салыстырғанда жаһандық экономиканың дағдарысты жағдайында тұрақты жағдай қалыптасты. Соңғы жылдардан бастап ҚР статистика жөніндегі Агенттік мәліметтері бойынша елде экономикалық белсенді тұрғындар санының, жұмысбастылықтың ұлғаюы мен жұ­мыссыздық деңгейінің қысқаруы орын алды (кесте 1).



Кесте 1. 2014–2018 жылдардағы Қазақстандағы еңбек нарығының негізгі индикаторлары




2014

2015

2016

2017

2018

Жұмыскүші, мыңадам

8981,9

9041,3

8962,0

9074,9

8 998,80

Жұмыспенқамтылғанхалық, мыңадам

8507,1

8570,6

8510,1

8623,8

8 553,40

Жалдамалықызметкерлер, мыңадам

5813,7

5949,7

6109,7

6294,9

6 342,80

Өзбетіншежұмысістейтінқызметкерлер, мыңадам

2693,4

2621

2400,4

2328,9

2 210,50

Жұмыссыздар, мыңадам

474,8

470,7

451,9

451,1

445,5

Жұмыссыздықдеңгейі, %

5,3

5,2

5,0

5,0

5,0

Жастаржұмыссыздығыныңдеңгейі, % (15–24 жас)

3,9

3,9

3,8

4,1

3,8

Жастаржұмыссыздығыныңдеңгейі, % (15–28 жас)

5,4

5,5

4,2

4,3

4,1

Ұзақмерзімдіжұмыссыздықдеңгейі, %

2,5

2,5

2,4

2,4

2,2

Жұмыссыздықтыңорташаұзақтығы, айлар

8,4

7,4

7,3

6,7

6,9

Жұмыскүшіқұрамынакірмейтінадамдар, мыңадам

3538,7

3569,4

3715,9

3680,1

3 855,00

Ескерту: ҚР статистика Агенттігінің мәліметі

Тәуелсіздік алған жылдардан бастап жұмыссыздық пен жұмысбастылық сферасында елеулі өзгерістер орын алды. Елдегі жүргізілген әлеуметтік-экономикалық өзгерістер барысында қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды.

ҚР статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтері бой­ынша Қазақстан экономикасының әртүрлі сфераларында 2018 жылы 8,5 млн. адам немесе 15 жас пен одан жоғары жастағы тұрғындардың 66,5 % жұмыспен қамтылды. 2018 жылы жалдамалы жұмысшылар саны 6,3 млн. адамды немесе экономикада жұмыспен қамтылған­дардың жалпы санының 74,2 %-ын құрады. Жұмыспен қамтылған тұрғындардың арасында өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың саны 2,2 млн. адамды немесе 25,8 % құрады. Өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың жалпы са­нынан нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі 2018 жылы 86,4 % (2017 жылы — 77,6 % болған), нәти­жесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі — 13,6 % (2015 жылы-22,4%) болды [5, 39 б.].

2018 жылы жұмыссыз тұрғындардың саны 445,5 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі 5,0 % деңгейінде қалыптасты (2017 жылы да –5,0 %). Жұмыссыздардың жалпы санынан қала тұрғындары 268,9 мың адам (57,1 %), ал ауылдық жұмыссыздық — 201,8 мың адам (42,9 %), жұ­мыссыздық деңгейі сәйкесінше 5,4 % және 4,9 % құраған. 2018 жылы Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар деңгейі жеткілікті жоғары — 25,4 % құрады. Оңтүстікте өзін-өзі жұмыспен қамту көрсеткіші республикалық дең­геймен салыстырғанда жоғары болып отыр. Оңтүстік Қа­зақстан мен Жамбыл облыстарында өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың көрсеткіші жоғары — сәйкесінше 43 және 44 % (сурет-1)




Сурет 1–2018 жылы жұмыспен қамтылған тұрғындар санынан өз бетінше жұмыс жасайтындардың үлесі

Ескерту: ҚР статистика Агенттігінің мәліметі


Еңбек нарығында өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі жоғары болған кезде ол белгілі бір қиындық туғы­зады. Бұл азаматтардың аталған категориясы әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтындығын және зейнетақы жинақтарына ие болмайтындығымен байланысты. Мы­салы жұмыспен қамтылған 8,6 млн. адамның тұрақты зей­нетақы және әлеуметтік аударымдарды жүзеге асыратыны небәрі 5,8 млн. адам ғана, бұл жұмысбастылардың же­келеген категорияларының әлеуметтік әлсіздігін күшей­теді. Бұдан басқа олардың көпшілігінің тұрақты табыс көзі жоқ. Олар мансаптық өсуді көздемейді, сондықтан біліктілікті арттыруға мүдделі емес. Өзін-өзі жұмыспен қамтылған тұрғындардың білім деңгейі көп жағдайда на­рықтың қазіргі заманғы талаптарына жауап бермейді, бұл олардың нәтижелі жұмысбастылығын тежейді [6, 77б.].

Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмысбасты тұрғындар туралы мәліметтерді талдайтын болсақ, эко­номика құрылымының өзгеруі тұрғысынан жағымды деп бағалауға болмайды. Мысалы, ауыл шаруашылығында 2012 жылдан бастап бүгінге дейін жұмыспен қамтылу көрсеткіші төмендеген, сол сияқты құрылыс, қаржылық және сақтандыру қызметінде де жұмыспен қамтылғандар саны өткен жылмен салыстырғанда азайып отыр. Өнер­кәсіп саласы, мемлекеттік басқару және қорғаныс; мін­детті әлеуметтік қамсыздандыру және білім саласында аз ғана өсім байқалады. Электрмен жабдықтау, көлік және қоймалау саласында өзгеріс жоқ. Бұл экономикалық жүйе құрылымында көрнекті өзгерістердің жоқтығын куәлан­дырады, өйткені бір салаларда жұмысбастылықтың қысқаруы басқа салаларда жағымды өзгерістерге алып келмеді. Осылайша, көрсеткіштер қарқыны құрылымдық емес, экономикадағы циклдық өзгерістермен түсіндіріледі.

Қазақстан Республикасында қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтылғандардың үлесі –55,8 % құрайды, ал еуропалық одақ елдерінде бұл салалалардағы жұ­мыспен қамтылғандардың саны орташа 65–66 %. Бұл са­лаға кіретін біртекті емес салалардың үлкен санын ескере отырып, дамыған елдерде қызмет көрсету саласында едәуір үлесті кәсіби және сервистік қызметтер алатындығын атап көрсету қажет. Ал Қазақстанда қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтылғандардың 30 %-ы сауда мен жөндеу қызметтерін ұсыну саласына тиесілі.

Еңбек нарығында гуманитарлық мамандардың ар­тықтығы жағдайында жаңа технологияларды, қазіргі за­ манғы ғылыми сыйымды өндірістерді ендіру бойынша жұмысшылар, дәрігерлер мен мұғалімдер жетіспейді. Техникалық мамандықтағы жұмысшылардың жет­кіліксіздігі кәсіпорынды шетелден білікті кадрларды тар­туға мәжбүрлейді. Елде жалпы білім берудің теңгерімсіз жүйесі қалыптасқан: жұмысбастылық құрылымы кадр­ларды дайындау жүйесінің білікті құрылымынан ерекше­ленеді.

ҚР-да жұмыссыздық құрылымында әрбір екінші — әйел адамдар. 25–34 жастағы тұлғалардың үлесі — 43,5 %, 15–24 жас аралығы — 9,6 %. Жұмыссыздардың ішінен жоғары білімі барлар 131,3 мың адам (27,9 %), орта жалпы — 146,3 мың адам (31,1 %), орта кәсіптік білім барлар — 146,9 мың адам (31,2 %).

Экономикалық белсенді емес халық — қарастырылып отырған кезеңде жұмыссыз болып табылатын экономи­калық белсенділікті өлшеу үшін белгіленген жастағы тұлғалар. 15 жас пен одан жоғары жастағы экономикалық енжар тұрғындардың саны 2017 жылы 3,6 млн. адамды құрады. Тұрғындардың экономикалық енжарлық деңгейі 28,3 % құрады.

Экономикалық енжар тұрғындардың негізгі үлесін зейнеткерлер құрайды — 43,6 %, күндізгі бөлімде оқи­тындар - 38,7 %, денсаулық жағдайы бойынша (мүге­дектігі немесе еңбекке қабілетсіздігі бойынша) - 5,5%, үй жұмыстарын жүргізумен 7,5 % айналысады [7, 112 б.].

Елде еңбек нарығының перспективті өзгеруі тұрғын­дардың жұмысбастылығының тиімсіз формаларын жеңумен, өнімді жұмысбастылықты жоғарылату мен жұмыс күшінің ұтқырлылығымен анықталады. Мигра­циялық процестерді ұтымды басқару, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар мен жұмыссыздарды еңбекпен қамтуға ықпал ету тұрғындардың табысын арттырып, ке­дейлікті қысқартуға ықпал ететін болады.

Қазақстанның еңбек нарығы саяси, экономикалық және әлеуметтік факторлардың ықпалымен тұрақты түрде дамиды және өзінің дамуында әзірге уақыт талабынан артта қалып отыр. Осының нәтижесінде жұмысбастылық, жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау сферасында көптеген шешілмеген мәселелер жинақталып қалды. Қа­зақстанның еңбек нарығы өзінің дамымағандығынан әлемнің басқа елдеріндегі осындай нарықтардың қызмет етуінен елеулі ерекшеленеді. Бұған еліміздің қоғамдық және саяси құрылысын өзгерту барысында туындаған қиындықтар келеңсіз ықпал етті. Осы жағдайлардың сал­дарынан Қазақстанның қазіргі еңбек нарығы бейресми және көлеңкелі жұмысбастылықтың жоғары үлесі, жұ­мыссыздардың әлсіз әлеуметтік қорғалуы, мамандығы бойынша жұмыс істемейтін азаматтар үлесінің өсуі сияқты ерекшеліктермен ерекшеленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет