302
Статистика комитетінің мәліметтері бойынша Алматы ЖӨӨ көлемі бойынша елде 1-ші
орында тұр және шағын және орта бизнесті дамыту орталығы болып табылады. 2017
жылы ЖІӨ
11893,2 млрд. теңгені, ал қала халқының жан басына шаққанда - 6694,2
мың теңгені,
сәйкесінше
– 12132,6 млрд. теңгені және 6635,9 мың теңгені, 2019 жылы — 13547,0 млрд. теңге және 7183,9
мың теңгені құрады.
2017 жылы қаланың ЖӨӨ-дегі үлес салмағы 21,9% құрады. 2015 - 2017 жылдары қаланың
ЖІӨ номиналды өсімінің орташа жылдық қарқыны 12,4% құрады.
Сауда және қызметтер
экономиканың дамуын айқындайтын негізгі факторлар болып табылады.
154
Алматыда қызмет көрсету саласындағы еңбек өнімділігі 35 мың АҚШ долларына жетеді,
Мәскеуден 15% - ға басып озды, бірақ Варшавадан 42%-ға артта қалды.
2017 жылы Алматы қаласының
өнеркәсібінде 1520 кәсіпорын жұмыс істеді, оның 8,3% -
ы ірі және орта санатқа жатады. Олар өнеркәсіп өнімі көлемінің 76,4% - ын өндіре отырып, қала
индустриясының негізін құрайды. Статистика комитетінің деректері бойынша 2017 жылы
өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2015 жылғы 663 млрд. теңгеден артып, 902,5 млрд. теңгеге, 2018
жылы – 917,9 млрд. теңгеге, 2019 жылы — 957,1 млрд. теңгеге жетті.
2015 - 2017 жылдар кезеңінде өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемінің 504,5 млрд.теңгеден 691,9
млрд. теңгеге дейін, 2018 жылы 695,9 млрд. теңгеге дейін және 2019 жылы 758,5 млрд. теңгеге
дейін өсуі байқалды. 2017 жылдың нәтижелері бойынша қала өңдеу
өнеркәсібіндегі өнімділік
бойынша 23,8 мың АҚШ доллары көрсеткішіне қол жеткізуді қамтамасыз етті.
Достарыңызбен бөлісу: