Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет221/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

Газбен жабдықтау. Қалада газ таратумен айналысатын 4 кәсіпорын бар, олардың ішіндегі 
ең ірісі "ҚазТрансГаз - Аймақ"АҚ АПФ. Бүгінгі күні "ҚазТрансГаз - Аймақ"АҚ Алматы 
өндірістік филиалынының балансында 5 378 км болатын жоғары, орта және төменгі 
қысымдағы газ құбырлары бар. Газ құбырлары қанағаттанарлық жағдайда. 
1. 
Жоғары қысымдағы – 91,2 км; 
2. 
Орта қысымдағы – 796,0 км; 
3. 
Төменгі қысымдағы – 4 490,8 км. 
Газ инфрақұрылымының инженерлік-коммуникациялық тозуы деңгейі 2020 жылы 36% 
құрайды. 


304 
2017 жылы қала халқының газды тұтынуы 495,3 млн.текше метрді немесе қаладағы газды 
тұтынудың жалпы көлемінің 34%-ын құрады, өндірістік қажеттіліктерге 944,9 млн. текше метр 
(66%) пайдаланылды. 
Алматыда газбен қамтамасыз ету деңгейі жоғары. Газбен қамтамасыз ету көрсеткіші 2015 
жылы 93%-дан, 2016 жылы 95%-дан және 2017 жылы 97%-ға дейін өсті. Қала тұрғындарының 
99% (2019 ж.) орталықтандырылған газбен қамтамасыз етілген. 
Табиғи газдан басқа қала тұтынушылары сұйытылған газды пайдаланады. 2017 жылы 
халыққа Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бөлген 50,4 мың тонна сұйытылған 
газдың 10,8 мың тоннасы берілді. Халықтың сұйытылған газды төмен тұтынуы 
тұтынушылардың табиғи газға көшуіне және сұйытылған газды тұтынатын үйлер санының 
азаюына байланысты. 2017 жылы көппәтерлі үйлер сұйытылған газдан табиғи газға 
ауыстырылды.
2014 жылдан бастап газ құбырларының ұзындығы жылсайын артуда. Ұлғайту негізінен 
келесі аудандар бойынша болды - Алатау, Түрксіб, Наурызбай және Медеу. 2017 жылы 
инженерлік-коммуникациялық газ инфрақұрылымының тозу деңгейі 37%-ды құрады, бұл өткен 
кезеңнің ұқсас көрсеткішінен 1%-ға төмен. 2017 жылы табиғи газдың ысырабы 53,8 млн. текше 
метрді (берілген газға 3,9%) құрады, 2016 жылы бұл көрсеткіш 51,5 текше метр болған.
2016 жылы 3,1 км газ желілері қайта жаңартылды. 2017 жылы 18,7 км газ желілері қайта 
жаңартылды, 2018 жылы 23 км, 2019 жылы - 23 км желі қайта жаңғыртылған. 
Алматы қаласының газ тасымалдау жүйесінің қуатын арттыру мақсатында айналма газ 
құбырын салумен ГТС-2 қуаттарын шығару аяқталды. Осы жобаның аяқталуымен қаланың 
айналасында газ сақинасы құрылды, ол өз кезегінде табиғи газды пайдалана отырып, тұрғын 
және тұрғын емес объектілерді жылумен қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешуге 
мүмкіндік береді. 
Қала тұрғындарының 99% орталықтандырылған газбен қамтамасыз етілген. 
Тұтастай алғанда, экономиканың өсуі энергетикалық ресурстарды және ішкі өңірлік 
өнімді тұтынудың өсу қарқынының серпініне оң әсер етеді, өйткені экономикалық өсу өнім 
өндірісінің және ресурстарды тұтынудың ұлғаюымен сүйемелденеді. Осылайша, энергия 
үнемдеу Алматы қаласының өзекті міндеттерінің бірі болып табылады.
Энергия үнемдеу жөніндегі шараларды іске асыру қазіргі уақытта өнеркәсіпті, тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылықты және көлік секторын жаңғыртудың негізгі құралдарының бірі 
болып табылады. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды 
табысты іске асыру энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікті, сондай-ақ Алматы қаласы 
экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етеді.
2019 - 2026 жылдар аралығында "Алматы қаласын сыртқы жарықтандыруды жаңғырту" 
мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасын іске асыру жоспарлануда. Бүгінгі күні "Алматы 
қаласын сыртқы жарықтандыруды жаңғырту" МЖӘ жобасы бойынша конкурс өткізілді. Жоба 
шеңберінде:
- 2019 жылы 9 мыңға жуық шамды энергия үнемдеу және жарықдиодты жарықтандыруға 
ауыстыру жоспарланған болатын (5,9 мың жарықшам ауыстырылды);
- 2019 - 2026 жж. бастап 1375 км желі немесе 45829 шам, 42052 жарықшам, яғни 100% 
жаңғырту жоспарлануда.;
- тротуарлық аймақты жарықтандыру үшін 1253 дана қосымша шамдар орнату 
қарастырылған. 
2015-2020 жылдарға арналған Алматы қаласының энергияны үнемдеудің кешенді 
жоспары шеңберінде сыртқы жарықтандыру желілерін натрийлі жарықты көп тұтынатын 
шамдарды SMART жүйесін орнату мүмкіндігі бар заманауи шамдарға ауыстыру арқылы 
модернизациялау жүзеге асырылды. Бұл жүйе сыртқы жарықтандыруды басқаруды
автоматтандыруға, электр энергиясын тұтынуды 15 % дейін төмендетуге мүмкіндік береді. 2019 
жылы жаңғырту 7 негізгі көше бойында жүргізілді, оның ішінде. 5,9 мың шам ауыстырылды, 
148 км кабель тартылды, 4,8 мың жаңа тіректер орнатылды. 


305 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет