307
диоксиді - 2,6 ШРКс.с, азот диоксиді - 1,6 ШРКс.с, формальдегид - 1,4 ШРКс.с құрады, ауыр
металдар мен басқа ластаушы заттардың концентрациясы ШРК аспады. Ластаушы заттардың
максималды біржолғы концентрациясы: азот диоксиді – 9,5 ШРКм.р, қалқыма бөлшектер РМ2,5
– 6,3 ШРКм.р, күкірт диоксиді 157 - 4,0 ШРКм.р, қалқыма бөлшектер РМ10 – 3,5 ШРКм.р,
көміртегі оксиді – 3,2 ШРКм.р, азот оксиді – 1,8 ШРКм.р, қалқыма бөлшектер (шаң) - 1,8
ШРКм.р, фенол - 1,0 ШРКм.рқұрайды. Басқа ластаушы заттардың концентрациясы ШРК
аспады. Атмосфералық ауаның жоғары ластануы (ЖЛ) және экстремалды жоғары ластануы
(АЖЛ) жағдайлары анықталған жоқ.
160
Атмосфералық ауаның ластану мониторингінің ағымдағы деңгейі Алматы қаласындағы
атмосфераның ластану деңгейі мен көздері бойынша нақты жағдайды көрсету үшін жеткілікті
болып табылмайды.
Алматы қаласы статистика департаментінің деректері бойынша 2017 жылы стационарлық
ластану көздерінен атмосфералық ауаға зиянды заттардың
нақты шығарындылары 41,1 мың
тоннаны құрады (2017 жылға рұқсат етілген көлемі 66,011 тонна) және олардың деңгейі 2016
жылмен салыстырғанда 5,9%-ға өсті.
2018 жылы Алматы қаласы кәсіпорындарының стационарлық көздерінен атмосфералық
ауаға 43 мың тонна ластаушы заттар, ал 2019 жылы — 46,1 мың тонна шығарылды және ол
2018 жылмен салыстырғанда 9,3 %-ға артқан.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қоршаған ортаны қорғауға бағытталған
шығындары 2017 жылғы 4444,3 млн. теңгеге қарағанда 2018 жылы 4984,6 млн. теңгені құрады.
Табиғат қорғау шығындарының едәуір үлесі (95,4%) негізінен Алатау және Жетісу
аудандарының кәсіпорындары есебінен өнеркәсіп кәсіпорындарымен жүзеге асырылады.
Алматы қаласында атмосфераны ластаудың негізгі көзі автокөлік болып табылады.
Көліктен ластану көлемі оның санының көптігіне және қала автопаркінің біртіндеп тозуына
байланысты (пайдаланудағы машиналардың үлесі 7 жылдан астам, шамамен 75% немесе 400
мың бірлікті құрайды).
Бұл ретте, Статистика комитетінің деректері бойынша, Алматы
қаласындағы автомобильдер санының ең көп саны 2011 жылы - 525,7 мың бірлікті құраған,
2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Алматы қаласында 509 610 бірлік көлік
тілкелген, соның ішінде жеңіл автокөлік - 471100 бірлік, автобустар – 8315 бірлік, ауыр жүк
көлігі – 30195 бірлік (
2017 жылы – 518 мың бірлік,
01.12.2016 жылғы жағдай бойынша
Достарыңызбен бөлісу: