Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Биологиялық ресурстардың жай-күйі және орман, балық және аңшылық



Pdf көрінісі
бет92/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   243
 
Биологиялық ресурстардың жай-күйі және орман, балық және аңшылық 
шаруашылықтарының, ЕҚТА және экологиялық туризмнің дамуы 
Ақмола облысының әкімдігіне ведомстволық бағынышты мемлекеттік орман қорының 
орманмен қамтылған алқаптарының жалпы көлемі 223,8 га құрайды, 2018 жылға жоспар 
бойынша — 220,3 га. Облыс аумағының орманды жерлері-2,6%. Орман шаруашылығының 
негізгі капиталына инвестициялардың нақты көлем индексі 2018 жылға жоспар 101,7%–ды 
құрады. 
2018 жылы 1271 га алқапта орман екпелерін отырғызу жүргізілді, оның ішінде 825 га 
облыстық бюджет қаражаты есебінен, 35 га мекемелердің ақылы қызметтері бойынша, 411 га 


170 
ұзақ мерзімді орман пайдалануды жалға алушылар жүргізді. 510 га аумақта орманның табиғи 
жаңаруына жәрдемдесу жүргізілді.
Облыс әкімдігінің 13 орман шаруашылығы мекемелері бойынша жалпы алаңы 29,9 га, 
оның ішінде орман қазылған 23,3 га және 0,2 га орман емес орман өрттерінің 11 жағдайы 
тіркелді. Орман шаруашылығына залал 861,3 мың теңгені құрады. ЖАО қарамағындағы 
мемлекеттік орман қоры аумағындағы бір орман өртінің орташа алаңы 2,7 га құрады, 2018 
жылға жоспар бойынша – 9,5 га. 
Ақмола облысының аңшылық шаруашылығының аңшылық алқаптары 12,2 млн.га және 
524 балық шаруашылығы су айдындарын құрайды.
2018 жылы 78 табиғат пайдаланушыға 136 аңшылық шаруашылығы бекітілді (аңшылық 
алқаптары – 10 млн. га), бұл ретте резервтік аңшылық алқаптары – 2,2 млн. га құрайды.
Қазіргі 
524 балық шаруашылығы су айдындарының 390 су қоймасы мен учаскелері бекітіліп, 134 су 
айдыны бекітілмеген.
2019 жылы статистикалық деректер бойынша балық аулау және акваөсіру өнімдерінің 
(қызметтерінің) көлемі 131714,6 мың теңгені құрады, оның ішінде балық аулау – 129839,6 мың 
теңге, акваөсіру – 1875 мың теңге. 2019 жылы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер 521 тонна 
балық аулады, оның ішінде 166 тонна мөңке балық, 74 тонна тұщы су албұғасы, 59 тонна тұщы 
су ақтабаны, 55 тонна тұқы аулады. Балық аулаудың негізгі үлесі Бурабай (30,1%), Қорғалжын 
(16,7%), Зеренді (16,1%) аудандарына тиесілі. 22570 мың теңгеге балық аулауға жолдама 
сатылды. Саны - 39296 дана. Бурабай ауданының үлесіне барлық сатылған жолдамалардың 
63,7%, Зеренді – 22,4%, Аршалы – 7,7% келеді. Питомниктер мен басқа да су айдындарында бір 
жыл ішінде 16860,3 мың дана балық өсіру материалы өсірілді, бұл өткен жылмен 
салыстырғанда 5,8 мың данаға көп. Тауарлық балық пен құртшабақ өсіру бойынша су 
айдындарының жалпы ауданы 25,9 мың га құрады.
Тауарлық балықты және құртшабақты 
азықтандыруға арналған азықтың 20,4 тоннасы жұмсалды. 
Аймақтың бірегей флорасы мен фаунасын сақтауда және қалпына келтіруде ерекше 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет