167
құралдарымен қамтамасыз етілген. Қалаларда су жоғалту деңгейі 22,2% құрады. 2015 жылмен
салыстырғанда 7,3%-ға төмендеді.
2017 жылы тұрғын үй қорының
орталықтандырылған су тартумен қамтамасыз етілуі
60,9% (2014 жылы – 46,7%) құрады: қалалық жерлерде – 72,2% (2014 жылы – 67,5%), ауылдық
жерлерде – 51,2% (2014 жылы – 27,5%).
ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше,
кәріз желілерінің ұзындығы 2017 жылы
1048,4 км, 2018 жылы 1057,3 және 2019 жылы 1058,1 км құрады.
Кәріз желілерінің жалпы
ұзындығының 70% - дан астамы (2017 жылы 743,8 км, 2018 жылы 747,7 км және 2019 жылы
748,5 км) қалалық жерге келеді.
Облыс бойынша орталықтандырылған су тарту желілерімен 27 елді мекен қамтамасыз
етілді. Сонымен қатар тазарту құрылыстары тек Көкшетау, Степногорск,
Щучинск
қалаларында, сондай-ақ Қосшы және Ақмол ауылдарында бар. Қалған елді мекендерде ағынды
сулар сүзудің табиғи алаңдарына ағызылады. 2019 жылы тазартылған ағындардың үлесі 87,3%-
ға жетті.
Соңғы жылдары су тарту желілерін жөндеу және жаңғырту бойынша қабылданған
шаралар нәтижесінде салада учаскелер мен желілердегі апаттылық төмендеді: 2014 жылғы 19
бірліктен 2017 жылғы 9 бірлікке дейін, 2018 жылғы 10 бірліктен 2019 жылы 5 бірлікке дейін.
Биологиялық тазартудың толық тазарту құрылыстары Бурабай ауданының Көкшетау,
Степногорск, Щучинск қалаларында және Целиноград ауданының
Ақмол ауылында жұмыс
істейді. Алайда, Көкшетау, Степногорск қалаларында, сондай-ақ
Шантөбе және Аршалы
кенттерінде биологиялық және механикалық тазарту станциялары 70-80 жылдары салынған,
ғимараттардың тозуының үлкен пайызы бар, күрделі жөндеуді немесе толық ауыстыруды талап
етеді. 2017 жылы 238,8 км және 2018 жылы 359,7 км кәріз желілерін ауыстыру қажет болды.
Достарыңызбен бөлісу: