Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


ТДМ-ға қол жеткізудің проблемалары



Pdf көрінісі
бет10/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   243
ТДМ-ға қол жеткізудің проблемалары.
Суға байланысты проблемаларды шешу негізінен ТДМ 3.9 міндеті мен 2030 жылға 
дейінгі кезеңге арналған орнықты даму саласындағы күн тәртібінің 6-мақсаты бойынша 
жекелеген міндеттерге қатысты (1.1.5-кесте). 
Күн тәртібі-2030-да су ресурстары тұрақты даму саласындағы (ТДМ) әртүрлі 
мақсаттарға қол жеткізу үшін мойындалмаған, бірақ аса маңызды байланыстырушы 
факторладың бірі болып табылады. Осыған байланысты климат өзгерістеріне бейімделу 
бойынша шаралардың жоқтығы ТДМ 6 (Су ресурстары) қол жеткізуге қауіп төндіріп қана 
қоймай, сонымен бірге басқа да ТДМ көпшілігін іске асыру тәуекелдеріне ұшыратады. ТДМ 
13 (Климаттың өзгеруіне және оның салдарына қарсы күрес жөнінде шұғыл шаралар 
қабылдау) нақты міндеттері мен көрсеткіштері бар, бірақ 13-мақсатты Париж келісімінің 
мақсаттарымен байланыстыратын ресми механизм жоқ, мұның өзі күш-қимылдарды 
қайталауға әкеледі
17
.
3.9-міндет бойынша статистикалық байқаулар су арқылы берілетін аурулардың 
көрсеткіштері бойынша жүргізіледі (тырысқақ, іш сүзегі, жіті ішек инфекциялары). ЭҚНШ-3 
талдауы бойынша су арқылы берілетін ішек инфекцияларының жиілігі Қазақстанда көп емес. 
2010 ж., 2012 ж. және 2013 ж. су арқылы жұғатын жіті ішек жұқпасының бір рет таралуы 
тіркелді, ал 2011 жылы А вирусты гепатит сырқатының бір жағдайы тіркелді. 2017 жылы жіті 
ішек жұқпалары оқиғаларының 1,0%-да инфекция көзі ауыз су болды. Судың химиялық 
құрамы мен несеп шығару жүйесі ауруларының таралуы арасындағы себеп-салдарлық 
байланыс Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарында расталды. 
Алматы қ. және Нұр-Сұлтан қ. уролитиаздың едәуір өсуі басқа себептермен қатар ауыз судың 
жоғары минералдануымен және қатқылдығымен байланысты болуы мүмкін
18

Қазақстанның су және денсаулық проблемалары жөніндегі хаттамаға қосылуға 
дайындығы шеңберінде елде 30 мақсатты көрсеткіштер, оның ішінде су арқылы берілетін 
аурулар санының қысқаруына байланысты көрсеткіштер әзірленді. Ұсынылған көрсеткіштер 
15
https://3dnews.ru/1003417?from=related-grid-auto&from-source=1004693 
16
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы. Санитария және халықтың денсаулығын сақтау бойынша 
нұсқаулық [Guidelines on sanitation and health]. 2019 
17
Water and Climate Change, Paris, UNESCO 
18
Қазақстанның экологиялық қызметінің нәтижелілігіне үшінші шолу. БҰҰ ЕЭК. 2018 ж 


20 
арасында 5 - 9 көрсеткіштер мынадай аурулармен сырқаттану деңгейінің төмендеуін өлшеуге 
арналған: тырысқақ пен іш сүзек, жіті вирусты гепатит (6), дизентерия (7) және жіті ішек 
инфекциялары (8), сондай-ақ таралу ауқымы мен суға байланысты аурулар (9) 
жағдайларының қысқаруын өлшеуге арналған.
2017 жылы Қазақстан Трансшекаралық сулар жөніндегі конвенция шеңберінде 
баяндамалар ұсынудың бірінші раундына қатысып, Конвенцияны жүзеге асыру туралы 
Ұлттық баяндаманы және ТДМ 6.5.2 көрсеткішін ұсынды. Қазақстан 2017 жылы берген 
ақпаратқа сәйкес Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және 
пайдалану жөніндегі Конвенцияға сәйкес және 6.5.2 жаһандық көрсеткіш үшін есептілік 
шеңберінде 
(су 
пайдалану 
саласындағы 
ынтымақтастық 
туралы 
қолданыстағы 
уағдаластықтармен қамтылған трансшекаралық су бассейндерінің үлесі) Қазақстанда су 
ынтымақтастығы туралы қолданыстағы уағдаластықтармен қамтылған трансшекаралық 
бассейндер алаңының үлесі 73% құрайды. Қазақстанның басқа елдермен бөлетін барлық жер 
үсті сулары трансшекаралық сулар туралы келісімдермен қамтылған, бірақ 15 
трансшекаралық су тұтқыш қабаттардың ешқайсысы қандай да бір келісіммен қамтылмаған. 
ТДМ 6 бойынша қазіргі уақытта Қазақстанда 6.3.1, 6.4.2, 6.5.1, 6.6.1 және 6.b.1 
көрсеткіштеріне ұқсас бірқатар көрсеткіштер бақыланбайды. Бұл осындай көрсеткіштер үшін 
бекітілген әдіснаманың болмауына байланысты. Бұл көрсеткіштер Қазақстан үшін өте 
маңызды болып саналады.
6.1 және 6.2-міндеттері бойынша Қазақстанда ақпарат жеткілікті көлемде жиналады, 
бірақ ЭҚНШ-3 Қазақстанға су сапасына қатысты деректер жинауды кеңейтуді және су 
ресурстары мен санитарияға тең қол жеткізудің гендерлік аспектілері бойынша зерттеулер 
жүргізуді ұсынады. Сонымен қатар, ЭҚНШ-3-те капитал салымдарының қазіргі деңгейінде 
2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында қойылған нысаналы көрсеткіштердің 
орындалуы мүмкін екендігіне күмән келтірілген (2025 жылға қарай қалаларда 100% 
деңгейінде және ауылдық аудандарда 80% деңгейінде орталықтандырылған сумен қамтамасыз 
етуге қол жеткізу)
19

1.1.5-кесте. Суға байланысты ТДМ қол жеткізу проблемалары
ТДМ мақсаттары мен 
міндеттері 
Халықаралық 
көрсеткіштер 
Қазақстандағы 
көрсеткіш 
Жетістіктің 
проблемаларыны
ң болуы 
Көрсеткіштерді 
жүргізу қажеттілігі 
ТДМ 3 Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жаста жаппай қолайлы жағдай жасау
3.9ю 
міндеті 
2030 
жылға қарай қауіпті 
химиялық 
заттардың 
әсері 
мен 
ауаның, 
судың 
және 
топырақтың ластануы 
мен 
улануы 
нәтижесінде өлім мен 
ауру жағдайларының 
санын 
айтарлықтай 
қысқарту 
3.9.2 
(қауіпсіз 
судың, 
қауіпсіз 
санитарияның және 
гигиенаның 
болмауынан 
болатын өлім-жітім
(сумен жабдықтау, 
санитария 
және 
гигиена саласында 
қауіпсіз 
қызметтердің 
болмауынан)) 
Тікелей 
көрсеткіштер 
жоқ. 
Су 
арқылы 
берілетін
(тырысқақ, 
іш 
сүзегі, жіті ішек 
инфекциялары) 
сырқаттанушыл
ық көрсеткіштері 
қадағаланады) 
Тырысқақпен 
және 
іш 
сүзегімен, жіті 
вирустық 
гепатитпен, 
дизентериямен 
және жіті ішек 
инфекцияларым
ен 
сырқаттанушыл
ық 
деңгейін 
төмендету, 
сондай-ақ 
тұтану ауқымын 
және 
сумен 
байланысты 
аурулар 
жағдайларын 
азайту қажет. 
Қауіпті 
химиялық 
заттардың әсері және 
ауаның, судың және 
топырақтың 
ластануы мен улануы 
нәтижесінде қайтыс 
болу 
және 
ауру 
жағдайларының саны 
19
Қазақстанның экологиялық қызметінің нәтижелілігіне үшінші шолу. БҰҰ ЕЭК. 2018 ж 


21 
ТДМ 6. Су ресурстарының бар болуын және ұтымды пайдалануды және барлық адамдар үшін санитарияны 
қамтамасыз ету
6.1-міндет. 2030 жылға 
қарай барлық адамдар 
үшін қауіпсіз және 
қымбат емес ауыз суға 
жалпыға бірдей және 
тең 
құқықты 
қол 
жеткізуді қамтамасыз 
ету 
6.1.1 
Қауіпсіздік 
талаптарын сақтай 
отырып 
ұйымдастырылған 
сумен 
жабдықтау 
қызметтерін 
пайдаланатын 
халықтың үлесі 
Қазақстан 
Республикасынд
а қалалар мен 
ауылдарды 
орталықтандыры
лған 
сумен 
жабдықтаумен 
қамтамасыз ету 
Қаржыландыруд
ы ұлғайту керек 

6.2-міндет. 2030 жылға 
қарай 
тиісті 
санитарлық-
гигиеналық құралдарға 
жалпыға бірдей және 
тең 
құқықты 
қол 
жеткізуді қамтамасыз 
ету және әйелдер мен 
қыздар 
мен 
нашар 
жағдайдағы 
адамдардың 
қажеттіліктеріне 
ерекше назар аудара 
отырып, 
ашық 
дефекацияны жою. 
6.2.1 
Сабынмен 
және сумен қол 
жууға 
арналған 
құрылғыларды қоса 
алғанда, қауіпсіздік 
талаптарын сақтай 
отырып 
ұйымдастырылған 
санитария 
қызметтерін 
пайдаланатын 
халықтың үлесі 
Қалалар 
мен 
ауылдық 
жерлердегі кәріз 
желілерінің 
ұзындығы 
Қаржыландыруд
ы ұлғайту керек 

6.3-міндет. 2030 жылға 
қарай 
ластануды 
азайту, 
қалдықтарды 
төгуді 
жою 
және 
қауіпті 
химиялық 
заттар мен материалдар 
шығарындыларын 
барынша 
азайту, 
тазартылмаған 
сарқынды 
сулардың 
үлесін екі есе қысқарту 
және 
бүкіл 
әлемде 
сарқынды 
суларды 
рециркуляциялау және 
қауіпсіз 
қайта 
пайдалану 
ауқымын 
едәуір ұлғайту арқылы 
судың сапасын арттыру 
6.3.1 
қауіпсіз 
тазартылатын 
ағынды судың үлесі 
6.3.2 
Суының 
сапасы жақсы су 
айдындарының 
үлесі 
Қалалар 
мен 
ауылдық 
жерлердегі 
сарқынды суың 
саны, 
оның 
ішінде 
тазартылған 
сарқынды судың 
саны 
Суының сапасы 
жақсы 
су 
айдындарының 
үлесі 
Қаржыландыруд
ы ұлғайту керек 
Халықаралық 
өлшемдерге 
сәйкес 
суының 
сапасы 
жақсы 
су
қоймаларының үлесі 
6.4-міндет. 2030 жылға 
қарай 
барлық 
секторларда 
су 
пайдаланудың 
тиімділігін 
айтарлықтай арттыру 
және судың жетіспеуі 
мен судың жетіспеу 
проблемасын 
шешу 
үшін 
тұщы 
суды 
тұрақты алу мен беруді 
қамтамасыз ету және су 
тапшылығынан зардап 
шегетін 
адамдар 
санының 
едәуір 
қысқаруы 
6.4.1 Су пайдалану 
тиімділігінің өзгеру 
динамикасы 
6.4.2 
Су 
ресурстарына 
жүктеме 
деңгейі: 
тұщы суды қолда 
бар 
тұщы 
су 
қорларына 
пайыздық қатынаста 
алу 
Экономикалық 
қызмет түрлері 
бойынша 
су 
пайдалану 
тиімділігінің 
өзгеру 
динамикасы 
Сала 
бойынша 
тұщы су алу 
Мониторинг 
қажет 
Жоқ
6.5-міндет. 2030 жылға 
қарай 
барлық 
деңгейлерде, 
оның 
ішінде қажет болған 
6.5.1 
Су 
ресурстарын 
кешенді басқаруды 
енгізу дәрежесі (0-
Қазақстанда 
қазірдің өзінде 
бассейндік 
басқару 
Жоқ
Жоқ


22 
жағдайда 
трансшекаралық 
ынтымақтастық 
негізінде 
су 
ресурстарын 
кешенді 
басқаруды қамтамасыз 
ету 
ден 100-ге дейін) 
6.5.2 Су пайдалану 
саласындағы 
ынтымақтастық 
туралы 
қолданыстағы 
уағдаластықтармен 
қамтылған 
трансшекаралық су 
бассейндерінің 
үлесі 
енгізілген. 
Су 
пайдалану 
саласындағы 
ынтымақтастық 
туралы 
қолданыстағы 
уағдаластықтарм
ен 
қамтылған 
трансшекаралық 
су 
бассейндерінің 
үлесі 
6.6-міндет. 2020 жылға 
қарай 
сумен 
байланысты 
экожүйелерді, 
оның 
ішінде 
тауларды, 
ормандарды, 
сулы-
батпақты алқаптарды, 
өзендерді, 
сулы 
қабаттар мен көлдерді 
күзетуді және қалпына 
келтіруді қамтамасыз 
ету 
6.6.1 
Сумен 
байланысты 
экожүйелер 
ауданының өзгеру 
динамикасы 
Су 
қоры 
жерлерінің 
алаңы 
Мониторинг 
қажет 
Жоқ
6.a-міндет. 2030 жылға 
қарай жер үсті ағынын 
жинауды, 
суды 
тұщыландыруды, суды 
пайдаланудың 
тиімділігін арттыруды, 
сарқынды 
суларды 
тазартуды 
және 
рециркуляция 
және 
қайта 
пайдалану 
технологияларын 
қолдануды 
қоса 
алғанда, 
сумен 
жабдықтау 
және 
санитария саласындағы 
қызмет 
пен 
бағдарламаларды 
жүзеге 
асыруда 
дамушы 
елдердің 
әлеуетін нығайту ісінде 
халықаралық 
ынтымақтастықты 
және қолдауды кеңейту 
6.a.1 Үйлестірілетін 
шығыстардың 
мемлекеттік 
бағдарламасы 
шеңберінде сумен 
жабдықтау 
мен 
санитарияға 
бөлінген 
даму 
мақсатындағы 
ресми 
көмектің 
көлемі 
Қазақстан 
бойынша алушы 
ретінде 
және 
донор 
ретінде 
деректер 
бақыланады 
Мониторинг 
қажет 
Жоқ 
6.b-міндет. 
Су 
шаруашылығы 
мен 
санитарияны 
жақсартуға жергілікті 
қауымдастықтардың 
қатысуын қолдау және 
нығайту 
6.b.1 Су ресурстары 
мен 
санитарияны
басқаруға 
азаматтардың 
қатысу 
ережелері 
мен 
рәсімдері 
қолданылатын 
жергілікті әкімшілік 
бірліктердің үлесі 
Қазақстанның 
барлық 
аумағында 
азаматтар 
мен 
қоғамдық 
ұйымдарды 
тарта 
отырып, 
бассейндік 
кеңестер жұмыс 
істейді 
Жоқ 
Жоқ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет