Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Қоршаған ортаның жай-күйі, ауа мен судың ластану көлемінің қысқаруы



Pdf көрінісі
бет106/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   243
Қоршаған ортаның жай-күйі, ауа мен судың ластану көлемінің қысқаруы.
Облыста экологиялық ластанудың төмен деңгейі байқалады. Алайда, әуе бассейнінің 
техногендік ластануының және іргелес аймақтардағы ауыл шаруашылығы алаңдарының 
тозуының негізгі көздерінің бірі ретінде Алматы қаласы экологияға айтарлықтай әсер етеді. 
2017 жылы атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының көлемі 2015 жылғы 
деңгейге қарағанда 21,2%–ға төмендеді, оның ішінде сұйық және газ тәрізді заттар 26,8%–ға 
төмендеді, алайда қатты заттар 0,89%-ға, күкіртті ангидрид-0,94%-ға және азот тотығы-13,2%-
ға ұлғайды. Бұл ретте Алматы қаласының АӨК АҚ (ЖЭО-2, ЖЭО-3) жылу кешені орналасқан 
Қарасай және Іле аудандары барынша ластанған болып қалуда, олардың үлесіне 
шығарындылардың жалпы көлемінің 70%-ы келеді.
2018 жылы рұқсат етілген шығарындылардың саны 0,129 млн.тоннаны құрады. 
2019 жылы Алматы қаласындағы ЖЭО-3 шығарындыларын есепке алу есебінен жалпы 
шығарындылар 48,1 мың тоннаға дейін төмендетілді. 
2017 жылы облыстық бюджеттен бөлінген - 9,2 млн. теңге 2018 жылы 23 мамырдағы 
Облыстық мәслихаттың 2017 - 2021 жылдарға арналған Алматы облысы бойынша қоршаған 
орта сапасының мақсатты көрсеткіштері жөніндегі (ҚОСМК) №31-163 шешімімен әзірленді 
және бекітілді.
Аймақта қоршаған орта сапасының нормативтеріне кезең-кезеңімен қол жеткізу 
мақсатында, сондай-ақ қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына экологиялық қауіпті 
төмендету мақсатында Алматы облысы бойынша 2018-2021 жылдарға арналған қоршаған орта 
сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп
бекітілді, ол барлық мүдделі органдар мен кәсіпорындарға орындау үшін жіберілген.
Алматы облысы бойынша 2019 жылы ҚОСМК қол жеткізу мақсатында келесі жұмыстар 
жүргізілді: 
1. 5,4 млн. теңге сомасына мониторингтік нүктелердегі атмосфералық ауа, жер үсті 
сулары, топырақ және гамма-фон сапасының мониторингі; 
2. Текелі қаласы үшін 1,7 млн. теңге сомасына шекті рұқсат етілген шығарындылар 
жобасын әзірлеу. 
Жүргізілген өлшеулердің нәтижелері бойынша (жазғы және күзгі кезеңдерде 2 рет) Текелі 
қаласындағы топырақ-өсімдік жамылғысын талдау деректері бойынша мырыштың шекті рұқсат 
етілген концентрациясы көрсеткішінің нормативтік көрсеткіштен 2 есе артуы анықталды. 
Текелі қаласында 1965 жылдан бастап Текелі қорғасын-мырыш комбинатына тиесілі қорғасын-
мырыш кендері қалдықтарының қалдық қоймасы жұмыс істеді, осыған байланысты мырыш 
көрсеткішінен асып кетті. Қазіргі уақытта "Текелі тау-кен өңдеу кешені" ЖШС-мен өндірістік 
қызметті техникалық қайта жарақтандыруға байланысты қалдық қоймасына Өндірістік 
қалдықтар жіберілмейді. Осы экологиялық проблеманы шешу мақсатында облыс әкімдігі 


189 
Текелі қалдық қоймасы топырағының құнарлылығын қалпына келтіру бойынша іс-шараларды 
іске асыруда. 
2017, 2018 және 2019 жылдары жер үсті суларының ластануын бақылау Алматы 
облысының аумағында 33 су объектісінде жүргізілді.
Жер үсті суларының негізгі ластаушылары өнеркәсіптік және өндірістік коммуналдық 
кәсіпорындар болып табылады, ағынды сулардың өсуі байқалады.
2018 жылы рұқсат етілген төгінділер саны осындай жоспарда 0,170 млн.тоннаны құрады.
Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық және 
экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында су объектілері мен су 
шаруашылығы құрылыстарының су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленеді. 2018 жылы 
облыстың 5 өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің жобалық-сметалық құжаттамасы 
әзірленді. Балқаш көліне дейінгі ағыстардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін Іле 
өзенінің атырауы Топар ағысын механикаландырылған тазарту және Балқаш ауданының Қарой 
ауылын су басу қаупіне байланысты Мұздыбай ағысының бөгетін орнату жұмыстары 
жүргізілді. 
2017 жылы облыстық бюджеттен бөлінген - 9,2 млн. теңге 2018 жылы 23 мамырдағы 
Облыстық мәслихаттың 2017-2021 жылдарға арналған Алматы облысы бойынша қоршаған 
орта сапасының мақсатты көрсеткіштері жөніндегі (ҚОСМК) №31-163 шешімімен әзірленді 
және бекітілді.
Аймақта қоршаған орта сапасының нормативтеріне кезең-кезеңімен қол жеткізу 
мақсатында, сондай-ақ қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына экологиялық қауіпті 
төмендету мақсатында Алматы облысы бойынша 2018-2021 жылдарға арналған қоршаған орта 
сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, 
бекітілді, ол барлық мүдделі органдар мен кәсіпорындарға орындау үшін жіберілген.
2018 жылғы 29 желтоқсандағы № KZ61VCY00146038 "Алматы облысының қоршаған 
орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу" жобасына мемлекеттік экологиялық 
сараптаманың оң қорытындысы алынды.
2018 - 2021 жылдарға арналған Алматы облысы бойынша ҚОСМК қол жеткізу жөніндегі 
іс-шараларды іске асыру мақсатында облыстың табиғат қорғау іс-шаралар жоспары шеңберінде 
ағымдағы жылы келесі іс-шаралар іске асырылуда: 
1) Бағдарламада белгіленген мониторингтік нүктелерде атмосфералық ауаның, жер үсті 
су айдындарының, топырақтың және фон гаммасының сапасының мониторингі;
2) Текелі қаласы үшін шектеулі рұқсат етілетін шығарындылардың жобасын әзірлеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет