185
га) жеткізілді. 2018 жылы 4 нысанның күрделі жөндеуі аяқталды, 1070 гектар қалпына
келтірілді және 7192 гектар сумен қамтамасыз ету жақсарды. 2019 жылы Ислам даму банкінің
қаражаты есебінен суару желілерін қайта жаңарту Ескелді (1,5 млрд.теңге)
және Ақсу
ауданында (5,3 млрд. теңге) жүргізілуде, Панфилов, Ұйғыр, Қарасай аудандары мен
Талдықорған қаласы бойынша ЖСҚ әзірленді. Сонымен қатар 7 аудан бойынша (Балқаш,
Жамбыл, Іле, Қаратал, Райымбек, Сарқан, Талғар) жобалар әзірленуде.
Халықаралық қаржы
ұйымдарының қаражаты есебінен барлығы 137,8 мың га жер қалпына келтіріледі. Көлемі 81,8
мың гектар жаңа суармалы жерлерді айналымға тарту мақсатында жаңа суару желілерін қайта
жаңарту және салу, жаңа су қоймаларын (жхр) салу жоспарлануда. Ауданы 81,8 мың гектар
жаңа суармалы жерлерді айналымға тарту мақсатында жаңа суару желілерін қайта жаңарту
және салу, жаңа су қоймаларын (Ақсу
ауданының Биен су қоймасы, Сарқан ауданының
Покатиловское су қоймасы, Ұйғыр ауданының Кіші Дихан және Тигермен су қоймалары) салу
және апатты су қоймалары (Ақсу ауданының Қызылағаш су қоймасы) мен тоғандарды қалпына
келтіру жоспарлануда.
2019 жылы ресурс үнемдеу технологиясы 166 мың га пайдаланылды. Жыл басынан бері
9,2 млрд.теңгеге 760 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, машина-трактор
паркін жаңарту деңгейі 6,4%-ға дейін жеткізілді. 164 бірлік арнайы техника (қант қызылшасы
бойынша 5, картоп бойынша 1)
беріле отырып, 6 СДО құрылды. Жалпы ауданы 96 га
жылыжай жұмыс істейді (2015 жылы – 53,5 га, 2017 жылы — 89,2 га), 2,7 га 3 жылыжай
пайдалануға берілді.
Облыста суармалы жерлердің жалпы көлемі 579,9
мың га құрайды, оның ішінде егістік-
473,6 мың га.
Суару көздерінен су алуды, оны шаруашылыққа беруді 356 гидротехникалық
құрылыстар жүргізеді. Жалпы жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жыл сайын шамамен 2,0 мың
гектар суармалы жер қалпына келтірілуде.
Облыстық бюджет есебінен суару жүйелерін паспорттау жүргізілді. Барлық ирригациялық
желілердің ұзындығы 16780 км (республикалық меншікте – 6781 км, коммуналдық меншікте-
4345 км, жеке меншікте-5653 км). Соңғы екі жылда 8,1 мың км иесіз суару арналары
коммуналдық меншікке қабылданды.
Мал шаруашылығы ет-сүт
мал шаруашылығына, қой шаруашылығына, жылқы
шаруашылығына, түйе шаруашылығына, өнеркәсіптік құс шаруашылығына маманданған.
Асыл тұқымды ірі қара мал басының үлесі 18,8%–ға дейін (2017 жылы – 18,5%), қой – 22,9%-ға
дейін (22,7%), жылқы-15,4%-ға дейін (15,3%) өсті. 2019 жылы ІҚМ ұрғашы малы 37,4%
тұқымдық түрлендірумен қамтылды.
Облыстың жем-шөп базасының негізін жайылымдар мен шабындықтар, далалық жем-шөп
өндірісі құрайды. 2017 жылы мал азығы дақылдары 244,6 мың гектарға дейін кеңейтілді).
Жайылымдар көлемі 7113,6 мың га құрайды, оның ішінде жақсартылған – 33,6 мың га,
суланған-5857,7 мың га. Табиғи жайылымдар құрамындағы жайылым айналым үлесі 28,8%
құрады. Жайылымдарды суландыру үшін құрылыс-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
2017 жылға жайылымдарды суландыру бойынша іс-шаралар жоспары шеңберінде 150 құдық
(ұңғыма) салынды немесе жоспарға 103%.
2019 жылы 286 құдық жаңғыртылды.
2018-2019 жылдары облыс бойынша барлық
ауыл шаруашылығы жерлеріне аудит
Достарыңызбен бөлісу: