Жылуменжабдықтау. Оңтүстік Қазақстан облысында жылумен жабдықтау 7
орталықтандырылған жылу көзінен жүзеге асырылды: ЖЭО-3 және Шымкент қаласындағы
"160 Гкал" қазандығы, Кентау қаласындағы ЖЭО-5, Түркістан, Арыс, Леңгір, Сарыағаш
қалаларындағы орталық қазандықтар. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы 610,1 км құрайды,
оның ішінде: Шымкент - 421,7 км, Кентау - 155 км, Түркістан - 17,5 км, Арыс - 9,9 км, Ленгер -
2,8 км, Сарыағаш - 3,2 км. 2392 көп қабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылумен
қамтамасыз етіледі.
2017 жылы ОҚО бойынша 1450,3 мың Гкал және Түркістан облысы бойынша 2018 жылы
324,2 мың Гкал, 2019 жылы 318,2 мың Гкал жылу энергиясы өндірілді. Жылу энергиясының
шығыны 2017 жылы – 288,4 мың Гкал, 2019 жылы — 36,3 мың Гкал құрады.
Қазіргі уақытта Түркістан облысын жылумен жабдықтау 5 орталықтандырылған жылу
көзінен жүзеге асырылады: Кентау қаласындағы №5 ЖЭО, Түркістан, Арыс қалаларындағы
орталық қазандықтар, Төлеби ауданының Ленгір қаласындағы, Сарыағаш ауданы Сарыағаш
қаласындағы. Түркістан облысы бойынша жылу желілерінің жалпы ұзындығы 188,4 км, оның
ішінде: Кентау - 155 км, Түркістан - 17,5 км, Арыс - 7,9 км, Леңгір - 4,8 км, Сарыағаш - 3,2 км.
544 көп қабатты тұрғын үй жылумен қамтамасыз етіледі. Облыста жылумен жабдықтаудың
1032 шағын көзі бар, оның ішінде қуаты 3 Гкал/сағ - 885 бірлік, 3 – тен 10 Гкал/сағ - 147 бірлік.
2019 жылы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 187,5 км құрады, оның ішінде тозығы
жеткен — 42,0 км (22,4%), ауыстыруды қажет етеді — 19,9 км (10,6%).
Газбен жабдықтау. 01.01.2018 жылға облыс бойынша 844 елді мекеннің 344 елді мекені
(40,8%) немесе 1819681 (64,0%) тұрғындары табиғи газбен қамтылған. 2017 - 2020 жылдар
кезеңінде облыстың елді мекендерін газдандыру бойынша кешенді іс-шаралар жоспары
әзірленді
Жоспарға сәйкес, 2021 жылға қосымша 383 елді мекенді газдандыру жоспарланған
(960195 тұрғын). Нәтижесінде 01.01.2021 жылға табиғи газбен қамтамасыз ету 683 м.т. (80,9%)
немесе 2715501 тұрғынға (95,6%) жетеді.
Осы мақсатта 2018 жылы облыстық бюджеттен 66 елді мекенді газдандыруға 16,1
млрд.теңге бөлінді.
Бұдан басқа, 2050 жылға дейін облыс экономикасының барлық секторларын табиғи газбен
қамтамасыз ету бойынша стратегиялық шешім үшін 15 автоматты газ тарату станциясының
(АГТС) құрылысы жоспарланған.
Облыстың газбен қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар-іс-шараларын іске асыра
отырып, аудандар мен қалалардың барлық тұрғындары және облыстың 8 ауданындағы 900
290
мыңнан астам тұрғын ешқашан көгілдір отын болмаған жағдайда табиғи газбен толық
қамтамасыз етілетін болады.
Түркістан облысы Өзбекстан Республикасының "Газли-Шымкент" магистральдық газ
құбырынан және отандық "Бейнеу-Бозай-Шымкент"газ құбырынан табиғи газбен қамтамасыз
етіледі. Облыстың табиғи газға жылдық қажеттілігі 1,0 млрд. м
3
құрайды.