Жоспар Кіріспе Автокөліктің қоршаған ортаға әсері Автомобильден шыққан газбен ауаның ластануы



бет1/3
Дата01.11.2023
өлшемі25,94 Kb.
#121378
  1   2   3
Байланысты:
урбо


Жоспар

Кіріспе
1.Автокөліктің қоршаған ортаға әсері
2.Автомобильден шыққан газбен ауаның ластануы
3.Автотранспорттан атмосфераға шығатын шығарындылар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Автокөліктердің пайдаланған газдары атмосфераның төменгі қабатына түсіп, адамның тыныс жолдарына әсер етеді. Мысалы, қалада 500мыңға жуық автокөлік бар. Оның әрқайсысы 1кг бензин жағу үшін 200л оттегін қолданады. Бұл дегеніміз– адамның бір тәулікте жұтатын оттегінің көлемінен де жоғары. Орта есепке шаққанда автокөлік жылына 15мың шақырым жүргенде 1,5-2т жанар–жағармай және 20-30т оттегін жағады. Автокөліктердің шығарымды газдары 200заттық тектердің қоспасы. Шығарымдылардың құрамына азот, оттегі, диоксид көміртегі және судан басқа оксид көміртегі, көмірсутегі, азотпен күкірт диоксидтерінің зиянды қосындылары, сонымен қатар бетінде тұйықты көмірсутектер адсорбцияланатын қатты бөлшектер, ал олардың бірқатары канцерогенді қасиеттерге ие. Автокөліктердің қозғалтқышындағы жанармайдың толық жанып кетпегендігінен көмірсутегінің бөлшектері шайыр тектес зат тектері бар күйге айналады. Автокөліктердің пайдаланған газдарында зиянды заттардың көп болу себебі – автокөліктердің төмен техникалық дейгейі, ескілігі, қозғалтқыштардағы ақауларды анықтау құралдарының жоқтығына байланысты. Қоршаған ортада автокөліктерді пайдаланған газдарының шығарымдыларын реттеу керек. Ол– халықаралық стандарттарға көшіп, еліміздің жолдарында автокөліктерді пайдалануы өркениетті деңгейге жеткізуге жол беру, шығарымды газдарды қосымша тазалау атмосфераны тазартуға көп үлес қосады. Елбасымыздың айтуынша, 2015 жылға дейін Алматыдағы автокөліктер газбен жүруі тиіс. Бензинге қарағанда газ таза әрі өте арзан.
1.Автокөліктің қоршаған ортаға әсері

Автомобильден жанып шыққан газдың кұрамындағы улы заттар (көмір қышқыл тотығы,азот тотығы,көмірсутегі т.б.) атмосфераға тарап, адам организмін уландырып, кей жағдайларда қатерлі ісік ауруларына шалдықтырады.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — күрделі және каржыны көп талап ететін шара. Оны аймақ, қала немесе автопарк деңгейінде шешу үшін кешенді экологиялық максатты жоспар жасалуға тиіс. Ол жоспар автопарктің көздеген мақсатының орындалуын қамтамасыз етуі кажет. Экологиялық тазалықты сақтаудың бір жолы: автомобильдің техникалық жағдайын жақсарту; экологиялық талаптарға сай жанармай пайдалану; жұмыс істеген майларды, аккумуляторды зиянсыздандыру т.б. Экологиялық жағдайды түзеу үшін арнаулы мемлекеттік стандартты орындау қажет. Автомобиль көліктері қоршаған ортаға екі жолмен әсер етеді: біріншіден, автомобиль көліктерінің қоршаған ортаға тікелей әсер етуі; екіншіден, жанама әсер етуі. Автомобиль көліктерінің қоршаған ортаға тікелей әсер етуі — ол жанар-жағармайдың жерге ағуы, жұмыс істеген газдың істен шығуы, ыдыстағы жанармайдың булануы, шаң, шинаның желінуі, жағымсыз дыбыстың шығуы, діріл, адам организміне жарақат түсіруі. Мысалы, 15-20 жыл аралығында АҚШ және басқа да өркендеген елдерде экологиялық таза жа- нармай қолдану жоспарлануда, ол - сутегіні қолдану. Автокөліктердің адамға жанама әсер етуі-ол энергетикалық қорды пайдалану; материалдық қорды пайдалану; жер қорын пайдалану; адам қорын пайдалану. Өркендеген елдерде автокөліктердің энергетикалық қорды пайдалану бөлігі 12-17% құрайды. АҚШ-та материалдық қорды пайдалану:болат-20%, алюминий-20%, қорғасын-50%, цинк-35% т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет