294
2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қызметтердің ең көп көлемі Шымкент
қаласында (72,2%), Түлкібас ауданында (8,45%), Түркістан қаласында (4,3%) және Төлеби
ауданында (4,17%) көрсетілген.
2018 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша Түркістан облысына келген туристер
саны 24876 адамды құрап, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (23322 адам) 10,7%-ға
өсті, оның ішінде ішкі туризм бойынша туристер саны 23948 адам, өткен жылмен
салыстырғанда өсім (21901 адам) 9,3%-ды құрайды.
2018 жылдың І тоқсанында орналастыру орындарының мәліметтері бойынша Түркістан
қаласына келушілер саны 5648 адамды, Отырар ауданына 7166 адамды, Сарыағаш ауданына
2733 адамды құрады.
Облыста әр ауданның 1, 2 және 3 күндік туристік бағыттары әзірленді. Туристік
маршруттарға тарихи және табиғи бағыттағы 84 нысан енгізілді. Өз кезегінде туристерге
жайлылық жасау мақсатында қажетті инфрақұрылым (кірме жолдар, көрсеткіштер,
дәретханалар) бойынша талдау жүргізілді.
"TURKISTAN" АЭА-ның қызметі туризм инфрақұрылымын белсенді дамытуға, сондай-ақ
Түркістан қаласының жаңа әкімшілік орталығының инфрақұрылымын жедел дамытуға
бағытталған.
АЭА басым бағыттары:
- туризм;
- құрылыс;
- өнеркәсіп.
Осы бағыттарды дамыту қажеттілігі Түркістан қаласын халықаралық туризм және тәуап
ету объектісі ретінде ілгерілетудің, жаңа әкімшілік орталықты дамытудың, сондай-ақ құрылыс
материалдары өндірісін дамытудың бірінші кезектегі міндеттеріне негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: