297
2018 жылы жеке инвестор есебінен "Траспортауэрс" ғимаратында жарықдиодты
жарықтандыруды ауыстыру бойынша бірінші энергосервистік МЖӘ жобасын іске асыру
аяқталды. Жарықтандыруды ауыстыруға тартылған инвестициялардың жалпы сомасы 34,5 млн.
теңгені құрады. Осы жобаны іске асыру барысында осы ғимараттың барлық қабаттарында
жарықдиодты шамдарға ауыстырылды, қозғалыс датчиктері орнатылды. Жобаны іске асыру
нәтижесінде осы ғимараттың энергия тұтынуын бастапқы (жобадан кейінгі) деңгейден 52%
мөлшерінде үнемдеуге қол жеткізілді. Жыл қорытындысы бойынша энергия үшін төлемді
күтілетін үнемдеу шамамен 10 млн. теңгені құрайды.
Энергия үнемдеу бойынша іс-шаралар нәтижесінде 2017 жылы жұмсалған электр
энергиясының бір киловатт-сағатқа есептегенде 1681,5 мың теңге ЖӨӨ өндірілді, бұл 2013
жылға қарағанда 1,3 есе артық.
Сондай-ақ "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрландырудың 5
негізгі бағыты анықталды. Бұл-қауіпсіздікті, денсаулық сақтауды, білім беруді, ТКШ мен
көлікті цифрландыру
.
Астана әкімдігі IDC халықаралық агенттігімен (International Data Corporation) бірлесіп
білім беру, денсаулық сақтау, көлік, ТКШ, қауіпсіздік және Мемлекеттік қызметтерді
цифрландыру мәселелері бойынша әкімдіктің салалық басқармаларына талдау жүргізді.
Жоғарыда көрсетілген жұмыстың қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы IDC
компаниясының нұсқасы бойынша "ақылды" қалалардың халықаралық рейтингісіне енгізілді.
Нұр-Сұлтан қаласын зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстанның астанасы 2.48 баллға жетті.
Әлемнің кейбір қалаларының жетілу деңгейі: 4.4-Сингапур, 3.7-Нью-Йорк, 3.6-Дубай, 3.2-
Барселона, 3.1-Мәскеу.
Достарыңызбен бөлісу: