Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет220/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   243
Жылумен жабдықтау. Алматы қаласының жылумен жабдықтау жүйесі қаланың 
инженерлік инфрақұрылымының ең күрделі жүйелерінің бірі болып табылады. Қалада жылу 
өндірісінің негізгі көзі көмір болып табылады. Сонымен, ЖЭО-2 және ЖЭО-3–тегі көмір үлесі-
99,4%. 2017 жылдан бастап ЖЭО-1 толығымен табиғи газ бен мазутты жағуға ауыстырылды. 
Жалпы, 2017 жылғы мәліметтер бойынша қатты және сұйық отын өндірісі 70%-ды құрайды.
Жалпы Алматы қаласында 149 қазандық бар, оның 83-іне "Алматыжылукоммунэнерго" 
ЖШС қызмет көрсетеді (83 қазандықтың 9-ы ірі, 74-і шағын аудандық. 80 қазандықта негізгі 
отын газ, көмірмен 1 қазандық (Шелехова), мазутпен 1 ("Алатау" шипажайы), электр қуатымен 
1 ("Медеу") және білім беру (50 бірліктің - көмірмен 1, дизель отынымен 14, газбен 35) және 
денсаулық сақтау объектілерінде 66 автономды қазандық (16 бірліктің– дизель отынымен 2, 
газбен 14) жұмыс істейді).
Қаланың барлық қазандықтарын газбен жылытуға көшіру жоспарлы түрде жүргізілуде. 
2017 жылы Алматы қаласы бойынша жылу желілерінің жалпы ұзындығы 1192,7 км 
құрады.
2015-2017 жылдар аралығында шамамен 51,36 км жылу желісі қайта жаңартылды. 
Бүгінгі күні жылу желілерінің жалпы ұзындығы 
1241,4 км құрайды, оның ішінде 
магистралдық жылу желісі - 282,43 км, таратушы желі - 958,96 км. 25 жылдан (нормативтік 
пайдалані мерзімі) астам мерзіммен жұмыс істеп тұрғаны 758 км құрайды немесе 61,1%. 
2019 жылы 5 объектіде жалпы ұзындығы 20,6 км жылу желісіне жөндеу жүргізілді және 
қайта жаңғыртылды.
Күрделі жөнделген желілердің үлесі төмен деңгейде, бұл жылу желілерінің тозуын 
арттыруға әкеледі. Жылу желілерінің рұқсат етілген тозу деңгейін ұстау үшін магистральдық 
желілерге басымдықты бере отырып, ұзақтығы жылына 14 км кем емес магистральдық жылу 
желілерін, ұзақтығы жылына 23 км кем емес тарату жылу желілерін қайта орналастыруды 
жүзеге асыру қажет.
Жылу желілеріндегі апаттар мен шығындар саны азаюда. Егер 2015 жылы жылу 
желілерінде 2070 зақымдану жағдайы тіркелсе, 2017 жылы - 1937. 2019 жылы апат болған жоқ. 
Жылу желілеріндегі шығындар 2017 жылы 22,01% және 2019 жылы 16,9% құрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет