316
2019 жылдың тамыз айында Алматы қаласының 100 гидін, экскурсоводын, туризм
нұсқаушыларын оқыту бойынша семинар тренинг өткізілді.
Сондай-ақ, Алматы қаласының тарихы бойынша жолсеріктерге арналған төмендегі 7
бағыт бойынша оқу құралдары әзірленді: сақ кезеңі, орта ғасыр кезеңі, Қазақ хандығы, Верный
кезеңі, кеңес кезеңі, тәуелсіз Қазақстан, қасиетті Қазақстан.
2.17. Шымкент қаласы
Қаланың аумағы, халқы және ЖӨӨ. Экономиканы әртараптандыру
Шымкент қаласының аумағы 116280 га құрайды, қала халқы 2018 жылы - 1009,2 мың
адам, 2019 жылдың соңына — 1038,2 мың адам. Агломерацияның құрамына Арыс қаласы,
Бәйдібек, Түлкібас, Қазығұрт, Төлеби, Ордабасы, Сайрам және Сарыағаш аудандары кіреді.
Агломерациялық аймақтың саны 1,6 млн. адамды құрайды. 2019 жылы облыстың ЖӨӨ 2203,0
млрд.теңгені, жан басына шаққанда 2152,1 мың теңгені құрады. ФКИ-103,8%.
Қала экономикасында
өнеркәсіп секторы маңызды мәнге ие. Қаланың жұмыс істейтін
халқының ішінен осы салада жұмыс істейтіндердің үлесі 7,3% құрайды, жалпы өнімдегі үлесі –
20,0%.
Статистика комитетінің деректері бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2018 жылы 492,3
млрд.теңгені, 2019 жылы 579,6 млрд. теңгені құрады. Шымкент қаласының өнеркәсібінде
негізгі үлесті өңдеу өнеркәсібі алады, көлемі 2018 жылы – 422,3 млрд.теңге, 2019 жылы —
497,4 млрд. теңге.
Қалада 63 ірі және орта кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде 21 кәсіпорын экспортқа
өнім шығарады.
165
2015 - 2017 жылдары 119,5 млрд. теңге сомасына 25 жоба іске асырылды, 1925 жұмыс
орны құрылды.
2019 жылы 26 жоба іске асырылып, 375 жұмыс орны ашылды.
Статистика комитетінің деректері бойынша
ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі
2018 жылы 25,7 млрд.теңгені, 2019 жылы — 31,2 млрд. теңгені (61,5%)
құрады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 63 мың га немесе жалпы жер қорының 54%
құрайды. Алдағы уақытта қала құрылысының жылдам қарқыны жалпы ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлердің азаюына әкеледі. Бұл жағдайда қала үшін ауыл шаруашылығы
өнімдерін қайта өңдеуді дамыту және импорт алмастыру қолайлы және тиімді болады.
Қалада 10 мың гектар суармалы жер бар. 2018 жылы 95% суармалы жерлер (9,5 мың га)
игерілді. 2018 жылы орташа алғанда 11,9 мың тонна дәнді дақылдар, 40 мың тонна көкөніс, 1,5
мың тонна бақша дақылдары, 9,0 мың тонна картоп жиналды. 2018 жылы 115 га қарқынды
бақтар отырғызылды ("Алма бау бақшалары" АӨК – 50,0 га, "Оңтүстік бау бақшалары" АӨК –
50,0 га, "Керемет-Сапа" ЖШС – 15,0 га). Тамшылатып суару қосымша 300 га пайдалануға
берілді, жалпы көлемі 1680 га құрады. Жылыжайлар қосымша 9 га салынды, жалпы ауданы 168
га құрады. Осы жылыжайлар есебінен 15 мың тонна көкөніс жиналды. Сонымен қатар, соңғы
үш жылда жерді жаңа технологиялармен пайдалану жұмыстары жүргізілуде. 2018 жылы 4,5
мың га терең қопсыту технологиясы енгізілді.
2018 жылы қосымша 47 шағын бордақылау алаңы және 37 отбасылық сүт фермасы
құрылды. "Сыбаға" бағдарламасы бойынша 123 тұяқ ұрғашы мал сатып алынды, тұқымдық
түрлендіруге 1292 тұяқ ұрғашы ІҚМ, жалпы санындағы ұрғашы мал тұяғының үлесі 3,7%
құрады. "Алтын асық" бағдарламасы бойынша 518 тұяқ ұсақ мал сатып алынды, тұқымдық
түрлендіруге 2,5 мың тұяқ қатысады, жалпы сандағы ұрғашы мал тұяғының үлесі 2,3% құрады.
"Құлан" бағдарламасы аясында 110 тұяқ жылқы сатып алынды. 2019 жылдың 1 қаңтарына 58
жаңа кооператив құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: