Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет230/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

Туристік инфрақұрылымды дамыту 
2018 жылдың қараша айында «Балуан Шолақ» спорт кешенінде туристік операторлар
жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, қолөнер орталығы, туристерге арналған демалыс 
орындары және т. б. орналасқан туристік хаб құрылды. 
8 туристік нысанды (Медеу, Көк төбе, Тұңғыш Президент атындағы саябақ, Баум тоғайы, 
Панфилов көшесі (Әйтеке би көшесінің қиылысы), Мемлекеттік цирк, Қастеев атындағы 
мұражай, Алматы мұражайы, Тереңқұр, Жасыл базар, Ықылас атындағы мұражай, Орталық 
меммузей) абаттандыру жұмыстары аяқталды, қоқыс салатын жәшіктер, велопарктер, қоғамдық 
дәретханалар, ақпараттық тақталар, гүл құмыралары, боллардалар орнатылды. 
Жаңа туристік бағыттарды дамыту мақсатында әкімдік 9 туристік маршрут пен жолды 
абаттандыру жұмыстарын аяқтады. 
Мәдени және этнографиялық туризмді дамыту үшін «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 
қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Боролдай Сақ 
қорғандары» археологиялық кешені таныстырылды. 
Сонымен қатар, туристерге қолайлы болуы үшін автобустарда төлем жасау тәсілдері 
бойынша 1560 жадынама, сондай-ақ көрікті жерлер бойынша 2400 бірлік көлемінде жадынама 
орналастырылған. 
Әлеуметтік туризм 
Әлеуметтік туризмді дамыту мақсатында "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы 
аясында әзірленген «Ауылбасшылары» жобасына қатысқан 30 балаға Алматы қаласы бойынша 
шолу экскурсиясы ұйымдастырылды. 
Елорданың 20 жылдығын мерекелеу аясында балаларға арнап Нұр-Сұлтан (Астана) 
қаласына тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараға аз қамтылған және көп балалы 
отбасылардан шыққан 90 бала қатысты. 
Сондай-ақ, "Белсенді ұзақ өмір сүру" жол картасын іске асыру шеңберінде зейнеткерлік 
жастағы 225 адам үшін Алматы қаласының көрікті жерлері бойынша 15 экскурсия өткізілді. 
Кадр әлеуеті 
Туризмде кадр әлеуетін дамыту мақсатында "Сайран" автовокзалының, "Алматы – 1", 
"Алматы - 2" теміржол вокзалдарының 200 қызметкері және "Іле-Алатау ұлттық паркінің" 
қызметкерлері үшін тренингтер өткізілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет