Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Мемлекеттік энергетикалық тізілім



Pdf көрінісі
бет25/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   243
Мемлекеттік энергетикалық тізілім (МЭТ) 20 533 субъектіні қамтиды, оның ішінде: 
квазимемлекеттік сектор субъектілері – 4 962, мемлекеттік мекемелер – 13 278, заңды тұлғалар 
– 2 293. 
МЭТ тетігі жылына 1500 т-дан астам тұтынылатын кәсіпорындар үшін энергетикалық 
аудит жүргізу және энергия үнемдеу жөніндегі іс-шаралар бағдарламасын қалыптастыру 
жөніндегі талаптарды көздейді. МЭТ операторы МЭТ субъектілерінде заңнама талаптарының 
орындалуына мониторинг жүргізумен айналысады. 
МЭТ субъектілерінің энергия ресурстарын жалпы тұтынуы 2018 жылы 58 млн.т.ш.о. 
немесе энергия ресурстарын жалпы елдегі тұтынудың шамамен 41%–ын құрады, оның ішінде: 
заңды тұлғалар – 41%, квазимемлекеттік сектор мекемелері - 37%, мемлекеттік мекемелер-2%. 
Салалық бөліністе тау-кен саласының 30 кәсіпорнына шамамен 17,4% тұтыну келеді. 
Көлік қызметін көрсететін МЭТ 41 субъектісінің тұтыну үлесі (вокзалдар, әуежайлар, автобус 
парктері және өзге де тасымалдар) 12,2%-ды құрайды. Өңдеу өнеркәсібінің 32 субъектісіне тек 
3,4% келеді. 
Бұдан басқа, МЭТ цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде – МЭТ 
автоматтандырылған ақпараттық жүйесі құрылды және іске қосылды. МЭТ ААЖ арқылы 
ақпаратты ұсынған МЭТ субъектілерінің саны МЭТ 20000-нан астам.
«Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының 59-
қадамын іске асыру үшін шамамен 37,7 млрд.теңге сомаға 81 жобаны қамтитын энергия 
тиімділігі картасы жасалды (оның ішінде 24 жоба энергосервистік шарттар мен мемлекеттік-
жеке меншік әріптестік тетіктері арқылы). 
Энергия сервистік жобаларды іске асыруды ынталандыру үшін Даму Қорымен бірлесіп, 
энергия үнемдеу бойынша жобаларды субсидиялау және кепілдендіру түрінде қаржылық 
қолдау тетігі сыналды (жалпы сомасы - 3 млн, АҚШ доллары). 2018 жылы 18,5 млрд. теңге 
сомасына 90 жоба мақұлданды. 
Энергия үнемдеу саласына инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 
Дүниежүзілік банкпен, БҰҰ Даму бағдарламасымен, ЕҚДБ және АДБ бірлесіп, жалпы сомасы 
50 млн. болатын келесі халықаралық жобалар іске асырылуда: 
1. Қазақстан мен Халықаралық Қайта Құру және даму банкі арасындағы «Қазақстанда 
энергия тиімділігін арттыру» жобасы бойынша 21,7 миллион АҚШ доллары сомасына грант 
туралы келісім. 2015-2019 жылдары жобада 97 мемлекеттік және әлеуметтік нысанды жаңғырту 
(75 жұмыс аяқталды), сондай-ақ НҚА және ЕҚТ әзірлеу және ақпараттық компания 
қарастырылған. 
2. 2017 жылы БҰҰ даму бағдарламасы «Қазақстанда энергиялық тиімді жарықтандыруды 


45 
ілгерілету» жобасын іске асыру аяқталды, оның шеңберінде Ақмола облысының 4 мектебін, 
ШҚО 3 мектебін, Лисаков, Сәтпаев, Орал, Ақтау, Алматы, Нұр-Сұлтан қ. МЖД кіреберістерін 
жарықтандыру жаңғыртылды (3200 дана шам ауыстырылды). Жоба аясында 5 пилоттық өңірде 
(Ақсу қ., Павлодар қ., Ақсуат а., Арнасай а., Петропавловск қ.) көшені жарықтандыру жүйесін 
жаңғырту жүргізілді, ол жерлерде автоматты басқару жүйесінің элементтері бар LED негізінде 
энергиялық тиімді жарықтандыру жабдығы орнатылды. Еліміздің 9 медициналық мекемесінде 
30 млн. теңгеден астам сомаға жарықтандыруды жаңғырту жүргізілді. 
3. 2015 жылдан бастап БҰҰДБ Жаһандық Экологиялық Қордың қаржылық қолдауымен 
ҚР Үкіметімен бірлесіп «Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» жобасын 
орындайды, оның шеңберінде іріктелген 15 пилоттық қалаға олардың қалалық шаруашылық 
жүйелерінде (жылу тұтыну, жарықтандыру, сумен жабдықтау, кәріз, ғимараттар және т. б.) 
төмен көміртекті (энергия тиімді) жобаларды дайындау және іске асыруда техникалық және 
әдіснамалық қолдау көрсетіледі. 
4. 2014 - 2017 жылдары климаттың өзгеруін тежеу жөніндегі Халықаралық даму жөніндегі 
американдық агенттіктің (USAID) Қазақстандық бағдарламасымен энергетикалық менеджмент 
және мониторинг жүйелерін (СЭММ) әзірлеу бойынша 24 пилоттық жоба іске асырылды. 
Қазіргі уақытта USAID Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының 3 
денсаулық сақтау объектілерінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы энергия 
сервистік жобалардың іске қосылуына жәрдем көрсетуде. 
5. 2017 жылы Үкімет пен БҰҰДБ-ның 3,5 млн, АҚШ долларына «Қазақстандағы электр 
тұрмыстық аспаптары мен жабдықтарының энергия тиімділігінің стандарттары, сертификаттау 
және таңбалау» жаңа жобасын іске асыру басталды. Бұл жобаның мақсаты энергия тиімді 
аспаптар мен жабдықтарды қолдану үшін отандық нарықты трансформациялау, сондай-ақ 
энергия тиімділігі бойынша ең төменгі және ең жоғары стандарттарды әзірлеу болып табылады.
2018 
жылы 
энергия 
аудиторларына 
арналған 
электр 
қозғалтқыштары 
мен 
трансформаторларының экспресс-энергия аудиттерін жүргізу бойынша әдіснамалық құрал 
әзірленді, «Тұтынушылардың энергия тиімді жабдықтар мен аспаптардың артықшылықтары 
туралы хабардар болуы» әлеуметтік зерттеуі жүргізілді. 50 жергілікті сынақ зертханаларының 
ішінен қажетті аспаптармен жабдықтау/толық жарақтандыру бойынша одан әрі бірлескен 
жұмыс бойынша 6 зертхана айқындалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет