Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


тарау. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы қызметінің тәртібі



Pdf көрінісі
бет51/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57
5 тарау. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы қызметінің тәртібі
68. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу Орталығына қабылданады:
1) ата-аналарын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау үшiн үш жастан 
он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған;
2) оларды уақтылы орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ 
олардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген кезде орган ата-анасынан 
(олардың бірінен) немесе қамқорлығында болған басқа да адамдардан іріктеп 
алған ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың 
қамқорлығынсыз қалған балалар;
3) арнайы білім беру ұйымдарына жіберілетін балалар;
4) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан 
қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар.
69. Кәмелетке толмағандарды кәмелетке толмағандарды бейімдеу 
орталығына орналастыру үшін негіздер:
1) осы Қағидалардың 68-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген 
кәмелетке толмағандарға қатысты сот қаулысы;
2) осы Қағидалардың 68-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында 
көрсетілген кәмелетке толмағандарға қатысты органның қаулысы;
3) кәмелетке толмағанды (оларды) осы Қағидалардың 68-тармағының 4) 
тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 
жеткізген адамның өтініші.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Органның кәмелетке толмағанды кәмелетке толмағандарды бейімдеу 
орталығына орналастыру туралы қаулысына:
1) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісі (тұрғылықты жерін 
белгілеу кезінде);
2) кәмелетке толмағанға, сондай-ақ оның ата-анасына немесе басқа да заңды 
өкілдеріне мінездеме (ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері анықталған кезде);
3) туу туралы куәлік (болған жағдайда);
4) білім беру ұйымынан анықтама (мектеп жасындағы балалар үшін);
5) медициналық құжаттар (бар болса-егу паспорты және амбулаториялық 
карта).
70. Осы Қағидалардың 68-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында 
көрсетілген кәмелетке толмағандар түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері 
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмағанды 
кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына қабылдау туралы актінің 
негізінде кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылады, бұл 
туралы жиырма төрт сағат ішінде кәмелетке толмағандарды бейімдеу 
орталығының әкімшілігі прокуратура органдарына жазбаша хабарлайды.
71. Осы Қағидалардың 68-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында 
көрсетілген кәмелетке толмағандарды одан әрі ұстау не орналастыру туралы 
мәселені шешу үшін кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының 
қызметкерлері үш тәулік ішінде қорғаншылық және қамқоршылық органдарына 
қадағалаусыз, панасыз қалу не зорлық-зомбылық, қатыгез қарау белгілерінің, 
баланың өмірі мен денсаулығына қатердің болуын негіздейтін ақпарат жібереді.
72. Органдар үш жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағанды кәмелетке 
толмағандарды бейімдеу орталығына орналастыру туралы қаулы дайындайды.
Органның қаулысы бойынша кәмелетке толмағандарды бейімдеу 
орталығына орналастырылған кәмелетке толмағандар көрсетілген органның 
қаулысы негізінде ғана шығарылады.
73. Кәмелетке толмағанды қабылдау және оның кәмелетке толмағандарды 
бейімдеу орталығынан шығуы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы 
директорының бұйрығымен ресімделеді.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
74. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына қабылданатын 
кәмелетке толмағандар туралы деректер осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 
нысан бойынша жеткізілген кәмелетке толмағандарды есепке алу журналында 
тіркеледі.
Кәмелетке толмағанның сауалнамалық деректері және кәмелетке 
толмағандарды бейімдеу орталығына орналастыру себептері нақтыланғаннан 
кейін оған осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік-
статистикалық карточка ресімделеді.
75. Осы Қағидалардың 68-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында 
көрсетілген кәмелетке толмағандар оларға көмек көрсету және оларды одан әрі 
орналастыру мәселелерін шешу үшін үш айдан аспайтын мерзімде кәмелетке 
толмағандарды бейімдеу орталығында болады.
76. Кәмелетке толмағандардың кәмелетке толмағандарды бейімдеу 
орталығында болу мерзіміне Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган 
жариялаған карантин кезеңі, сондай-ақ кәмелетке толмағанның ауруына 
байланысты стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымында болу 
уақыты кірмейді.
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының әкімшілігі, органдар 
баланың одан әрі өмір сүруі үшін оның мәртебесін растайтын құжаттарды жинау 
жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдайды:
1) білім басқармасының балалар үйіне жіберу туралы бұйрығы;
2) туу туралы куәлік (жеке куәлік);
3) денсаулық жағдайы және егулер туралы медициналық құжаттар;
4) білім туралы құжаттар (мектеп жасындағы балалар үшін);
5) баланың өмір сүру жағдайларын тексеру актісі;
6) ата-анасы туралы мәліметтер (ата-анасының қайтыс болуы туралы 
куәліктердің көшірмелері, ата-анасының ата-ана құқықтарын шектеу немесе одан 
айыру туралы, ата-анасын хабарсыз кетті немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет 
қабілеті шектеулі) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот 
шешімі, ауруы туралы анықтама, ата-анасын іздестіру туралы анықтама, адасқан 
(тастанды) баланы жеткізу туралы акт, ата-ана құқықтарынан бас тарту және 
баланы асырап алуға келісу туралы өтініш, баланы Денсаулық сақтау ұйымында 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
қалдыру туралы, патронаж туралы акт және ата-анасының жоқтығын немесе 
олардың өз балаларын тәрбиелеу мүмкін еместігін растайтын басқа да құжаттар);
7) аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және басқа да жақын 
туыстарының тұратын мекенжайы, телефоны, жұмыс орны көрсетілген олардың 
бар-жоғы және тұрғылықты жері туралы анықтама;
8) ата-анасы қайтыс болғаннан кейін қалған мүліктің тізімдемесі, оның 
сақталуына жауапты адамдар туралы мәліметтер;
9) кәмелетке толмағандарға тұрғын үйді бекіту туралы құжаттар, кезек 
нөмірін көрсете отырып, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін 
есепке қою туралы мәліметтер;
10) ата-аналарда жылжымайтын мүліктің болуы туралы мәліметтер;
11) әлеуметтік жәрдемақы алатын баланың атына жеке шот ашу туралы 
шарттың көшірмесі (болған жағдайда), алименттерді өндіріп алу туралы сот 
шешімінің көшірмесі (ата-анасы немесе оны алмастыратын адам балаға алған 
кезде);
12) психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның 
қорытындысы;
13) балаға арналған сауалнама.
77. Осы Қағидалардың 68-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген 
кәмелетке толмағандар сот қаулысы бойынша кәмелетке толмағандарды бейімдеу 
орталығында болады, бірақ арнайы білім беру ұйымына жіберу туралы сот 
шешімі заңды күшіне енген кезеңнен аспайды.
78. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына алкогольдік, есірткілік 
немесе уытқұмарлық масаң күйдегі кәмелетке толмағандар, сондай-ақ 
психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың) айқын белгілері бар 
кәмелетке толмағандар орналастырылмайды.
79. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында кәмелетке 
толмағандармен профилактикалық және бейімдеу жұмыстары жүргізіледі.
80. Ұстаудың белгіленген тәртібін бұзған кәмелетке толмағандармен 
психолог жеке тәрбие жұмысын жүргізеді, бұл туралы кәмелетке толмағанның 
жеке ісіне тиісті жазба жасалады.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
81. Кәмелетке толмағандарды қабылдау кезінде оларға бастапқы 
медициналық тексеру жүргізіледі, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 
келіп түскен сәтте кәмелетке толмағанда бар заттар мен құндылықтар алып 
қойылады, бұл туралы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 
кәмелетке толмағанды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына қабылдау 
актісіне жазба жасалады және орталықтан шыққан кезде қайтарылады. Кәмелетке 
толмағандарды бейімдеу орталығына тазаланбаған киіммен келген кәмелетке 
толмағандарға сыртқы киімдері мен іш киімдерін ауыстыру жүргізіледі.
82. Білім беру процесі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 
сәйкес және кәмелетке толмағандардың кәмелетке толмағандарды бейімдеу 
орталығында болу уақытын, оқу даярлығының деңгейін ескере отырып 
ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда кәмелетке толмағандардың білім алу 
нысаны туралы шешім психологиялық-медициналық-педагогикалық 
консультацияның келісімі бойынша қабылданады.
83. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған 
кәмелетке толмағандарға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 
жеке істер жүргізіледі, олардың түпнұсқалары одан әрі орналасатын жеріне 
жіберіледі.
84. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында ұсталатын кәмелетке 
толмағандармен профилактикалық және бейімдеу жұмысын ұйымдастыру үй-
жайдың негіздеріне, педагогикалық елеусіздік дәрежесіне, жасына, отбасы-
тұрмыстық жағдайларына қарай жүзеге асырылады.
85. Арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандармен 
құқықтық оқыту және арнаулы білім беру ұйымында болудың алдағы 
жағдайларына әлеуметтік-педагогикалық бейімдеу бойынша жұмыс жүргізіледі.
86. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан шығару кезінде 
кәмелетке толмағандар тұрғылықты жеріне қатаң түрде ата-аналарының немесе 
басқа да заңды өкілдерінің еріп жүруімен жіберіледі не осы Қағидаларға 6-
қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмағанды қабылдау-беру актісі 
бойынша кәмелетке толмағанды бейімдеу орталығынан кәмелетке толмағанды 
шығару туралы бұйрықтың негізінде кәмелетке толмағандарды бейімдеу 
орталығының әлеуметтік педагогының алып жүруімен одан әрі орналасатын 
жеріне жеткізіледі.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
87. Арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар 
кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының әлеуметтік педагогының ілесіп 
жүруімен жеткізіледі.
Кәмелетке толмаған қыздарды алып жүруді тек қана әйел жынысты 
әлеуметтік педагог жүзеге асырады.
88. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан шығатын кәмелетке 
толмағандарды бейімдеу орталығының әлеуметтік педагогының алып жүруімен 
кәмелетке толмағандарды орналастыру орнына тегін жол жүрумен және тамақ 
өнімдерімен немесе жол жүру уақытына ақшалай ұстаумен қамтамасыз етіледі.
89. Кәмелетке толмаған баланы кәмелетке толмағандарды бейімдеу 
орталығынан шығарған кезде оның ата-анасына немесе басқа да заңды өкілдеріне 
кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болғаны туралы, денсаулық 
жағдайы туралы анықтамалар, үлгерімі туралы табель, психологиялық-
педагогикалық мінездеме беріледі.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Жетім балалар мен қалған балаларға арналған 
білім беру ұйымдарының қызметі ата-анасының 
қамқорлығынсыз үлгі ережесіне
1-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет