Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық



Pdf көрінісі
бет1/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
171200 kaz 20221006



Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
ҚР НҚА ЭББ-гі нақты
құжатқа сілтеу QR-коды
«ЗҚАИ» ШЖҚ РМК лауазымды тұлғаның ЭЦҚ мәліметі бар QR-код
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту 
министрлігі
Қазақстан Республикасы Оқу-
ағарту министрінің 2022 жылғы 31 
тамыздағы № 385 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының 
Әділет министрлігінде 2022 
жылғы 31 тамызда № 29329 болып 
тіркелді
Министерство просвещения Республики Казахстан
Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және 
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы 
білім, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 
арналған білім беру ұйымдарында, балаларға және ересектерге қосымша 
білім беру ұйымдарынының үлгілік қағидаларын бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 5-бабының 1-11) 
тармақшасына сәйкес 
:
БҰЙЫРАМЫН
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң 
үлгілік қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, 
негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік білім беру 
ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Орта білімнен кейінгі білім беру 
ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Мамандандырылған білім беру 
ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Арнайы білім беру ұйымдары 
қызметінің үлгілік қағидалары;


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Жетiм балалар мен ата-анасының 
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң 
үлгілік қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Балаларға арналған қосымша білім 
беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Ересектерге арналған қосымша білім 
беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.
2. «Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік 
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен (нормативтік 
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) 
бекітілген 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшалары күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейiнгi 
және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында 
белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы 
Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы 
тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы 
мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан 
Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он 
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет