Редакциялау күні
12.08.2022
Сақтау күні
18.08.2022
Дата редакции
12.08.2022
Дата скачивания
18.08.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
ҚР НҚА ЭББ-гі нақты
құжатқа сілтеу QR-коды
«ЗҚАИ» ШЖҚ РМК лауазымды тұлғаның ЭЦҚ мәліметі бар QR-код
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту
министрлігі
Қазақстан Республикасы Оқу-
ағарту министрінің 2022 жылғы 12
тамыздағы № 363 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігінде 2022
жылғы 12 тамызда № 29108 болып
тіркелді
Министерство просвещения Республики Казахстан
Орта білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу жылының басталуын,
ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14)
тармақшасына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022
жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Нормативтік
құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29030 болып тіркелген)
бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес
:
БҰЙЫРАМЫН
1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан
орта білім беру ұйымдарында 2022 - 2023 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және
каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын:
1) 2022 - 2023 оқу жылының басталуы - 2022 жылғы 1 қыркүйек;
2) оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 35 оқу аптасы, 2-11 (12)-
сыныптарда – 36 оқу аптасы;
3) оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:
1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2022 жылғы 31 қазан – 6
қараша аралығында), қысқы каникул – 9 күн (2022 жылғы 31 желтоқсан мен 2023
жылғы 8 қаңтар аралығында), көктемгі каникул – 9 күн (2023 жылғы 18-26 наурыз
аралығында);
Редакциялау күні
12.08.2022
Сақтау күні
18.08.2022
Дата редакции
12.08.2022
Дата скачивания
18.08.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
1-сыныптарда қосымша каникул – 7 күн (2023 жылғы 6-12 ақпан
аралығында).
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі
және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы
тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы
туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі
А. Аймағамбетов
Достарыңызбен бөлісу: |