Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық



Pdf көрінісі
Дата14.04.2023
өлшемі98,72 Kb.
#82640
Байланысты:
№88 от 10.04.2023 г. Приказ МП РК-о заверш. уч.года и пров. ИА-КАЗ



Редакциялау күні
10.04.2023
Сақтау күні
12.04.2023
Дата редакции
10.04.2023
Дата скачивания
12.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
ҚР НҚА ЭББ-гі нақты
құжатқа сілтеу QR-коды
«ЗҚАИ» ШЖҚ РМК лауазымды тұлғаның ЭЦҚ мәліметі бар QR-код
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту 
министрлігі
Қазақстан Республикасы Оқу-
ағарту министрінің 2023 жылғы 10 
сәуірдегі № 88 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының 
Әділет министрлігінде 2023 
жылғы 11 сәуірде № 32275 болып 
тіркелді
Министерство просвещения Республики Казахстан
2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім 
алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) 
тармақшасына сәйкес, сондай-ақ меншік нысанына және ведомстволық 
бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу 
жылын ұйымдасқан түрде аяқтау мақсатында 
:
БҰЙЫРАМЫН
1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан 
орта білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтары 2023 жылғы 31 мамырда 
аяқталсын.
2. 9 (10) сыныптарда білім алушылардың қорытынды бітіру емтихандары 
2023 жылғы 2-13 маусым аралығында өткізілсін.
3. 11 (12) сыныптарда білім алушылардың мемлекеттік бітіру емтихандары 
– 2023 жылғы 5-19 маусым аралығында өткізілсін.
4. Қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілсін:
9 (10)-сынып оқушылары үшін:
1) қазақ/орыс/ұйғыр/өзбек/тәжік тілі бойынша (оқыту тілі) эссе нысанында 
жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер 
үшін – жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2023 жылғы 2 маусым;
2) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 
2023 жылғы 6 маусым;


Редакциялау күні
10.04.2023
Сақтау күні
12.04.2023
Дата редакции
10.04.2023
Дата скачивания
12.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
3) орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен 
әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша 
тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен 
әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша 
тапсырмаларды орындау) – 2023 жылғы 9 маусым;
4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, 
география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі 
бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2023 жылғы 13 
маусым;
11 (12) сынып оқушылары үшін:
1) қазақ тілі/орыс тілі бойынша және ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде білім 
беретін мектептер/сыныптар үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан 
– 2023 жылғы 5 маусым;
2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2023 
жылғы 8 маусым;
3) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2023 жылғы 12 маусым;
4) орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде/сыныптарда 
қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда 
орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2023 жылғы 15 маусым;
5) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, 
география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі 
бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2023 жылғы 19 
маусым.
5. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім 
басқармалары, сондай-ақ республикалық орта білім беру ұйымдары осы 
бұйрықтың, «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру 
ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды 
аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 
наурыздағы № 125 бұйрығының талаптарына сәйкес оқу жылының аяқталуын 
қамтамасыз етсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 
№ 5191 болып тіркелген).


Редакциялау күні
10.04.2023
Сақтау күні
12.04.2023
Дата редакции
10.04.2023
Дата скачивания
12.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
6. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру 
комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы 
Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы 
тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы 
туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан 
Республикасының оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
8. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он 
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет