Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-параграф. Сәулелену көздерімен жұмысты ұйымдастыруға қойылатын



Pdf көрінісі
бет9/39
Дата21.04.2023
өлшемі0,86 Mb.
#85431
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39
3-параграф. Сәулелену көздерімен жұмысты ұйымдастыруға қойылатын 
талаптар
49. Радиациялық объектілерде сәулелену көздерімен жұмыс істеуге 
санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыда көрсетілген үй-жайлар мен 
аумақтарда ғана рұқсат етіледі.
Әрбір үй-жайдың есігінде оның мақсаты, ашық сәулелену көздерімен 
жүргізілетін жұмыстар класы және радиациялық қауіптілік белгісі көрсетіледі.
50. Құрамында сәулелену көздері бар жабдықта, контейнерлерде, 
қаптамаларда, аппараттарда, жылжымалы қондырғыларда, көлік құралдарында 
радиациялық қауіптілік белгісі болады.
51. Радиациялық қауіптілік белгісін сәулелену көздерімен жұмыстар 
тұрақты жүргізілетін және радиациялық қауіптілік белгісі бар үй-жайлардағы 
жабдыққа жазбауға жол беріледі.


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
52. Сәулелену көздерінің сақталу жағдайларын қамтамасыз етуді заңды 
тұлғаның әкімшілігі немесе жеке тұлға жүзеге асырады.
53. Иондаушы сәулелену көздерімен жұмысты бастау сәтіне қарай жеке 
немесе заңды тұлға оларды жұмыс істеуге жіберілген адамдардың тізімін бекітеді, 
оларға қажетті оқытуды қамтамасыз етеді, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз 
етуге, иондаушы сәулелену көздерін есепке алуға және сақтауға, радиоактивті 
қалдықтарды жинау, сақтау және тапсыруды ұйымдастыруға, радиациялық 
бақылауға жауапты адамдарды тағайындайды.
54. Иондаушы сәулелену көздерімен жасалатын жұмыс көлемі мен 
сипатына байланысты радиациялық объектілер радиациялық қауіпсіздік қызметін 
құрады немесе радиациялық қауіпсіздікке (бақылауға) жауапты адамды 
тағайындайды. Радиациялық қауіпсіздік қызметі туралы ережені (радиациялық 
қауіпсіздікке (бақылауға) жауапты адамның лауазымдық нұсқаулығы) 
радиациялық объектінің басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам бекітеді және 
қызметтің (радиациялық қауіпсіздікке (бақылауға) жауапты адамның) құқықтары 
мен міндеттерін анықтайды.
Қызметтің саны барлық радиациялық-қауіпті жұмыстар кезінде 
радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге болатындай етіп белгіленеді.
55. Радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық 
қауіпсіздікке (бақылауға) жауапты адам ядролық және радиациялық қауіпсіздікті 
қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметке 
лицензиясы бар ұйымдардан арнайы даярлықтан өткен қызметкерлер арасынан 
басшының бұйрығымен тағайындалады.
56. Сәулелену көзімен жұмыс істеу бойынша жұмыстарды бастар бұрын 
радиациялық объектінің әкімшілігі Қазақстан Республикасы Энергетика 
министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 58 бұйрығымен бекітілген «Ядролық 
және радиациялық қауіпсіздік» техникалық регламентінің (Нормативтік құқықтық 
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15005 болып тіркелген) 193-
тармағының талаптарын орындау үшін сәулелену көзін есепке алу және бақылау 
бойынша ұйымдастырушылық құрылымын құрады.
57. Лауазымы бойынша персоналды сәулеленген адамдардың белгілі 
санатына жатқызуды персоналдың қорғаныш деңгейін және сәулелену дозаларын 
ескеру арқылы радиациялық объектінің әкімшілігі айқындайды.


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
58. Кемінде 2 адам жұмыс істейтін сәулелену көздерімен жұмыс істеуге 
жіберілетін персоналға қойылатын талаптар өндірістік үдерістің сипатымен, 
қолданылатын жабдықтың түрімен және осы Санитариялық қағидалармен 
айқындалады.
59. Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, 
медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ, радиациялық объекті басшысының 
бұйрығымен «А» тобындағы персонал санатына жатқызылған ядролық және 
радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау 
жөніндегі қызметке лицензиясы бар ұйымдардан радиациялық қауіпсіздік 
бойынша оқытудан өткен, радиациялық қауіпсіздік бойынша нұсқаулық және 
білімін тексеруден өткен адамдар жіберіледі. Кейінгі оқытуды, ядролық және 
радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау 
жөніндегі қызметке лицензиясы бар ұйымдарда радиациялық қауіпсіздік бойынша 
оқытудан өткен радиациялық қауіпсіздікке (бақылауға) жауапты адамдарға 
жүргізуге жол беріледі, егер:
1) оқытуды өткізу үшін қажетті өндірістік-техникалық база (теориялық 
және тәжірибелік сабақтарды өткізуге арналған оқу сыныптары, жабдықтар, 
аспаптар);
2) радиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту және білім алушылардың 
білімін тексеру бағдарламалары болған жағдайда.
Радиациялық қауіпсіздік бойынша нұсқаулық және білімін тексеру жылына 
1 реттен кем емес өткізіледі. Білімін тексеруді радиациялық объекті әкімшілігі 
тағайындаған комиссия өткізеді. Комиссия құрамына әкімшілік, осы объектінің 
радиациялық қауіпсіздік қызметінің өкілдері және сәулелену көздерімен тұрақты 
жұмыс жасайтын жетекші мамандар кіреді. Комиссияның ең аз құрамы төрағаны 
қоса алғанда, кемінде үш адамнан құралады.
Сәулелену көздерімен жұмыс істеу сипаты өзгергенде, кезектен тыс 
радиациялық қауіпсіздік бойынша нұсқаулық және біліміне тексеру өткізіледі.
Білімін және нұсқаулықты тексеру қорытындысы хаттамамен рәсімделеді, 
нұсқаулықтар осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан 
бойынша журналға тіркеледі.
60. Егер бұл әрекеттер адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін 
авариялар мен басқа да жайлардың алдын алу жөніндегі шұғыл шараларды 


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
қабылдауға бағытталмаған болса, сәулелену көздерімен жұмыстар жүргізу кезінде 
пайдалану бойынша нұсқауларда (әдістеме, паспорт) және радиациялық 
қауіпсіздік талаптарында көзделмеген операцияларды орындауға жол берілмейді.
61. Қорғаныш технологиялық жабдықтың (камералар, бокстар, сыртқа 
тарату шкафтары), сондай-ақ сейфтердің, радиоактивті қалдықтарға арналған 
контейнерлердің, көлік құралдарының, көліктік буып-түю жинақтарының, 
радиоактивті заттарды сақтауға және тасымалдауға арналған контейнерлердің, 
шаң мен газдан тазарту жүйелері сүзгілерінің, жеке қорғаныш және радиациялық 
бақылау құралдарының пайдалану шарттары белгіленетін дайындаушы заводтан 
құжаттары болады, қызмет көрсететін мекеме берген техникалық жарамдылығы 
туралы акті болған кезде кепілдік мерзімі өткенге дейін пайдаланылады.
62. Қолданылуы иондаушы сәулеленуді пайдалануға негізделген 
аспаптарды, аппараттарды, қондырғылар мен басқа да бұйымдарды, жұмысы 
кезінде иондаушы сәулелену генерацияланатын радионуклидті сәулелену 
көздерін, аспаптарды, аппараттар мен қондырғыларды, сондай-ақ эталонды 
сәулелену көздерін шығаруға Сараптама жүргізу қағидасына сәйкес санитарлық-
эпидемиологиялық сараптамадан өткен жобалау құжаттамасы бойынша ғана жол 
беріледі.
63. Сипаттамалары осы Санитариялық қағидалардың 5-тармағында 
жазылған мәндерден асатын сәулелену көзін алған, жеке немесе заңды тұлғалар 
күнтізбелік 15 күн ішінде бұл туралы радиациялық объектінің орналасқан жері 
бойынша аумақтық бөлімшелерге (жазбаша нысанда) хабардар етеді.
64. Сәулелену көзін басқа радиациялық объектіге беру, аумақтық бөлімшені 
және атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органды күнтізбелік 15 
күн ішінде беруші және қабылдаушы радиациялық объектінің орналасқан жері 
бойынша (жазбаша нысанда) хабардар ете отырып жүргізіледі.
Сәулелену көздерін уақытша сақтауға немесе пайдалануға берген кезде 
қабылдау-беру актісі жасалады. Сәулелену көздерінің паспорттарының 
(сертификаттарының және басқа ілеспе құжаттардың) көшірмелерін қабылдайтын 
ұйымның есепке алуға және сақтауға жауапты адамына беріледі.
65. Сәулелену көздерін жоспарлы шығару кезінде санитариялық-
эпидемиологиялық қорытындының күші қолданылатын радиациялық объектіден 
тыс жұмыстарды жүргізу үшін жеке немесе заңды тұлғалар сәулелену көзін 


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
шығарғанға дейін күнтізбелік 15 күн ішінде радиациялық объектінің орналасқан 
жері бойынша да, жұмыстарды жоспарланған жүргізу орны бойынша да аумақтық 
бөлімшелерді (жазбаша нысанда) хабардар етеді.
Жұмыстарды жоспарланған жүргізу орны бойынша жаңа санитариялық-
эпидемиологиялық қорытындыны рәсімдеу талап етілмейді.
66. Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыстар тоқтатылған кезде жеке 
және заңды тұлғалар күнтізбелік 15 күн ішінде бұл туралы аумақтық 
бөлімшелерге (жазбаша нысанда) хабардар етеді.
67. Жеке немесе заңды тұлға сәулелену көздерінің сақталуын қамтамасыз 
етеді және сәулелену көздерінің жоғалуы немесе бақылаусыз пайдаланылу 
мүмкіндігін болдырмайтын барлық сәулелену көздерін оларды алу, сақтау, 
пайдалану және есептен шығару жағдайларды қамтамасыз етеді.
68. Сәулелену көздерін есепке алуға және сақтауға жауапты болып 
тағайындалған адам оларды қабылдауды және тапсыруды осы Санитариялық 
қағидаларға 9 және 10-қосымшаларда көрсетілген белгіленген нысандар бойынша 
реттеуді жүзеге асырады.
69. Радациялық объектіге келіп түскен барлық сәулелену көздері осы 
Санитариялық қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес иондаушы сәулелену көздерін 
есепке алудың кіріс-шығыс журналында есепке алынады. Әрбір сәулелену көзінің 
түріне жеке беттер толтырылады. Радионуклидті сәулелену көздерімен 
жинақталған аспаптарды, аппараттарды және қондырғыларды есепке алу жеке 
журналда радиоактивті заттарды есепке алудан жүргізіледі. Есепке алу журналы 
тұрақты сақталуы тиіс.
70. Радионуклидті сәулелену көздері ілеспе құжаттарға сәйкес радионуклид, 
препараттың атауы, орамасы мен белсенділігі бойынша есепке алынады. 
Радионуклидті сәулелену көздері пайдаланылатын аспаптар, аппараттар мен 
құрылғылар атаулары мен зауыт нөмірлері бойынша, жинаққа кіретін әрбір 
сәулелену көзінің белсенділігі мен нөмірі көрсетіле отырып, есепке алынады.
Қысқа мерзімдік радионуклидтер генераторлары олардың атаулары мен 
зауыт нөмірлері бойынша бас нуклидтің номиналдық белсенділігі көрсетіле 
отырып, есепке алынады. Иондаушы сәулелену тудыратын құрылғылар атаулары, 
зауыт нөмірлері мен шығару жылы бойынша есепке алынады.


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Иондаушы сәулелену көздерін генерациялайтын құрылғылар атаулары, 
зауыт нөмірлері және шығарылған жылы бойынша есепке алынады.
Ұйымда генераторлардың, жылдамдатқыштардың, ядролық реакторлардың 
көмегімен алынған радионуклидтер орамалары, препараттары мен белсенділіктері 
бойынша сәулелену көздерін есепке алудың кіріс-шығыс журналында есепке 
алынады.
71. Радиациялық объектінің әкімшілігі радионуклидтік сәулелену көздерінің 
ілеспе құжаттарын олардың өмірлік циклінің барлық уақыты ішінде сақтауды 
қамтамасыз етеді. Ілеспе құжаттар жоғалған жағдайда, оларды қайта қалпына 
келтіру бойынша шаралар қабылданады.
Ілеспе құжаттарды қайта қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда, 
радионуклидтік сәулелену көздерін пайдалануға жол берілмейді.
72. Сәулелену көздерін сақтау орындарынан жауапты адам осы 
Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес радиоактивті заттарды беруге 
қойылатын талапқа сәйкес радиациялық объект басшысының немесе оған 
уәкілетті адамның жазбаша рұқсатымен береді.
Сәулелену көздерімен жұмыс істеуге жіберілген адамдар жұмыстан 
босатылған (ауыстырылған) жағдайда, олардың есебіндегі барлық сәулелену 
көздерін радиациялық объекті әкімшілігінің актісі бойынша қабылдайды.
73. Ашық түрде пайдаланылатын радионуклидтерді шығындау сәулелену 
көздерін есепке алу мен сақтау және өндірістік радиациялық бақылау үшін 
жауапты адамдардың қатысуымен жұмысты атқарушылар жасайтын ішкі 
актілермен ресімделеді. Радиациялық объектінің радионуклидті сәулелену 
көздерін шығындау және шығысқа жазу туралы актілерді радиациялық объект 
әкімшілігі осы Санитариялық қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 
бекітеді.
74. Жеке және заңды тұлғалар сәулелену көзін алған сәттен бастап 
күнтізбелік 15 күн ішінде және одан әрі жыл сайын желтоқсанның 1-нен 30-на 
дейінгі кезеңде сәулелену көздеріне түгендеу жүргізіледі.
Иондаушы сәулелену көздерін ұрлау немесе жоғалту анықталған жағдайда, 
аумақтық бөлімшеге және атом энергиясын қолдану саласындағы уәкілетті 
органға дереу (жазбаша түрде) хабарлау қажет.


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
75. Сәулелену көздерін сақтауды және тасымалдауды заттар мен 
материалдардың біртектілігі қағидаты бойынша жүргізу қажет.
76. Жұмысқа пайдаланылмаған сәулелену көздері олардың сақталуын 
қамтамасыз ететін және оларға бөгде адамдардың қол жеткізуіне жол берілмейтін 
арнайы бөлінген орындарда немесе жабдықталған қоймаларда сақталады. 
Қоймада сақталатын радионуклидтердің белсенділігі санитариялық-
эпидемиологиялық қорытындыда көрсетілген мәндерден аспауы тиіс.
77. Радиациялық объектінің аумағынан тыс сәулелену көздерін, оның ішінде 
далалық жағдайларда пайдаланылатын гамма-дефектоскопиялық аппараттарды 
уақытша сақтау қоймаларын құрған кезде қойманың немесе оның бөгде 
адамдардың қол жеткізу мүмкіндігін болдырмайтын қоршауының бетіндегі 
дозаның қуаты 1,0 мкЗв/сағ аспауы тиіс.
78. Арнайы жабдықталған қойма үй-жайлары ғимараттың астыңғы 
белгілерінің деңгейінде (cу баспайтын жертөледе, бірінші қабатта) 
орналастырылады.
79. Ашық сәулелену көздерін сақтауға арналған үй-жайлардың әрленуі мен 
жабдықталуы тиісті кластағы жұмыстарға арналған үй-жайларға қойылатын, 
бірақ ІІ кластан төмен емес талаптарға жауап береді.
80. Радионуклидтік сәулелену көздерін сақтауға арналған құрылғылар 
(қуыстар, құдықтар, сейфтер) жекелеген сәулелену көздерін салу немесе алу 
кезінде персоналдың басқа сәулелену көздерінің сәулесіне ұшырамайтындай етіп 
құрастырылған болуы тиіс. Радиоактивті заттар бар секциялардың есіктері мен 
қаптамалары (контейнерлері) оңай ашылуы және радионуклид атауы мен оның 
белсенділігін көрсететін айқын таңбасы болады. Радиоактивті сұйықтар бар 
шыны сыйымдылықтар металл немесе пластмасса қаптамаларға салынады.
Қоймада сәулелену көздерін орналастырудың карта-схемасын, сондай-ақ 
объекті аумағындағы және радиоизотоптық аспаптарды орналастыру орнын 
сәулелену көздерін есепке алуға және сақтауға жауапты адам жасайды және 
радиациялық объект басшысы бекітеді.
Сақталу кезінде радиоактивті газдар, бу немесе аэрозольдар бөлініп шығуы 
мүмкін радионуклидтер жанбайтын материалдардан жасалған сыртқа тарату 


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
шкафтарында, бокстарда, камераларда түзілетін газдарды бұрғышы бар, желдету 
жүйелерінде тазартқыш сүзгілері бар жабық ыдыстарда сақталады. Қойма тәулік 
бойы жұмыс істейтін сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады.
Белсенділігі жоғары радиоактивті заттарды сақтау кезінде оларды 
салқындату жүйecі көзделеді. Бөлінетін материалдарды сақтау кезінде 
радиациялық және ядролық қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіледі.
81. Одан әрі пайдалануға жарамсыз (немесе қызмет ету мерзімі өткен) 
радионуклидті сәулелену көздері уақтылы есептен шығарылады және қайта 
өңдеуге, ұзақ уақыт сақтауға және (немесе) көмуге тапсырылады.
Одан әрі пайдалануға жарамсыз (немесе қызмет ету мерзімі өткен) 
радионуклидті сәулелену көздері мен радиоизотоптық аспаптарды объектіде 6 
айдан аспайтын мерзімге сақтауға жол беріледі.
82. Радионуклидті сәулелену көздерін үй-жайлардың ішінде, сондай-ақ 
радиациялық объектінің аумағында тасымалдау, сәулелену көздерінің физикалық 
жай-күйін, олардың белсенділігін, сәулелену түрін, қаптаманың көлемдері мен 
салмағын ескере, радионуклидті сәулелену көздерінің зақымдануын, сондай-ақ 
радиоактивті заттардың қоршаған ортаға түсуін болдырмайтын қауіпсіздік 
шарттарын сақтай отырып, арнайы көлік құралдарының контейнерлері мен 
қаптамасында жүргізіледі.
83. Сәулелену көздерін тасымалдауға арналған көлік құралдары 
қолданыстағы стандарт талаптарына сәйкес жүктің радиациялық қауіптілігі 
белгілерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 
жылғы 22 ақпандағы № 75 бұйрығымен бекітілген Радиоактивті заттарды және 
радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларына (Нормативтік құқықтық 
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13586 болып тіркелген) сәйкес арнайы 
түстермен жабдықталады.
84. Көлік құралдары экрандаушы радиациялық қорғау құрылғылармен, 
көмірқышқыл өрт сөндіргіштерінің орамасын бекітуге арналған құрылғылармен, 
авариялық жөндеуге арналған құрал-саймандар жинағымен, сіңіруші материалдар 
мен авариялар салдарларын жоятын басқа да құралдармен, шығарылатын 
белгілермен (дөңгелеуге қарсы тіректері бар «Авариялық тоқтау», «Радиациялық 
қауіп» «Қозғалысқа тыйым салынған»), жеке қорғаныш құралдарымен және 
арнайы киіммен, медициналық дәрі қобдишасымен, сыртқы және ішкі байланыс 


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
және хабарлау құралдарымен, сондай-ақ авариялық жұмыстарға арналған 
жабдықтармен, құрал-саймандармен және құрылғылармен қамтамасыз етіледі.
85. Сәулелену көздерін бөлек салоны (кабина) және жүк бөлігі бар көлік 
құралдарымен тасымалдауға рұқсат етіледі. Жүк бөлігінің ішкі бетін әрлеу 
ылғалға төзімді және химиялық тұрақты жабынмен, одан дезактивациялау 
ерітіндіні ағызуға арналған құрылғымен көзделеді.
86. Тасымалдаушылар жүзеге асыратын сәулелену көзін қайта тиеу тұрғын 
үйлерден, ойын-сауық, мәдени-ағарту, оқу, мектепке дейінгі, емдеу және емдеу-
сауықтыру мекемелерінен 1000 метрден жақын емес қашықтықта орналасқан 
қатты жабыны бар алаңда рұқсат етіледі. Елді мекендердің шегінде радиоактивті 
сәулелену көздерін қайта тиеуге жол берілмейді.
Қайта тиеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу «А» тобының персоналына 
жатқызылған адамдармен жүзеге асырылады, алаңда бөгде адамдардың болуына 
жол берілмейді.
Сәулелену көзі қаптамасында саңылау пайда болуына жол бермеу 
мақсатында барлық тиеу процестері барынша механикаландырылып, тікелей бір 
көлік құралынан екіншісіне жүзеге асырылады.
Сәулелену көзін қайта тиеу жұмыстарын жүргізу сәтіне кемінде үш тәулік 
қалғанда, жүк тасымалдаушы қайта тиеу орнын көрсете отырып, аумақтық 
бөлімшеге (жазбаша түрде) хабарлайды.
87. Көлік құралдары бетінің радиоактивті ластануға жол берілетін 
деңгейлері Гигиеналық нормативте келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет