Редакциялау күні
03.04.2023
Сақтау күні
06.06.2023
Дата редакции
03.04.2023
Дата скачивания
06.06.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
ҚР НҚА ЭББ-гі нақты
құжатқа сілтеу QR-коды
«ЗҚАИ» ШЖҚ РМК лауазымды тұлғаның ЭЦҚ мәліметі бар QR-код
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
министрлігі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2022 жылғы 2 желтоқсандағы №
ҚР ДСМ-152 және Қазақстан
Республикасы Ұлттық экономика
министрінің 2022 жылғы 2
желтоқсандағы № 117 бірлескен
бұйрығы. Қазақстан
Республикасының Әділет
министрлігінде 2022 жылғы 5
желтоқсанда № 30964 болып
тіркелді
Министерство здравоохранения Республики
Казахстан
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы
саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын
және тексеру парақтарын бекіту туралы»
Ескерту. 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі – осы бірлескен
бұйрықтың 5-тармағымен
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-
тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес
:
БҰЙЫРАМЫЗ
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттары;
2) мынадай:
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қолданылу мақсатына және қызмет
түріне қарамастан объектілерге;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес амбулаториялық-емханалық және
консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау
объектілеріне;
Редакциялау күні
03.04.2023
Сақтау күні
06.06.2023
Дата редакции
03.04.2023
Дата скачивания
06.06.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес дәрілік заттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы өндіру, дайындау, сақтау,
көтерме және бөлшек саудада өткізу жөніндегі объектілеріне;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес дәстүрлі және халық медицинасы
(емшілік) объектілеріне;
осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес паллиативтік көмек және мейіргерлік
күтім көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне;
осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау, қалпына келтіру емі
және медициналық оңалту объектілеріне;
осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес стационарлық көмек көрсететін
денсаулық сақтау объектілеріне;
осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес стоматологиялық қызмет көрсететін
объектілерге;
осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес сот медицинасы және патологиялық
анатомия саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілеріне;
осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес қан қызметі саласында қызметті жүзеге
асыратын денсаулық сақтау объектілеріне;
осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту
объектілеріне;
осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес балалар сауықтыру және санаториялық
(жыл бойғы, маусымдық) объектілеріне;
осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес компьютерлер (дербес компьютерлер,
планшетті дербес ноутбуктер) және бейнетерминалдар (компьютер клубтары)
арқылы халыққа қызмет көрсету объектілеріне;
осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес білім беру объектілеріне;
осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес тамақ өнімдерін өндіретін, қайта
өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілеріне;
осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес тамақ өнімін өндіру объектілеріне;
осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес көтерме және бөлшек сауда
объектілеріне;
Редакциялау күні
03.04.2023
Сақтау күні
06.06.2023
Дата редакции
03.04.2023
Дата скачивания
06.06.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес жолаушыларды тасымалдауды жүзеге
асыратын ұйымдарға және көлік құралдарына (теміржол, су, әуе); иондаушы
сәулелену көздерін, қауіпті химиялық және уытты жүктерді тасымалдауды жүзеге
асыратын ұйымдарға және көлік құралдарына (теміржол, автомобиль, су және
әуе);
осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес көлік құралдарына (әуе, теміржол, су,
автомобиль) және жолаушыларға қызмет көрсету объектілеріне;
осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес радиациялық қауіпті объектілерге;
осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес көліктегі (теміржол, әуе, су және
автомобиль) қоғамдық тамақтану объектілеріне, борттық тамақтану
объектілеріне;
осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес парфюмерлік-косметикалық өнімдерді
және гигиена құралдарын өндіру, сақтау және өткізу объектілеріне;
осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес адамдар уақытша тұратын
объектілерге;
осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым
объектілеріне (мәдени-ойын-сауық объектілері, тұрғын үй және әкімшілік
ғимараттар, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды пайдалану ұйымдары,
кеңселер, үйлерді басқаратын ұйымдар, үй-жай иелерінің кооперативтеріне);
осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес кәрізді (оның ішінде жауын-шашын
кәрізін) тазарту құрылыстарына және желілеріне;
осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес қалдықтардың өндірістік, қатты-
тұрмыстық және өзге де түрлерін жинау, сақтау, тасымалдау, жою, сұрыптау,
қайта өңдеу, зарарсыздандыру, кәдеге жарату жөніндегі объектілеріне;
осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес спорттық-сауықтыру мақсатындағы
объектілерге, бассейндерге, моншаларға, сауналарға, кір жуу, химиялық тазарту
орындарына;
осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес 2-санаттағы (мәдени-тұрмыстық
мақсаттағы) су объектілеріне, демалыс орындарына (жағажайларға);
осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес емдік-косметологиялық объектілеріне,
сұлулық салондарына, косметологиялық орталықтарға, шаштараздарға;
Редакциялау күні
03.04.2023
Сақтау күні
06.06.2023
Дата редакции
03.04.2023
Дата скачивания
06.06.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес су көздеріне, шаруашылық-ауыз сумен
жабдықтауға арналған су жинау орындарына, орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелеріне;
осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес жерлеу мақсатындағы объектілерге,
зираттарға, саябақтарға, қоғамдық дәретханаларға, жаппай демалыс орындарына;
осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес өндірістік мақсаттағы ғимараттарға,
құрылыстарға және үй-жайларға;
осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес мұнай операцияларын жүзеге асыратын
технологиялық және ілеспе объектілер мен құрылыстарға;
осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес радиотехникалық объектілерге және
радиоэлектрондық құралдарға;
осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес құрылыс объектілерін салу,
реконструкциялау, жөндеу және пайдалануға енгізу кезінде өндірістік мақсаттағы
объектілерге, ғимараттар мен құрылыстарға;
осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес көмір өнеркәсібінің өндірістік
мақсаттағы объектілеріне, ғимараттары мен құрылыстарына;
осы бұйрыққа 38-қосымшаға сәйкес химиялық өнеркәсібінің өндірістік
мақсаттағы объектілеріне, ғимараттары мен құрылыстарына;
осы бұйрыққа 39-қосымшаға сәйкес түрлі-түсті металлургия және тау-кен
өнеркәсібінің өндірістік мақсаттағы объектілеріне, ғимараттары мен
құрылыстарына;
осы бұйрыққа 40-қосымшаға сәйкес қара металлургияның өндірістік
мақсаттағы объектілеріне, ғимараттары мен құрылыстарына;
осы бұйрыққа 41-қосымшаға сәйкес зертханалардың барлық түрлеріне;
осы бұйрыққа 42-қосымшаға сәйкес иммунологиялық дәрілік
препараттарды (иммунобиологиялық дәрілік препараттарды) сақтау, тасымалдау
және қолдану объектілеріне;
осы бұйрыққа 43-қосымшаға сәйкес дезинфекциялау, дезинсекциялау,
дератизациялау бойынша қызметті жүзеге асыратын объектілерге;
осы бұйрыққа 44-қосымшаға сәйкес жұқпалы аурулардың таралуына
байланысты шектеу шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде
Редакциялау күні
03.04.2023
Сақтау күні
06.06.2023
Дата редакции
03.04.2023
Дата скачивания
06.06.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға
жататын объектілерге қойылатын талаптары бар халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тексеру парақтары;
3) осы бұйрыққа 45-қосымшаға сәйкес рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға
жататын объектілерге қойылатын талаптары бар халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 46-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылды
деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы тармақтың 1) және 2)
тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Заң департаментіне
ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа
енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |