«Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру» тақырыбы бойынша бағдарлама немесе жоспар әзірлеу



Дата18.02.2022
өлшемі11,67 Kb.
#25840
Байланысты:
« аза стан Республикасыны леуметтік ба дарламаларын іске асыру


«Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру» тақырыбы бойынша бағдарлама немесе жоспар әзірлеу

2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.  

Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:  

1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм

2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау

3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік

4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары

5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту



6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту

7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі



Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген.

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаты болып табылады және ол Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру үшін әзірленді.

2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар Мемлекет басшысы 2017 жылдың басында жариялаған елдің Үшінші жаңғыру процестерін іске қосады және жеделдетілген сапалы экономикалық өсу мен елдегі өмір сүру деңгейін арттыру жөніндегі міндеттерді қойып отыр.

2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын алмастырады, ол жаһандық қаржы дағдарысының салдарын бәсеңдетті және экономиканың әртараптандырылған тұрақты өсуіне көшуді жеделдетті. 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспардың негізгі міндеттері мен нысаналы индикаторлары орындалды, қалғандары мемлекеттік бағдарламалар мен жоспарлар арқылы іске асырылуда.

2025 жылға дейінгі негізгі мақсат – адамдардың әл-ауқатын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің деңгейіне көтеруге алып келетін экономиканың сапалы әрі тұрақты дамуына қол жеткізу.

Экономиканың сапалы өсуі бизнес пен адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, технологиялық жаңғыртуға, институционалдық ортаны жетілдіруге, сондай-ақ адамның табиғатқа теріс ықпалын барынша азайтуға негізделуге тиіс. Бұл ретте БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары маңызды бағдар болады.

2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар жеті маңызды жүйелі реформаның және жеті басым саясаттың төңірегінде құрылған, олар 2025 жылға дейінгі кезеңде елдің экономикасы мен әлеуметтік өмірінде жүзеге асырылатын болады. Елдің әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы прогресін өлшеу үшін негізгі ұлттық индикаторлар мен халықаралық индекстер айқындалды.



басқа көптеген халықтар жер аударып жіберілді, олардың автономдық білімдері алдын ала жойылды. Салмақты жер аудару қарсаңында 1939 ж. санағы бойынша Қазақстанда 54696 поляк, 3569 – латыш, 808 –литвалықтар және т.б. өмір сүрді. 1941 ж. тамызда Қазақстанға 349713 адам көшірілді, немістердің жалпы саны 441713 болды. 1944-1945 жж. Қазақстанға қалған немістер саны көшірілді. Бұдан басқа Қазақстан аумағында және елдің т.б. аймақтарында неміс және жапон әскери тұтқындары жұмыс істеді, олардың жалпы саны 2,5 млн. адам болды. 50-шы жылдары әскер тұтқындардың отанға оралуы аяқталды. 1959 ж. республиканың тұрғындары 9294741 адамды құрды, яғни соғысқа дейінгі санын 1,5 есеге асырды. 20 жыл ішінде (1939-1959 жж.) қазақтардың саны 474 мың, орыстар – 1523 мың (62%), украиндықтар – 105 мың (16%), татарлар – 85 мың (79%), өзбектер – 33 мың (32%), белорусстар – 76 мың (3,4 рет), ұйғырлар - 24,4 мың (69%), басқалар - 311 мың адамдар (2,6 рет) саны өсті. 1939 ж. немістердің саны 92379 адам болғаны белгілі, ал 1959 ж. 659658, әзрбайжандар – 12 мың және 38 мың адам болды. Корейліктердің салыстырмалы салмағы осы уақыт ішінде 0,8%-ға, абсолюттік төмендеуі кезінде 22 мың адамға төмендеді. 1970 ж. 40%-ға көбейіп, Қазақстан халқын 13 млн. адам құрды, оларда қазақтар саны 4234 мың (32,6%), орыстар – 5522 мың (42,5), украиндықтар – 933 мың (7,2), немістер — 858 мың. (6,6), татарлар — 288 мың (2,2), өзбектер — 216 мың (1,7), белорусстар — 198 мың (1,5), ұйғырлар — 121 мың (0,9), корейліктер — 81 мың (0,6), әзербайжандар — 58 мың (0,4), басқа ұлттар — 498 мың болды. Егер республикада қала тұрғындарының салыстырмалы салмағы 1959-1970 жж. 6,5 пунктіне көтерілсе, орыс (10,1), украиндықтар (13,4), корейліктер (17,9), әзербайжандар (13,1 пунктеріне) баяу кенеттелді. Кенеттелудің бұрынғы қарқынын тек белорусстар сақтады (6,0%), қалған этностар қала тұрғындарын қалыптастырудан артта қалып отырды. 1989 ж. қазақтардың кенеттелуі 38,4%, немістер – 49,1, өзбектер – 37,3, ұйғырлар – 34,2% құрды. Орыстар (77,8), украиндықтар (65,3), татарлар (77,2), белорусстар (61,6), корейліктер (84,2%) аса кенеттелген болды. 1979-1989 жж. агаралық этностар ретінде белгіленген

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет