Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi Энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi:
отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиiмдiлiгiн арттырудың оларды шығару мен жылу және электр энергиясын өндiрудi молайтудан басымдығы;
отын-энергетика ресурстарын және (немесе) энергияны шығару, өндiру, ұқсату, тасымалдау және пайдалану кезiндегi адамның қауiпсiздiгi мен денсаулығын, оның өмiрiнiң әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайларын, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етудегi басымдық;
энергия үнемдеу саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру;
энергия үнемдеудi, энергияның жаңғыртылатын көздерiн пайдалануды ынталандыруды экономикалық жағынан қолдау қажеттiгi;
өндiрiлетiн және жұмсалатын отын-энергетика ресурстарының анық есебiнiң мiндеттiлiгi;
отын-энергетика ресурстарын өндiрушiлердiң, жеткiзiп берушiлердiң және тұтынушылардың мүдделерiн үйлестiру;
энергия үнемдеуге жүйелi көзқарас;
энергия үнемдеу саласында ақпарат, бiлiм беру және ғылыми-зерттеу қызметiн iске асыру болып табылады.
Энергия үнемдеудiң негiзгi бағыттары Энергия үнемдеудiң негiзгi бағыттары:
ұлттық экономиканы интенсивтi дамыту үшiн қажеттi энергия өндiру мен тұтынуды тұрақтандыру;
энергия өндiру мен тұтыну режимдерiн оңтайландыру, оның есеп-қисабы мен бақылауын ұйымдастыру;
кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың энергетикалық тиiмдiлiгiн зерттеудi ұйымдастыру;
өнiмдердiң, жұмыс iстеп тұрған және қайта құрылатын объектiлердiң, технологиялар мен жабдықтардың энергия үнемдеуiне сараптама жүргiзу;
энергияның жаңғыртылатын көздерiн дамыту;
қайталама энергетика ресурстары мен қалдықтарын кәдеге жарату;
энергетикалық жағынан тиiмдi техника мен өнiмдердi, озық технологияларды енгiзу жөнiндегi жобаларды iске асыру;
осы салада ғылыми зерттеулер мен басқарудың жаңа әдiстерiн енгiзу;
отын-энергетика ресурстарын шығару, өзгерту, тасымалдау, сақтау және тұтыну кезiнде олардың ысырап болуын қысқарту;
босатылатын және тұтынылатын энергетика ресурстарын есептеу бөлiгiнде өлшемнiң дәлдiгiн, нақтылығы мен бiрлiгiн қамтамасыз ету;
энергетика ресурстарын үнемдеудi қамтамасыз ететiн жаңа құрылыс нормалары мен ережелерiн енгiзу және олардың қолданылып жүргендерiн жетiлдiру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң энергия үнемдеу саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасының Үкiметi энергия үнемдеу саласында:
бiрыңғай мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi;
мемлекеттiк энергия үнемдеу жүйесiнiң құрылымы мен уәкiлеттi органды белгiлейдi;
отын-энергетика ресурстарын өндiру мен тұтыну кезiнде стандарттау, сертификаттау және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы саясатты белгiлейдi;
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Энергия үнемдеу саласындағы нормалау, стандарттау мен сертификаттау 1. Энергия тұтыну нормативтерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi және олар озық технологиялар жетiстiктерiн ескере отырып, әрбiр бес жылда қайта қаралып отыруға тиiс.
Отын-энергетика ресурстары шығынының нормативтерi мiндеттi түрде энергетикалық паспортқа, отын-энергетика ресурстарын тұтынатын жабдықтарды, үйлер мен ғимараттарды пайдалану және техникалық жағдайы жөнiндегi технологиялық нұсқаулықтарға енгiзiледi.
Отын-энергетика ресурстары шығынының нормативтерiн сақтау үшiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Мемлекеттiк стандарттар, техникалық нормалар мен ережелер энергия тұтыну саласында белгiленетiн талаптар республиканың бүкiл аумағында орындау үшiн мiндеттi.
Кез-келген мақсаттағы энергия тұтыну өнiмi, сондай-ақ энергетика ресурстары энергия тиiмдiлiгiнiң тиiстi көрсеткiштерiне мiндеттi түрде сертификатталуға тиiс. Мiндеттi сертификаттау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Энергетика ресурстарын шығару, өндiру, ұқсату, тасымалдау, сақтау және тұтыну кезiнде, сондай-ақ оларды сертификаттау кезiнде мiндеттi түрде мемлекеттiк метрологиялық бақылау жүзеге асырылады.