2. Абай Құнанбаевтың қара сөзіндегі «Адам болу мәселесі»
2. 1. Абайдың қара сөздері
Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – қара сөздері.
Абайдың қара сөздері ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Абайдың толық жинағында 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары бар. Жалпы саны қырық бес бөлек шығарма.
Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлермен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық пікірлерімен бірігіп, философиялық тұжырымдамасын құрайды. Абай қара сөздері көбінесе барлық жайлардан өзі сөз бастап, өзі әңгіме дүкен құрып отырған болады. Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз т. б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. «Қара сөздер» деген атау өлең сөзден бөлек шығарма мағынасын білдіреді. Өлең өнерін қазақ қара сөз демейді. Қара сөз «проза» деген мағынада айтылған. Қара сөз еркін ой білдіру формасы. Ақын өлеңдерінің кейбір күрделі дүниетанымдық мәселелері қара сөздерде түсіндірілген. Абайдың біршама өлеңдерін қара сөздердегі кейбір ойларды түсініп барып қабылдауға мүмкіндік ашылады. Мысалы «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңің түсіну үшін алдымен отыз сегізінші сөзді оқыған жөн. Абай қара сөздерінде Сократ, Платон, Аристотельдерді хакімдер деп атай отырып, өзінің де хакім екендігін дәлелдеп берген, Абай «хакім» деген ұғымды тек қолданып қоймай оны түсіндірген.
2. 2. Қара сөзіндегі – адамгершілік бастауы
2. 2. Қара сөзіндегі – адамгершілік бастауы
Ақын қара сөздерінің тілі сырттай, тұтас алып қарағанда бір стильдік үлгіде болғанмен іштей, жіктей оқығанда, осы үлгінің өзінде азды – көпті айырым жайлар байқалады. Ақынның поэзиясындағы талғампаздық, яғни сөз етіп отырған тақырыбына орай өлеңдік үлгі, форма іздену сияқты талғампаздық қара сөздері тілі тұтасында да көрінеді.
Абай тегінде поэзиясы сияқты қара сөздерінің де оқушысы кім болғанын көптен – көп ескеріп отырған болса керек. Сондықтан да бұлар қазақтық мінез, бұқара халыққа сөз болған орайда лексикасында араб, парсы сөздерінің барынша сирек ұшырасатыны сияқты, сөйлем жүйесінде, барынша қарапайымдылық, ауызекі әңгімелесу стиліне дін оңай, жеңіл оралымдар үстеме болып келсе, діни мораль, дін ережелері сөз болған шақта әрі дін иелерімен, ескіше оқығандармен пікір сарабына түсіп кететін реттерде лексикасында араб, парсы сөздері, діни лексика құран аяттары, түркі кітаптарына тән грамматикалық формалар көп енгізілетін сияқты, сөйлем құрылысында да өзгеше бір ерекшелік кездеседі.