Зерттеудің өзектілігі. “Симметрия” термині грекше “ұқсас, пропорционал, бөліктердің бірдей орналасуы” деген мағынаны білдіреді.
Қазақтың ұлтық ою-өрнектері өзінің әсемдігімен көз тартады. Ою-өрнектедің түрлері өте көп. Олардың әрқайсысы әртүрлі симметриялы. Сонымен қатар қазақ қыздарының әшекей бұйымдары да басқаларға қарағанда симметрия жағынан айқын көрінеді. Оған мысал ретінде шашқа тағатын шолпы, білезік, белдік пен белбау сондай-ақ киіз үйдің жабдықтары сандықтың бетіндегі оюлардың барлығы симметриялы.
Зерттеудің мақсаты. Күнделікті өмірде айналамызда жиі кездесетін симметриялық заттардың өзіндік қасиеттеріне терең үңіле отырып, олардың құпия сырларын танып білу, математикалық өлшемдердің табиғаттағы үйлесімділігін зерттеп-зерделеу, айналамыздағы симметрияның қолданыс аясын зерттей отырып, өмірдегі алатын орнын және ұлттық ою өрнектердегі симметрияны, табиғат пен архитектурадағы симметрияны қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
Симметрия тарихына ой шолу
Фигуралардың симметриялығы
Табиғаттағы симметрияға тоқталу
Архитектурадағы симметрияға тоқталу
Ұлттық ою өрнектегі симметриялар түрлерін анықтау.
Зерттеу объектісі: Айналамыздағы симметрияның жас ұрпақтың білуіне ақпарат, баспасөз құралдарының насихаттау дәрежесі жеткіліксіз болғандықтан, практикада қолданауға үйрету, айналамыздағы симметрияның терең таныту.
Зерттеу болжамы: Егер мектеп қабырғасынан жас өспірімдерге қазақ халқының мәдениетін, қолөнері мен сәулетін үйретсе, олар оны мұра тұтып, дамытуға талаптанса, онда болашақта құзыретті мамандар, әлемдік заманында биіктен көрінетін тұлға дайындауға мүмкіндік туады.
Тақырыптың өзектілігі:Симметрия айналамыздағы қоршаған ортада көп кездеседі : табиғатта, архитектурада, қолөнерде. Осы тақырыпты зерттей отырып, халқымыздың ою - өрнегін өшуге, жоғалуға жатпайтынын жас ұрпаққа дәріптеу, елімізге заманға сай мамандықтарды (архитектор, модельер, дизайнер және т.б.) таңдауға баулу.
4