Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Шығыс Қазақстан облысы



бет4/9
Дата29.12.2023
өлшемі4,42 Mb.
#144838
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ғылыми жоба Симметрия әлемінде (1)

2.2. Табиғаттағы симметрия.
Мысалы: конустық симметрия барлық ағаштарда анық байқалады . Ағаш тамырымен ылғалды және құнарлы заттарды жерден яғни астынан алады да, қалған өмірге қажетті функциялардың барлығын жоғарыдан алады.

А ғаштың тұлғасы оның тік симметрия өсі болып саналады. Симметрияны жапырақтардан, гүлдерден, бұтақтардан, өнімдерден ашық көруге болады. Көбінесе гүлдердің симметриясы бұрылысты симметрия мен айналы шағылысу симметриясы екеуі қатар болады.




Егер түзу бойымен бүктегенде жазықтықтағы фигуралар бір бірімен беттесетін болса, онда ондай фигуралар түзуге қатысты симметриялы фигуралар деп аталады. Мысалы, көбелектің қанаттары денесіне (симметрия осі) қарағанда симметриялы. Қанаттарындағы өрнектері екі бөлігінде бірдей қашықтықта орналасқан.




8
2.3 Көркем өнердегі симметрия


Қазақтың ұлтық ою-өрнектері өзінің әсемдігімен көз тартады. Ою-өрнектердің түрлері өте көп. Олардың әрқайсысы әртүрлі симметриялы. Сонымен қатар қазақ қыздарының әшекей бұйымдары да басқаларға қарағанда симметрия жағынан айқын көрінеді. Оған мысал ретінде шашқа тағатын шолпы, білезік, белдік пен белбау сондай-ақ киіз үйдің жабдықтары сандықтың бетіндегі оюлардың барлығы симметриялы.
Қазіргі уақытта симметриялық ұлттық ою өрнек қолдану. Мұсылман өрнегінің ең көп қолданылатын түрі өсімдік тәріздес өрнектер. Бұл өрнек түрін сәулеттік ғимараттарда, қолөнер туындыларында, кітап әшекейлерінде, киімде барлық жерлерде кездестіруге болады. Мұндай кең қолданыста болуы - бұл өрнек түріне өте көп үлкен мән берілгенінің дәлелі.
Кеңістіктегі әсемдікке ерекше көңіл бөлінген нақыштың сәнділігін, ырғағын, ою өрнегін, синтетикалық бірлігін түсіну осы халықтар мен ұлттардың көркемдік дүние танымына тән қасиет екенін зерттеушілер мойындайды.
Мұсылман өрнегі туралы айтқанда өзіндік мәні бар жеке үлгілеріне тоқтала кету керек.
Соның бірі, көбіне он екі ұшты болып келетін дөңгелек өрнек «күн» деген сөз. Күн белгісі көне заманнан барлық халықтарда ғарыштық, ғылыми әлемнің белгісі болған.
Аспанда «Көк тәңірісі» деп атаған қазақтарда ай қасиетті мағынаға ие, оның синонимі Тәңір, аспан. Қазақтарда ай болып есептеледі. Зерлерлік өнерде бұйымдардың сыртқы пішіндерін, бет бедерін, күн, жұлдыз сияқты аспан шырақтарына ұқсас космогониялық көріністермен безендіру - жиі құбылыс. «Айсырға», «Айбас», «Аймүйіз», «Айшық» өрнек аттары(5) Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті.
«СЫНЫҚМҮЙІЗ» морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі. Бұл ою-өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай-ақ әр түрлі қалталарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісі малдың сынған мүйізіне ұқсайды.
«ТАРАҚ» үлгідегі өрнек күнделікті тұрмыста пайдаланылып жүрген шаш тарайтын тараққа ұқсайды. Бұл өрнек нақышына келтіріліп алаша, басқұрларда қолданылады және тараққа ұқсас бірнеше жуан жолақтардан тұрады.
«ОМЫРТҚА» ою-өрнегін кестелерден, өрме шилерден, сүйек пен ағаштан жасалған бұйымдардан жиі көреміз. Бұл өрнек түрі омыртқаның түрін тұспалдайды, ол әр түрлі үйлесімде түрленіп, ою композиңиясының ортасына және жиегіне қолданылады.
«БАЛДАҚ» ою-өрнегі бүркіт ұстаған қолдың білегіне киіліп тұратын жоғары басы балдақ сияқты жарты шығыр формасында келеді. Балдақ өрнегі бір-бірімен қосыла, шеңберге ілмелене келіп, күрделі өрнек түзейді.
9
Бұл өрнек киіз бұйымдарын әшекейлеуде, кесте тігуде, зат бетіне оюлы бедер салуда қолданылады.
«МҮЙІЗ» - қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мұйіз» ою-өрнек кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданылады. Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «еркешмүйіз», «қошқармүйіз» т.б. түрлерге бөлінеді. «Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши), тұрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, оқшантай, торсық, сандық т.б.), сондай-ақ қару-жарақтарда (қынап, оқшантай, торсық, садақ), киім-кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) қолданылады, жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады. «ЖІЛІНШІК» ою-өрнегі малдың жілік сүйектерінің негізінде туған атау. Жіліншік өрнегі қатар екі сызық бейнесінен құралатын буынды өрнек (алаша, киіз, тысқап, баулар, басқұрларды безендіруге қолданылады).
«ИТҚҰЙРЫҚ» ою-өрнегінің сырт көрінісі иттің қайқайып тұрған құйрығына ұқсас, көбінесе мұны сүйек пен ағаштан жасалған бұйымдардың (киіз үй есігі мен ағаш төсектің) бетін бедерлеу үшін, киіз бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданады.
«ГҮЛ» ою-өрнегі гүл өсімдігінің барлық түрлерін тұспалдап тұрады. Бұл өрнектің түрі үш жапырақты ою-өрнектен басталып, он екі жапырақты ою-өрнекке дейін қолөнер бұйымдарында кездеседі. Кесте тоқуда және киім-кешектердің жағасына, қалтасына, жиектеріне салады.
Сынық мүйіз оюы Тарақ оюы

Омыртқа оюы Балдақ оюы


10
Мүйіз оюы Жіліншік оюы



Итқұйрық оюы Гүл оюы

Қазақ ұлттық ою өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар, атадан -балаға, ұрпақтан - ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып дамып келе жатқан өнер түрі.


Біздің жыл санауымыздың бұрынғы 5 - 3 ғасырлар аралығында Алтай өңірінен, Қара теңіз төскейіне дейінгі сайын даланы қоныстанған түркі халықтарының түп - аталары байырғы Сақтар - әлем мәдениетіне өрнердің өшпес асыл мұраларын өнер жарықтарын қалдырған.
Халқымыз молшылықты - дарияға, теңізге, бәйтерекке теңесе, батырды -арыстанға, қыранды - бүркітке теңеді. Сұлуды - ай мен күнге, хош иіс гүлге, құралайдың лағына, аққудың көркіне, бота мен тұрымтайдың көзіне, сұқсырдың мойынына, алмаға, қарақатқа теңеді. Әсемдікті аң - құстан, өсімдіктен, табиғаттан іздеді. Сол сұлулықты ою өрнекке түсірді, дамытты.
Ою өрнек дегеніміз - геометриялық және бейнелеу өнерінің жиі ырғақпен қайталанып үйлесімді құрылуы. Ою өрнектің тұрмыста пайдалану ауқымы өте кең. Айшығы мол, жасалуы күрделі, өте нәзік оюлар ертеде хандардың салтанат сарайларын, үйлердің ішін, күрделі діни кесенелерді безендірген. Оған мысал Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі, Аша бибі мазарындағы, Қырым хандығы сарайындағы, Испаниядағы мұсылман мешіттеріндегі, қасиетті Мекке Мәдинадағы мешіт іштеріндегі оюларды айтуға болады.
11




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет