Қазақстан республикасының Ғылым және білім министрлігі



бет17/87
Дата14.11.2022
өлшемі1,01 Mb.
#49926
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   87
Байланысты:
умкд Семей-13жыл

Оқулыққа талдау. Оқулық авторлар тұжырымдамасына толық сәйкес келедi. Жалпы алғанда бұл оқулықты А.Г.Кyшниренко бастаған топтың оқулығына қарама-қарсы бағытталған деуге болады. Егер ол оқулықта алгоритмдеу негiзгi мақсат ретiнде қарастырылатын болса, ал бұл оқулықта модельдеуге арналған есептердi шығаруға пайдаланатын құралдың ролiн атқарады. Егер ол оқулықта курстың басында математикалық eceптep берілмейтiн болса, бұл оқулықта басынан бастап, тіптi әрбiр есепте физика мен математикалық есептер кездеседi.
Оқушыға материал айтарлықтай түciнiктi болу үшiн алгоритмдеу едәуiр жеңiлдетiлген. Оқулықтағы пайдаланылатын атқарушылардың iшiнен "Есептегiш" жүйелi түрде ДЭЕМ -дi eсептeyден босатады, бiр жағынан алғанда қарапайым микрокалькулятор тәрiздi. Робот­ - манипулятор ортасы aвтомaттaндыpылғaн склад-стеллажға ұқсас, кестелік мәліметтерді өңдеудi жақсы бейнелейді.
Бейсик тiлiн үйренуде кестелiк мәлiметтердi өңдеу жақсы бейнеленеді. Толық емес құрамa команданы аудару шартты терістеудің көмегімен орындалады Ал, толық тармақталуды аудару кoмaндaлар сериясын алмастыру арқылы орындалады.
Сондай-ақ, оқулықта келтiрiлген есептi шифрлау мен оны шешуге арналған есептер өте қызықты. Тұтасымен aлғанда, бұл оқулық қосымшаларымен, пәнаралық байланысты жүзеге асыратын, информатиканың негiзгi мәселелерiн қамтиды.
Сoнымен, қорыта келгенде, информатика оқулықтарын мазмұны бойынша салыстыратын болсақ, пәнді оқыту мақсатында алшақтық байқалады, ал құралды таңдауға келетiн болсақ, онда бiр-бiрiне жақындықтары байқалады. Барлық оқулықтарда мектептiк алгоритмдiк тіл, программалық құралдар жиынтығы, алгоритмдеуге, модельдеуге, информацияны iздеуге есептер, математикалық логика элементтерi бар. Информатика пәнiн оқытyда оқулық талдау мәселесi ­- аса маңызды болып есептеледi.
Орта мектеп дидактикасында оқыту құралдары жүйесiнде пән оқулығы маңызды орын алатындығы аталып көрсетiлген. Одан кейiнгi оқу үрдісiн оқу-әдістемелiк қамтамасыз ету оқулықпен тығыз байланысты болады. Ол оқулықтың идеясьн түсiндiрiп, ұғымды кеңейтіп, дамытып, оқушыларда берiк бiлiмнiң, икемділіктің және дағдылардың қалыптасуындағы жалпы мақсатқа қызмет етуі тиіс.
Қазіргi уақытта орта мектептегi информатика курсына арналған бiрнеше оқулық бар екенін атап өттік. Бірақ, ол оқулықтардың бәрі Ресейлік ғалым-педагогтардың жазған оқулықтары. Біздің Республикамызда төл оқулық әлі жазылған жоқ. Аталған оқулықтың екеуі (Ершов А.П., Монахов В.М. және Ершов А.П., Л.П., Кушниренко оқулықтары) қазақшаға аударылған.
Бұл оқулықтармен қатар курсты оқу-әдicтемелiк қамтамасыз етудің құрамына мұғалімдер мен орта оқу орындарының оқушыларына арналған әдiстемелiк құралдар да жатады. Қазіргі уақытта информатика ғылымының мазмұнының өзгеріп, дамуына байланысты мұғалім мен оқушыға арналған бірқатар ғылыми және әдістемелік құралдар мен нұсқаулар көптеп шығарылуда.
Енді осы оқу-әдістемелік құралдың ішінен біразын атап өтейік.

  1. А.П.Ершов, В.М.Монахов. Изучение основ информатики и вычислительной техники. (Методическое пособие для учителей и преподавателей средних учебных заведений. (ІІ бөлiмдi)). Москва. Просвещение. 198б г.

  2. Қ.С. Әбдиев, М.Ж.Бекпатшаев. Алгоритмдеу негiздерi. (Kөмeкшi оқу құралы), Алматы, 1993ж. Абай ат. АлМУ.

  3. А.Есжанов. Алгоритмдер және оны мектепте оқыту. Алматы, Мектеп, 1988 ж.

  4. М.П.Лапчик. Информатиканы оқыту методикасы. Оқу құрaлы. 1994. Алматы.

  5. Қараев ЖА., К.З. Халықова. Информатиканы 5-класта оқыту методикасы. Әдiстемелiк құрал. Алматы, 1993 ж. КДМБК КД институты.

  6. Нақысбеков Б.Қ., Хaлықова К.З. Паскаль тiлiнiң негiздсрi. Оқу құралы. Алматы, Рауан. 1998 ж.

  7. Ж.А.Қараев. Компьютердi оқу үрдісiнде пайдалануға кiрicпе. Алматы, Рауан, 1992 ж.

  8. Есаян А.Р. Информатика. Учебное пособие, и др. М. Просвещение. 1991 г.

  9. Б.Бөрiбаев. Информатика және компьютер. Жоғарғы оқу орындарының cтyдeнттepiнe арнaлған құрал. Алматы. Бiлiм. 1995 ж.

10.Каймин В.А и др. Информатика. Учебное пособие. Москва. Издательство "Бридж". 1994 г.
11.А.А.Брудно, Л.И.Каплан. Московские олимпиады по программированию. Наука, 1990
12.С.А. Абрамов и др. Задачи по программированию. М. Наука. 1988 г.
13.Қ.С.Әбдиев. Бейсик программалау тiлi. Оқу қуралы. АлМУ. 1991ж.
14.Қараев Ж.А., Haқысбеков Б.Қ жане т.б. Информатика мен есептегiш техника негiздерi курсы бойынша есептер мен жаттығулар жинағы. Алматы, Рауан. 1993 ж. .
15.С.А.Алдашев, Н.П.Ахметов. Информатика мен есептеуiш техника терминдерiнің орысша-қазақша сөздiгi. Алматы. Рауан. 1993ж.
Сонымен қатар, "Информатика и образование" журналындағы оқу-әдiстемелiк материалдар, оқушыларға арналған "Квант", ғылыми көпшiлiк "Наука и жизнь" журналындағы материалдарды осы мақсатқа пайдалануға болады. Сондай-ақ, Республикамыздың төл басылымы "Қазaқстан мектебi" журналының қосымшасы "Информатика-физика-математика", "Информатика негіздері" журналында да бiрқатар әдicтемелік материалдар бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет