Қазақстан республикасының Ғылым және білім министрлігі



бет14/87
Дата14.11.2022
өлшемі1,01 Mb.
#49926
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   87
Байланысты:
умкд Семей-13жыл

Жалпы ережелер:
Информатика пәнiн оқытудың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi төмендегiдей:

  • оқушылардың ғылыми дүниетанымдық негiзiн қалыптастыру;

  • оқушылардың ойлау қабiлетiн дамыту;

  • оқушыларға ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологияларды меңгерту;

  • оқушыларды өмiрге, еңбекке және бiлiмдерiн жалғастыруға даярлау;

  • информатика ғылымының негiзiн қалайтын үш ұғымның (зат, энергия және ақпарат) бiрi болып есептелiнетiн, қазiргi таңдағы әлем бейнесiн құрудың негiзiн құрайтын ақпарат ұғымын қалыптастыру;

  • қоршаған ортаны жаңа ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын қалыптастыратын ақпараттық үрдiстердi, табиғат, қоғам, техника аймақтарында қарастыру;

  • қоғам дамуында жаңа ақпараттық технологиялардың ролiн анықтау, қоғамның ақпараттық сатыға өту кезеңiнде адам еңбегiнiң мазмұны мен сипаттамасын өзгерту;

  • оқушылардың теориялық, шығармашылық ойлау қабiлеттерiн дамыту;

  • тиiмдi шешiмдер таңдай бiлуге бағытталған, оперативтi ойлау деп аталатын жаңаша ойлай бiлудi қалыптастыру;

  • ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар саласында бiлiм, бiлiк және дағдыларды қалыптастыру мен оларды дамыту;

  • оқушыларды ақпараттық бiрлiктермен қамтамасыз ететiн бiлiмдермен қаруландыру;

  • оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетiн қалыптастыру.

“Информатика” пәнiн зерттеу объектiлерi:

  • ақпарат;

  • ақпараттық ресурстар;

  • ақпараттық үрдiстер;

  • ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар.

“Информатика” пәнiнiң даму болашағы мына көрiнiстерге байланысты:

  1. пәннiң жалпы бiлiмдiк, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, атап айтқанда:

  • оқушыларға формальдау, модельдеу және компьютерлiк тәжiрибе әдiстерiн меңгерту;

  • тиiмдi шешiмдердi таңдай бiлуге бағытталған оперативтi ойлау қабiлетiн дамыту.

  1. информатиканың ғылыми пән ретiнде қалыптасуы, атап айтқанда, әлеуметтiк, экономикалық, құқықтық, биологиялық, қолданбалы информатика және т.б.

“Информатика” пәнiнiң даму бағыттары:

  • Теориялық информатика. Мұнда ақпараттың жалпы қасиеттерiн зерттеу, табиғаттағы және қоғамдағы ақпарат үрдiстерiнiң өзара қатынасы, сонымен қатар әр түрлi ақпараттық орталарда ақпараттық үрдiстердi жүзеге асырудың негiзгi заңдылықтарын зерттеу мәселелерi қарастырылады.

  • Ақпараттандыру құралдары. Мұнда дербес компьютерлердiң, микропроцесорлардың есептеу қызметiнiң мүмкiндiктерi және аймақтық желiлер арқылы ақпараттарды алмасу қызметтерi туралы мәселелер қарастырылады. Әр түрлi ақпараттарды сақтау, өңдеу және қолдану мүмкiндiктерiн одан әрi жетiлдiру бағытында ақпараттық технологиялардың даму мәселелерiн қарастырумен жалғасады.

  • Әлеуметтiк информатика. Мұнда информатика мен ақпараттық технологиялардың қазiргi қоғамдағы алатын орны, ақпарат пен және программалық өнiмдермен жұмыс жасаудың құқықтық, этикалық және моральдық нормалары, жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық қауiпсiздiгi төңiрегiндегi мәселелер қарастырылады.

Информатика” оқу пәнi бойынша оқушылардың мiндеттi дайындық деңгейiне қойылатын талаптар мектептiң әр түрлi сатысында берiлетiн оқу мазмұнына сәйкес берiлген. Сатылар негiзгi, жоғарғы (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық) деп қарастырылған. Аталған сатыларға сәйкес берiлген мазмұндық желiлер бойынша оқушының мiндетi дайындық деңгейiне қойылатын талаптар анықталған.
Информатика” оқу пәнi бойынша оқу үрдісiн ұйымдастыру және оны жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптар мына бағыттарда қарастырылған: оқыту үрдісiн мамандармен қамтамасыз ету; оқыту үрдісiн оқу-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету; материалдық-техникамен базамен қамтамасыз ету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет