КОМПЬЮТЕРДІҢ АППАРАТТЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ 2.1. ТАҚЫРЫП. ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
№7 сабақ
Сабақтың тақырыбы:
Есептеуіш техникасыынң даму тарихы. ЭЕМ – ның қоғам өміріндегі рөлі: үйде, медицинада, өнерде, бизнесте, ғылымда, ЭЕМ – ді қолдану аумақтары.
Бағдарламалық – дидактикалық қамсыздандыру
Оқулық. Жұмыс дәптері.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды ЕТ – нің даму тарихымен оны құрылуының негізгі принциптерімен таныстыру. ЭЕМ – нің өміріндегі рөлін түсіндіру. ЭЕМ – ді қолдану аумақтары туралы ой - өрісін кеңейту.
Сабақтың типі:
Пікірлесіп – түсіндіру.
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:
Оқушылар білуі тиіс: ЕТ дамуының негізгі кезеңдерін;
Ақпарат түрлерін;
Цифрлық есептеуіш машинасының құрылу принциптерін;
ЭЕМ буындары мен олардың элементтік базасын;
ЭЕМ – ді қолдану аумақтарын.
Оқушылар үйренуі тиіс: әр түрлі бундарға ЭЕМ мысалдарын келтіру;
ЭЕМ элементтік базасы бойынша қандай да бір машина қай буынға жататынын аңықтауды;
ЭЕМ – ді қоғам өмірінде қолдану мысалдарын келтіруді.
2.2. ТАҚЫРЫП. ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕР
№8 сабақ
Сабақтың тақырыбы:
Дербес компьютерлер. Компьютермен танысу. Компьютердің құрылымы. Компьютердің арналуы. Мүмкіндіктерін көрсету. Жүйелік блок. Компьютердің ішкі құрылғылары.
Бағдарламалық – дидактикалық қамсыздандыру
КУВТ, музыкалық компакт – диск, компьютерлік ойындар, мәтіндік және графикалық редакторлар, калькулятор. Оқулық. Жұмыс дәптері.
Сабақтың мақсаты:
Дербес компьютермен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ мүмкіндіктерін көрсету. Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғылармен және олардың міндетімен таныстыру. Компьютердің негізгі құрылғылары – процесссормен, ЖЖҚ – мен, ТЖҚ – мен таныстыру.