Тапсырмалар: Мектеп оқулығы мен дидактикалық материалдар жинағын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орында.
«Мәліметтер қоры» тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісін дайында.
Көрнекі – дидактикалық материалдарын дайында.
Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықта.
Бақылау сұрақтары: Мәліметтер қоры тақырыбы мектептің қай сыныбында оқытылады?
Осы тақырыпқа бөлінген сағат көлемі қандай?
«Мәліметтер қоры» тақырыбының мақсаты?
Осы сабақты қандай программалық және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етуге болады?
Сабақ қандай типте өтеді?
Оқушылардың білімі мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар
№10 өздік жұмыс
Тақырыбы: «Программалау тілдері» тақырыбын оқыту әдістемесі Мақсаты: Программалау тілдері тақырыбын оқытуды ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.
Теориялық түсініктеме «Программалау тілдері» тақырыбы мектептегі информатиканың базалық курсының 9 сыныпта қарастырылады. Күнтізбелік жоспар бойынша 9 сыныпта 6-18-ші сабақ болып I -ІI-III оқу тоқсанында өтіледі.
1. Программалау тілдері. Тілдің алфавиті.
Мақсаты: Оқушыларды Паскаль программалау тілінің алфавитімен таныстыру және алгоритмді программалау тілінде жазу ережелерін түсіндіру.
Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар Паскаль программалау тілінің алфавитін және алгоритмді программалау тілінде жазу ережелерін білуі тиіс.
Жоспар: Тілдің алфавиті
Тілдің ерекшеліктеріне қарай символдардың жіктелуі
Символдарды жазу ережесі.
2. Паскаль программасы және оның құрылымы . Мақсаты: Оқушыларды Паскаль прогаммалау тілінің құрылымымен және орындалу ретімен таныстырып, программа бөліктерінде қолданылатын міндетті түрдегі түйінді сөздердің орналасу ретін қатаң сақтауды үйрету.