Ауыл старшындары мен болыстар ақсүйек топтардан іріктеліп, сайлауда шар салудың (дауыс берудің) нәтижесі бойынша ғана тағайындалатын. Бұл лауазымды қызметорнына сайланудан халықтың сенімі мен құрметіне ие адамдардың ғана үміттенуіне болатын. Олар бұрын өздерінің арына сотты болып «дақ түсірмеген» адамдар болуы тиіс еді. Бұл қызметтерге үміткерлердің жасы 25-тен кем болмауы шарт саналатын.
Болыстағы әрбір 50 үйден сайлауда шар салушы (дауыс беруші) бір адамнан сайланатын болды. Ал олардың бас қосқан жиынында болыс сайланатын және осы қызметтен үміткер белгіленетін. Taп осындай тәртіппен әр ауылдағы әрбір 10 үйден сайлауда шар салатын (дауыс беретін) бір адам сайланатын болды. Ал олардың бас қосқан жиынында ауыл старшыны сайланды және осы қызметтен үміткер белгіленетін. Ең көп дауыс алған адам ауыл старшыны немесе болыс сайланатын, ал одан кейін дауыс алғандар осы қызметтерден үміткерлер болып белгіленді.
Болыстар мен ауыл старшындары 3 жыл мерзімге сайланатын. Болыстарды губернатор, ал ауыл старшындарын уезд бастығы бекітетін. Сондай-ақ оларды бұлқызметтерден кез келген уақытта алып тастауға да құқықты болатын. Болыстар мен ауыл старшындарын қызметке бекіту мен қызметінен алып тастаудың мұндай тәртібі қазақ даласындағы сайлау жүйесінің отаршылдық мазмұнын көрсетті.
Жоғары лауазымды шенеуніктердің отаршыл әкімшілікке қолдау көрсетпейтін адамдарды қызметке бекітпей қоюға құқығы болды.
Ауыл старшындарына және болыстарға қоладан құйылған төс белгілер, сондай-ақ арнайы жасалған мөр берілетін. Отаршыл әкімшіліктің бұл төменгі буындары полицияның және тыңшылардың міндетін қоса атқарды. Олар қазақ даласында тыныштықтың сақталуын қадағалауға, әсіресе барымтаны жоюға міндеттенді. Сонымен қатар заңдардың қатаң сақталуын, алым-салықтың уақтылы әрі толық жиналуын, басқа да міндетті борыштардың түгел орындалуын қамтамасыз етуге тиіс болды. Оларсот шешімдерінің және халық соттары қаулыларының орындалуын жүзеге асыруға да міндетті еді.
Өкінішке орай, оқиғалардың бұдан кейінгі барысы сайлау жүйесінің «партиялық» күреске айналып кетуіне алып барып соқтырды. Бір рудың өкілдері мен екінші бір руөкілдерінің арасында шиеленіскен күрес өршіді. Елде байлықпен қызметті сатып алу, қоқанлоқы жасап қорқыту, күш көрсету және жала жабу сияқты келеңсіз қылықтар кеңінен етек алды. Лауазымды қызметтен үміткерлер сайлау науқаны кезінде ақшаны оңды-солды аямай шашты.
Достарыңызбен бөлісу: |