Жақсы денсаулық міндетті шарт. Бірақ сізге өз еліңізде мектепке баруға
ештеңе кедергі жасамаса, онда сіздің алмасу оқушы болмайтыныңыздың себебі
де жоқ. Кейбір созылмалы аурулар, мысалы, қатты аллергия, сіз бірге тұратын
лайықты отбасын іздеу уақытын көбейтуі мүмкін. Бірақ бұл сізді тоқтатпауы
тиіс.
Барлық ұйымдар оқушының жеке басының қасиеттеріне ерекше көңіл
аударады. Әсіресе, ісі мен әрекеттеріндегі сенімділік, жақсы әдеттер, көңілді
мінез, қарым-қатынас жасай білу, бейімделе алу, ұжымда жұмыс істей білу,
кемелдену, оқуға ынтығу және ой-өрісінің кең болуы маңызды деп есептеледі.
Бұл қасиеттердің барлығы үміткерлермен жеке әңгімелесу барысында және
мұғалім немесе мектеп әкімшілігі берген мінездеменің негізінде бағаланады.
Келесі сұрақтарға жауап беру үшін «Мен «алмасу оқушысы» боламын
ба?» мақаласын оқыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |