«Аралас
мәтіндер»
«тұтас»
және
«дискретті
мәтіндердің»
ерекшеліктерін біріктіреді. Аралас мәтіннің вербалды және бейвербалды
элементтері бір-бірін толықтырып тұратын сөз және сөзсіз көрсетілген
элементтер арқылы ерекшеленеді. Бүгінгі күні көптеген ақпараттық мәтіндер
презентациялық форматта (веб-парағы, журналдар және т.б.) әзірленеді.
«Құрамдас мәтіндер» мағына ғана емес, формат жағынан да әрқайсысы
бір-біріне тәуелсіз әртүрлі /бірнеше/ мәтіндерден құрастырылады. Сонымен
қатар мұндай мәтіндер өзінің мағыналық жағына байланысты және ойды толық
аяқтап, мәтіннің диагностикалық мақсатын анықтайды [3].
PISA халықаралық зерттеуіндегі оқу сауаттылығында берілетін тест
тапсырмаларындағы мәтіндер келесідей форматтарда құрастырылады: тұтас
мәтіндер – 39%, дискретті мәтіндер (жадағай) – 30%, аралас мәтіндер – 23%,
құрамдас мәтіндер – 8%.
Достарыңызбен бөлісу: |