1.2 Оқушыларды ғылыми жұмысқа тарту
Мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерінің ашылуына оқушыларға мүмкіндіктер жасау. Оқушылардың шығармашылығын шыңдау, ғылыми ізденістерін арттыру мақсатында білім мекемелерінде оқушылардың ғылыми қоғамы ұйымдастырылған.
Ғылыми жұмысты бастаудың бірінші шарты: білімге ынтазар, табанды, танымдық қабілеті терең оқушыны сыныпта байқау және болашақ жұмысқа бейімдеу, әдеби кітаптар беру, ғылыми-көпшілік журналдарды оқыту. Әрине, бұл жерде мұғалім бір оқушыны бөліп-жармай сыныппен жұмыс жүргізуі тиіс;
Бірінші шарты: сабақ процесінде өтілетін тақырыптарды қызықты өткізу. Түрлі есептерді, зертеу, саралау, бақылау элементтеріне баулу. Сабақты үнемі өмірмен, басқа пәндермен байланыстырып отыру және ең бастысы оқулық шегінен тыс қызғылықты мәліметтерді беріп отыру. Бұл әрине мұғалімнің сабаққа тыңғылықты дайындалуына тікелей тәуелді.
Екінші шарты: сыныптан тыс шараларды, пән апталықтарын үлкен дайындықпен өткізу. Мектепішілік шараларда география пәнін мәселесін оқушылар арасында кеңінен насихаттау. Осы шарттар орындалған жағдайда шәкірттердің арасынан пәнге деген қызығушылығы жоғары оқушылар іріктеле бастайды. Олар сабақ процесінде сұрақтарды көп қояды, шараларға белсене қатысады және мұғалімнің көмекшілеріне айналады. Мұғалім мен оқушы арасында өзара сенім орнайды.
Үшінші шарты: пәрменді шаралар арқылы оқушылардың белсенділіктерін көтеру. Оларға акциялар, топсеруендер, саяхаттар жатады. Осы жұмыстардың басы қасында өз көшбасшылары пайда болады. Олар хабарламалар дайындап, қабырға газеттерін шығарады, өлең, шағын әңгімелер жазады, яғни шығармашылық белсенділіктерін көрсете бастайды. Осы шарттар орындалған жағдайда ғылыми жұмысқа дайын, үздік оқушы іріктеледі.
Ізденіс барысында оқушыларға шығармашылық мүмкіндіктер беріледі. Оқушылар дүниетанымынң мүмкіндігіне қарай, ғылыми түрде шығармаларды таңдайды. Мұғалім мен оқушы бірлесе отырып, ғылыми жұмыстың көкейкестілігін, шығармашылық аясын айқындады, осы міндеттер бойынша оқышылармен қосымша ізденуге жағдай жасай алады.
Осы жұмыс барысында ғылыми жұмысты жүргізудің теориялық принциптерін пайдаланып, жұмыстанып келемін.
1. Ғылыми жұмысты ұйымдастыруда белгілі бір тақырып бойынша көмек көрсетемін, қосымша мағлұматтар беремін.
2. Ғылыми бағыт бойынша зерттеу материалдарының тізбесін жасаймыз және сұрыптаймыз.
3. Жұмыстың өміршеңдігіне мән беріп, ортамен байланысына көңіл бөлу.
4. Оқушының жұмыс барысындағы жеке қолтаңбасы, жаңалық қыры, шығармаларын талдай білуі ескеріледі.
5. Жұмыстың соңында қорытындылар мен пайдаланылған әдебиеттердің тізіміне көңіл бөлінеді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту – оқушы шығармашылығын қалыптастырудың нақты жолдарының бірі екенін де естен шығармау қажет. Бұл жұмыс заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қажетті бағдарлы базаларға еніп, деректер қорымен жұмыс жасауды қамтамасыз етеді.
Қазіргі оқытушының басты қызметі – білім беру мен жеке тұлға тәрбиесін сабақтастыру болса, оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы олардың өзін-өзі дамыту, айқындай үдері қалыптастырылыды.
Ғылыми жұмыстарды орындау барысында оқушылар ғылыми әдебиеттермен, интернет арқылы мәліметтер жинап, бақылау жұмыстарын жүргізеді, зерттеу жұмыс жоспарын жасайды. Атап айтқанда:
1. Тақырыбын таңдау.
2. Пәні, мақсат-міндеттерін қою.
3.Зерттеудің теориялық, практикалық маңыздылығы.
4. Тақырыпқа сай мәліметтер жинау.
5. Теориялық білімінің жоспарын талдау, оны бақылау дәптеріне жазып отыру.
6. Практикалық бөлімнің жоспарын талдау, зерттеуге керекті тәжірибе жүргізу.
7. Нәтижелерін талдау.
8. Редакторлау.
9. Презентациялау.
10.Жобаны қорғау.
Дарынды, шығармашыл балалар халқымыздың баға жетпес байлығы, ұлы қазынасы. Олар ертеңгі заман жүгін көтеретін, дәуір көшін бастайтындар. Ауданда шығармашыл, дарынды балаларға қолдау көрсету үшін барлық жағдайлар жасалған. Кіші Ғылыми жоба жұмыстарының байқауларын өткізіп дарынды оқушыларды анықтаймыз.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде оқушылар үлкен өмірлік тәжірибе жинақтайды. Ізденісте жүретін балаларды шығармашылық іс-әрекетке баулу өз нәтежиесін беретініне көзім жетті. Тек қана мұғалімнің жан-жақты ізденісі, таптауырын методикадан бас тартып оқушыларды өмірге практикалық, іс-әрекет тұрғысында тәрбиелеу үлкен нәтижеге жеткізбек. Дарындылықты дамыту, қызыреттілігі бекем тұлғаны өмірге дайындау өзіміздің қолымызда.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұраттың ең бастысы – өзінің ісін өмірін жалғастыратын саналы ұрпақ тәрбиелеу.
«Атың болса жер таны желіп жүріп, асың болса ел таны беріп жүріп» дегендей, тамшының теңізге ұласуының іргетасы қалану жолуында еңбек етудеміз.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев белгілеген «Қазақстан – 2050» бағдарламасы және жыл сайынғы Жолдауы біздің адаспайтын жолымыз, айқын да ашық бағдарымыз. Елбасы өз Жолдауында «Қазақстанның болашағы жастардың қолында» деп үлкен сенім білдірді.
Білім – әрқашан адамзаттың ұлы мұраты, асыл болмыс – бітімі, рухани байлығы. Сондықтан ұстаздар жастар білімін өркендету жолында аянбай еңбек етіп, жас ұрпақты игілікті істерге құрметтеп, қарауға жұмылдыруда. Әдетте, алыс жолға шыққан жолаушы барар жерін бағыттап, жүрер жолын бағамдап алады. Біздер де жарқын болашаққа бет алған жолаушы сияқтымыз. Рухани жан-дүниесі мол, білімді, дарынды, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруда бағытымыз айқын.
Оқушыларды ғылыми жобалаға қатысуға ниет еткен бала әр оқу жылының басында мектепте, аудандық білім бөлімінде, содан кейін облыстықа жолдама алады. Онда оқушының ғылыми жобасының тақырыбы, бағыты, пәні, секциясы, тағы басқалары көрсетілуі керек. Ол жетістіктердің нәтижелері іріктеліп, сол бойынша балалардың арасынан лайықтылары таңдалады.
Достарыңызбен бөлісу: |