ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі білім беру, ғылым, өмір талабы , оқушы талғамы үнемі өсуде. Соған орай әр мұғалім шәкірт жүрегіне жол табарлық,пәніне қызықтырарлық ең тиімді әдістерді қолдануды іздейді, оқыту тәсілдерін жетілдіреді. Өйткені оқушыдан терең білімділікті , ұтымдылықты , ізденімпаздылықты талап ету үшін , мұғалімнің тәжірибесі де,білімі де маңызды болып отыр. Күнделікті сабақта оқушыға тапсырманы күрделендіріп беріп ,бағыт бағдар берілсе тапсырманы орындағанда шығармашылық ізденіске баулыса,деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқушы қабілетін,танымдық сұрақтар беру арқылы –оқушының ойлау қабілетін,теориялық тапсырмалар беру арқылы тақырыпты меңгеру қабілетін, салыстыру әдісімен салыстыра талдай білуге, тест әдісімен еске сақтау қабілетін дамытуға ,өз ойын жан-жақты толық дамытуға жол ашуға болады. Оқушының өзіндік ойлау ерекшеліктері басым,түрлі болжамдар жасауға қабілетті,қиялы ұшқыр, өзін танытуға құштар, шығармашылықпен айналысуға ұмтылып тұрады,өз білігін сынауға тырысады,ақыл –ой қабілетін тек өзін қызықтыратын іске бағытталып, кәсіптік бағдарға,өзінің кім,қандай маман болатынына бағыттала бастайды. Сонымен қатар оқушының шығармашылық жеке қабілетін шыңдауда мұғалім оқушы шабытын ояту үшін,құлшындыру,еліктіру, «Бәрекелді, сен қабілеттісің!», «Бүгін сен кереметтсің!» деген сөздер арқылы балаға сенім білдіру,жетістігін бағалап,мадақтау, шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық таныту,қамқорлық жасау, қойған сұрақтарына пейілмен дұрыс жауап беріп отыру да ауадай қажет екенін жоққа шығара алмаймын.Оқушыны шығармашылыққа бейімдеуге,зерттеуге тәрбиелеу үшін оқушылардың ғылыми –тәжірибелік жұмыс жолын,зерттеуге алған тақырыбын таңдап, бағыт –бағдар беріп отыру керек.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Көшкімбаев К., Тусупбекова Г.А., Ыдырыс А., Атанбаева Г.К жэне т.б. Қазіргі жаратылыстану концепциялары (биология): оқу кұралы / - Алматы: Қазақ университеті, 2018.-252 б
2 Тұрғынбаев Ә.Х. Қазіргі жаратылыстану концепциялары. Оқу құралы. -Алматы: Білім, 2003,189б.
3 Лакатос И. Доказательства и опровержения. - М.: 1964, С.352
4 Кун Т. Структура научных революций. - М.: 1975. С.318
5 Тойматаев Д.Б. Т Ғылым тарихы мен философиясы: магистранттарға арналған оқу құралы / Д.Б. Тойматаев. - Қостанай: ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, 2016. – 209 б.
6 Аймағамбетова Қ. Дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы . Оқу құралы. –Астана: Фолиант, 2006ж. -248б.
7 Жаратылыстану. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы – Астана: 2016,-33бет
8 Дүйсенов А.Ж. Табиғаттағы құбылыстар және қоршаған орта. Алматы: 2006.-127б.
9 Ахмеджанов Х. Ауа райының құбылуы. –Алматы: Қазақстан,1987.-97б.
10 Аймағанбетова Қ.А. Бастауыш кластарда табиғаттануды оқыту методикасы. Алматы: 1974.
11 Сихимбаева С.М., Турсынбаева А.З., Баймаханбетова М.А. Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі. Оқу -әдістемелік құрал. –Шымкент. Нұрлы бейне. 2020ж 216 б.
12 Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Инновационные методы обучения. Учебное пособие Алматы: ТехноЭрудит,2018.-356с.
13 Сихимбаева С.М. Белсенді оқыту әдістері. Оқу құралы. Нұрлы бейне. 2022ж76б.
14 Аймағамбетова Қ. Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы.-Алматы: Фолиант. 2009ж.-248б
15 Жаратылыстану. 1-сынып. Мұғалімге арналған нұсқаулық. С.Кузнецова, Д.Сапаков, И.Васева, А.Жамиева, М.Кусаинова, М.Тасбулатова. «Назарбаев зияткерлік мектептері»- Астана: Мектеп,2016.-44б
16 Қайырғалиева Г. Табиғат құбылыстарын таныстыру әдістемесінен. // Отбасы және балабақша. 2005ж. №4, -3-5б.
17 Жаратылыстану. 2 сынып. Мұғалімге арналған нұсқаулық. С.Кузнецова, Д.Сапаков, И.Васева, А.Жамиева, М.Кусаинова, М.Тасбулатова. «Назарбаев зияткерлік мектептері»- Астана: Мектеп,, 2017.
18 Жаратылыстану. 3-сынып. Мұғалімге арналған нұсқаулық. С.Кузнецова, Д.Сапаков, И.Васева, А.Жамиева, М.Кусаинова, М.Тасбулатова. «Назарбаев зияткерлік мектептері»- Астана: Мектеп,, 2018.-148б
Достарыңызбен бөлісу: |