Қазақстан республикасының Ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі


Тұлғаның заманауи құзыреттіліктермен жетілуіне бағытталған жаңаша оқыту



бет3/7
Дата03.12.2023
өлшемі481,94 Kb.
#133514
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Күзбаева А

Тұлғаның заманауи құзыреттіліктермен жетілуіне бағытталған жаңаша оқыту

Білім берудің жаңа мазмұны әлемдік заманауи озық тәжірибелерге негізделуі, яғни ғаламдық білім беру параметрлері мен дидактикалық қағидалардың интеграциялануына бағытталды. Бұл Елбасымыздың жастардың бойынан креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуды және командада жұмыс жасай білу секілді қабілеттерін жетілдіру, яғни білім беру ісінде 4К үлгіге сай дағдыларды қалыптастыру міндетті нақты қоюы тектен тек емес.


Қазіргі таңда заманауи оқушының басқа да біліктері қатарына келесі біліктер жатады: түрлі типтегі және стильдегі жазба жұмысын әзірлей алу, сөйлемдерді қиналмай құрастырып, сұрақтарға жауап беру, түрлі іс- қағаздарын рәсімдей алу. Оған қоса кітаптардан, анықтамалардан энциклопедиялардан, интернет желісінен қажетті ақпаратты тауып, сұрыптай алу, сұлбаларды құрастыра және оқи білу, БАҚ-тан және басқа да дерек көздерінен алынған ақпаратты қолдана алу біліктері өте маңызды болып табылады.
Функционалдық сауаттылықтың қалыптасуына тұтас және жадағай мәтіндер бойынша арнайы тапсырмалар ықпал етеді. Сонымен қатар кең ауқымды дағдыларды қалыптастыру мақсаты нәтижесінде зерттеушілік қабілеттердің, логикалық ойлау қабілеттер сияқты жеке қабілеттердің дамуына бағыт береді.
Әлемдік тәжірибе бойынша тілді тиімді меңгерту төрт дағды арқылы жүзеге асырылады. Оқылым, тыңдалым, жазылым, және айтылым дағдылары коммуникативтік дағдылар болып табылады. Аталған дағдылардың әрқайсысының өзіне тән ішкі дағдылары мен оны үйрету жолдары, яғни ерекшеліктері бар. Сабақты аталған дағдылар ерекшелігін ескеріп құру, тілді тиімді меңгертуге септігін тигізеді. Коммуникативтік дағдыларды басшылыққа алып оқыту функционалды сауаттылықты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жалпы дағдыларды қалыптастыруда көп жағдайлардың әсері барын көреміз [5,7б.]:
–туа бітті қасиеттерінің тұншығып қалмай ашылып, дамуы,
-отбасылық жағдайлары, яғни әлеуметтік ортаның, ата-анасының қолдауының мәзірі,
-оқушы мен педагог арасындағы қарым-қатынастың субьективтілікке бағытталуын,
-педаготың кәсіби біліктілігінің көрсеткіші,
-мектеп ресурстары мен оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру деңгейі. Міне, осы айтылғандардың бірімен бірі ұштасқан жағдайда ғана дағдыларын қалыптастыруына, қабілеттерінің дамып, жаңа қырынан көрінуін ай тамыз.
Балалықтың жекеде адамның не тұлғалық ретіндегі қалыптасуына, қоғамдағы тәрбиеленуыне, үйренуіне, оқуына бағытталады. Бала туғанының кейін ата-анасынан, отбасынан, туған-туысынан, қоршаған ортасынан, тағы басқаларына қатынастықтың түрлеріне тәуелділікпен тіршілік кешеді. Мұндай жағдай баладағы объективтіліктің сипатымен қарастырудан тұрады. Алайда, баладағы табиғатындағы туа бітті қасиеттерінің әсері болатынын ұмытпау керек. Оның мәні биологиялық жағынан, инстинкттерге, рефлекстерге, талап етілген жағддайларға орай, өзінің қолайлы қажеттілігіне ұмтылысын тағы қосыңыз. Балада жетіле келе қоғамдағы ортақтанудың жағдайларында бейімделуінің де жетекшілей әсер етеді. Балада табиғилық дарынының қаншалықты шексіздікпен есептелсе, қоғамдағы беретінін де, қоғамның беретіні де, баланың талабы да сондай шексіздіктен тұратын болады.
Баланың жеке қабілеттерінің ерекше жетекші рөл атқаратын түрі ақыл-ойының ұшқырлығы, шығармашылығы, жауапкершілігі болып келеді. Жеке басының тәртіптілігі, тазалығы, ұқыптылығы алдындағыларға қосымша ықпал береді. Сезімге беріле алуы, сенсорлық қабілеттерінің ұшқыны ақыл-ойдың ұшқырлығын тудырады.
Көп жағдайда баланың ерекше қабілеттерін көрсетуге, соған кері әсерін тигізіетін факторлар болады. Ол: материалдық негіздің нашарлығы, нағыз ұстаздың жетіспеушілігі, оқу жүйесінің кемшілігі, көреалмаушылық, ерекше қабілеттерді анықтауда адалдықтың, ақиқаттың болмауы т.б. Осыдан барып ерекше қабілеттер мен қасиеттер, яғни дарындылық тұншығады, ол азаяды, бұзақы немесе дарынсыздар көп болып шыға келеді.
Тұлғаның жеке қасиеттерін дамытуда ұстаз бен шәкірттің ортақ жүйемен жұмыс жасауы, жетістікке, көздеген мақсатқа жетуі. Осы қағиданың орындалуы барысында мынаны ескеру керек. Біріншіден, ортақ мақсатқа екі жақтың да көзінің жетуі. Екіншіден, ұстаз бен шәкірттің әрқайсысы өздеріне тиісті шарттарды біліп, ешкімге арқа сүйемей үйлесімді орындауы. Үшіншіден, керек жерінде бір-біріне көмегін беру, масыл болмау.
Бастауыш сынып оқушыларымен қызметтес болу айшықталып көріне бастайды. Дегенмен осы жаста да негізгі рөлді ересектер, мұғалімдер атқарады. Қызметтестікке серіктестік, достық сияқты түрлері жатады.
Мұғалімнің оқушылармен тек қызметтес болмай, осы қатынас достыққа өссе, бұл ұстаздың ең үлкен жеңісі, ұстаздық қызметтің жемісі болып табылады. Бірақ қызметтестік -–остық толық тең құқықтықта болмайды. Мұғалім-әр уақытта мұғалім.
Қазіргі таңда бастауыш мектепті аяқтағаннан кейін оқушылардан күтілетін нәтижелер [6,17б.]:
-оқу дербестігі;
-қарым-қатынас және ынтымақтастық дағдылары;
-пән салалары бойынша бастапқы білім;
-зерттеу іс-әрекетінің бастапқы дағдылары қалыптасады. Алайда ТIMSS халықаралық бағалай бағдарламысының талабы бойынша бастауыш сыныпты тәмәмдаған оқушының бойында математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, жаратылыстану- ғылыми сауаттылық дағдыларының қалыптасқандығының көрсеткішін көрсетуі тиіс.
Жекелей адамдағы дамуында ішкі мен сыртқы немесе басқарылатын не басқарылмайтынды факторларының ықпалында қалыптасуының жетілу процесін айтамыз. Қабілеттің барлығы қатынас арқылы іске асады. Қатынастың үш түрі бар: ішкі қатынас, сыртқы қатынас, табиғатпен қатынас.
Ішкі қатынас-адамның өзімен өзінің кеңесуі. Сыртқы қатынас. Жеке адам бір-бірімен немесе ұжыммен, топпен, ұстазбен қатынасады. Бұл қатынастардың әрқайсысының көздеген мақсаты, мазмұны, әдісі, тәсілі бар. Табиғатпен қатынас. Адам тірі немесе өлі табиғатпен, заттармен, жан-жануарлармен тілдесе отырып қатынасады, мұңын айтады, қуанышын айтады.
Бастауыштағы оқушылардың педагогикалық қатынастарына дұрыстап икемделуінде саналы тәртіптілікке төселуінде, бейімделуінде тұр. Саналы тәртіпке бастауыштағы оқушыларда жетілмегендей болады. Оларды саналы тәртіпке ыңғайлап тәрбиелемесе, келе келіп сананың әлсізденуі, жалқаулығы, еріксіздігі, жігерсіздігі, жора-жолдасының және көше ықпалын басынан кешіреді. Демек, ата-ана баласының мектепке қалай келеді, солай саналы тәртіпке бейімдейтіндей педаготың талаптарының көндігуіне тура келер және көмектесуі тиісті. Педагогтың арасындағы мақсатындағы бірліктің бар екендігін сезген бала маңызды қадамдар жасауға ықпал етеді.
Сана мен мінез-құлық арасында айырма бар. Сана-обьективті шындықты идеалды түрде бейнелеудің адамға ғана тән ең жоғары формасы. Мінез-адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын қасиеттер жиынтығы. Мінез санаға сіңу керек, саналы тәртіпке көтерілуі қажет. Ол үшін А.С. Макаренко айтқандай жаттығу керек. Саналы тәртіпті жаттығулар, тәртіп ережелері, оған бағыну сияқты жаттығулар арқылы санаға сіңіріп дамыту, орнықтыру, тәрбиелеу керек. Алдында айтқанымызда жаттығу арқылы мінез де қалыптасса, дағдылар да бірнеше қайтара жаттығуды қажет етеді [7,21б.].
Саналы тәртіпке талаптан басқа насихат, ағартушылық, яғни осындай ұстанымда тәрбиеленген тұста, баланы рухани байлыққа кенелтіп, арнайы ағарту сауатын ашып, саналы тәртіпке шақырамыз. Бұл жерде ұжымның атқаратын рөлі ерекше, қоғамдық-ұжымдық шешеімдерді жеке баланы қоғамдық пікірді сыйлауға, онымен санасуға, пікірлесіп, идеялардың жарыққа шығуына әкеледі.
Ал саналы тәртіпке бағынған, төселген бала мәдениетті, тәртіпті, жинақты болу сияқты жеке қасиеттерге және дұрыс мінезге ие болады. Саналы тәртіп тәрбиесінің нәтижесі баланың іс –әрекеті арқылы анықталады, яғни саналы тәртіп баланың жеке қасиеттері мен қабілеттерін жетілдіруде маңызды рөл болып табылатын, тәрбиелеліліктің ең жоғары сатысының айғағы болып көрінеді. Мұның барлығына бастауышта жүргізілетін оқыту үдерістерінің түрлері және оның ішінде академиялық піндік сабақтар мен сабақтан тыс және сыныптан тыс оқыту түрлерін ерекше инновациялық технологиялармен үйлестіре ұйымдастыру ғана жетістікке жетелейді.
Баланың жеке қасиеттері мен қабілеттері дер кезінде ашылуы, дамытылу жас кезінен қамтамасыз етілсе, оның келе интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі, табысты өмір сүруіне кепілдік болады.
Оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білу іскерліктері ерте жасынан қалыптастырылса, онда баланың жаңа ұғымды, жаңа заңдылықты, ережені түсініп, тұжырымдау, зерттеу тапсырмасын талдап шығара білу, жаңадан өтілген ұғым бойынша өздігінен ой қорыта білу, өзінің іс-әрекетіне бақылау жасай білу сияқты іскерліктері қалыптасады.
Бала бойына еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, өз бетімен жұмыс істеу сияқты тұлға үшін құнды қасиеттер дамыту көзделу тиіс.
Бастауыш жастағы баланың психикасының ерекшелігі «білсем», «танысам» деген белсенділігі, қызығушылығы. Демек, осы құштарлығы өзін қоршаған жаратылысты тануға, оның болмысын өзінше бейнелеуге, суреттеуге, қиялдай отырып жаңарта, жасақтауға бағытталған болады. Дәл айтсақ, бала әрекет ете отырып тәжірибелейді, себебі мен олардың салдарын, ондағы лық байланыстар мен тәуелділіктің себебін ашуға ұмтылады.
Кей жағдайда түсініксіз, мәлімсіз мәселелер туа қалған жағдайда бала оны өзі шешуге тырысады, әрине, ол оны тек ойша, қиялдау арқылы ғана шеше алады. Бала болып жаткан жағдайды бағамдайды және оған өзі ойша аралап, іс-әрекет жасайды. Сол жағдайды шешу үшін кейіпкерлермен қиялмен іштей әрекеттесуден көрнекі образды ой туады. «Образды ойлау — бастауыш сынып жасындағы баланың негізгі ойлау түрі болып табылады» деп қорытынды ой айтады автор [8,51б.].
Бастауыш сыныпта оқи бастағанда баланың ойлау жүйесі өзінің эгоцентризмімен, белгілі бір мәселелерді шешуге қажет болатын білімінің жоқтығынан ойлау үрдісі ерекше болады. Мәселен, баланың білім қорында заттардың ұзындығы, көлемі, салмағы сияқты қарапайым өлшеу ұғымдары әлі түсініксіздік тұста болады. Бұл дегеніміз жалпы баланың білім багажында ойлау жүйеліліктің жоқтығынан, жеке пән бойынша ұғымдар туралы түсініктер жетпегендігінен ойлау жүйесінде көріністі тек қана бейнелі қабылдау логикасы басым болады. Мысалы, судың, құмның, пластилиннің және т.б. бірдей мөлшерін ыдысқа салғанда, ол заттардың сол ыдыстың қалыбын алғанын көріп тұрып, бірақ оны бағамдау балаға қиындық тудырады. Әйтседе, бастауыш сыныпта-ақ, баз бір деректерді салыстыра алады, өз деңгейіңде абстрактылы білім қалыптастыруға қабілеті жететіндей болады.
Баланың физиологиясына байланысты жаратылыстағы өзін еліктірген нысанды танып білуге деген құштарлығы мен танымдық белсеңділігінің арқысында зерттегелі отырған нысанынан ұзақ уақыт бойы көзін алмайды, бұл әрекеті ол оған қызықсыз болып қалғанға дейін жалғаса береді. Физиологиясына орай 6-7 жастағы бала маңызды бір әрекетпен айналысып жатса, ол әрекетпен ұзақ уақыт бас тартпай айналысады. Және де өнімді жұмыс жасауда да, мысалы, сурет салуға, ойыншықтарды құрастыруға, өзіне қажетті әлденелерді жасауға да осындай ынтамен кірісе алады. Осылай олардың бір нәрсеге ұзақ қадалуы, оның сол өзі жасап отырған іс-әрекетіне деген аса жоғары ынтасын байқатады. Ал өзіне ұнамайтын нәрсемен айналысуға, назарын мәжбүрлеп аударуды талап етсеңіз, одан нәтиже шыға қоймайды, бала шаршайды, көңілі алаңдап, тіпті ол сол мезетте өзін соншалықты бақытсыз сезінеді. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының физиологиясының, психологиясының ережелеріне бағына әдістемелік оқыту әрекеттерін үйлестіруді талап етеді. Жеке қасиеттерінің ашылып, үлкен нәтижелерге жетелейтіндей көрініс береді.
Бастауыш жастағы бала сөйлей және қиялдай алу кабілеті жетілген жағдайда, қиялға ерік беріп, мәтіннің мағынасы және ерекше сипатының рефлексін дұрыс деп ойласа, ары қарай кәдімгідей мазмұнды оқиғалар желісіне салып, өзінен өзі шабыт алып, түрлі кейіпкерлермен жаңа мазмұнды оқиғаға ауыстырып, айтып бере алады. Қиялдағы бір оқиғаны басқа тұсқа түрлендіру кезінде миға салмақ түседі, ондай кезде мазмұнды басқару, ойша шығарған кейіпкерлердін әрекетін кенеттен тоқтату және оған кайтып оралу әрекеттері сияқты қарекеттер баланың шығармашылық болмысын жаттықтырады.
Дұрыс қиялдың жұмысы баланың жаратылысты тануға және меңгеруге жағдай жасайтын, өмірлік тәжірибесінен мысал ала қолданудың маңызды жолы болып табылады, бұл өз кезегінде шығармашылық қабілеттің қалыптасып, жетілуіне ықпал ететін психологиялық алғы шарты және әлеуметтік кеңістіктің нормативін игерудің тәсілі бірі болып келеді.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың ішіндегі ер балалардың 5-8 пайызының, қыз балалардың 1 пайызының ерекше белсенділігі байқалады, бірақ бұл әзірге психикалық ауытқу емес. Алайда бұл жағдай баланың эмоционалдық, ақыл-ой, интеллектуалдық дамуының кешеуілдеуімен қатар жүреді.
Жалпы тарауды қорытындылай кетсек, бастауыш сынып кезеңінде оқыту, баланың жеке тұлғасын қалыптастыру, оның жеке қабілетін қалыптастыру міндеттерін үйлесімді физиологиясына сай орындау тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет