Қазақстан республикасының Ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі


Жаратылыстану сабағында 21-ғасыр дағдыларын қалыптастыру



бет4/7
Дата03.12.2023
өлшемі481,94 Kb.
#133514
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Күзбаева А

2 Жаратылыстану сабағында 21-ғасыр дағдыларын қалыптастыру
2.1 Тұлға бойындағы 21-ғасыр дағдыларының мазмұны

Тұлға бойындағы жеке қасиеттері мен қабілеттердің заманауи қоғамда толыққанды мәнді өмір сүруге бейімділігін қамтамасыз ететін дағдылар саналады. Қазіргі уақытта көптеген әдебиеттер мен оқыту үдерісінде кең ауқымды дағдылар яки ХХІ ғасыр дағдылары деген секілді сөзтіркестерді жиі қолданыста. Сонымен қатар оқыту және тәрбиелеу негізінің нәтижесі ретінде де талап қойылып отырғаны мәлім. Ендеше алдымен дағды деген ұғымның мазмұнын талдап ашып көрелік.


Дағды дегеніміздің мазмұны бірнеше реттік қайталап отыру жолымен қалыптасатын, ырықсыз түрде жасауға апаратын әрекеттердің жиынтығы. Және де дағды алғашқы кездері саналы орындауды қажет ететін іс-әреттердің қайталанып жаттығудан туындаған нәтижесі. Кей жағдайларда санасыз да қайталау барысында қалыптасатын әрекеттерден көрінеді. Санасыз болғанымен бірнеше рет қайталану барысында автоматталған әрекетке ұласып, жылдам және нақты орындалуы да мүмкін.Дағдының физиологиялық негізі динамикалық стереотиптіктігі. Мәселен, баланың жазу үйренуді бастаған кезде бірнеше қосымша қимылдар жасап, қиналып, бар зейінін аударып, соңғысында жазуға дағдыланады, дағдыланған соң оның әрекеттері автоматталады.
Баз бір нәрсеге дағдылану үшін зейінімен бірнеше рет қайталап әрекет етудің әсерінен дағдыға, әдетке ауысады. Оның мына секілді белгілері бар [9,241б]:
1. Түрлі әрекеттерді тез орындап, жылдам қимылдап отыру белгісі, бұл дағдыланудың бір белгісі.
2. Дағдыланған соң қиналып, зорланып, күштеп орындау басымдығы азаяды.
3. Түрлі жеке амал-әрекеттерді біріктіріп, одан бүтін бір амал жасап, әрекет етуді айтады.
4. Қозғалыс пен бақылаудың басымдығы артады, көзбен бақылаудан гөрі. Мәселен әріп теруді баастағанда яки компьютерде мәтін терудегі дағдылар осыған мысал бола алады. Мұнда саусақтардың қимыл әрекеттерін түйсінуге мән беруді айтады.
5. Дағдылануға машықтануды, яғни мәтінді көшірген кезде, адамның дағдылануының соншалықты нәтижесі, көзбен қолдың озық әрекет жасауы, сол дағдыға машықтануы, мәселен көз оқыған сөздерді қол теріп жатқанда көздің қолға қарағанда озып оқуына, жазылып жатқан кезде, ойда көз оқыған сөздердің жазуға даяр тұруын айтамыз. Ол әрине машықтану, дағдылану дегенге саяды. Тура осы секілді мәнерлеп оқыған кезде де осы дағдылар көмекке келеді. Бұл психологиялық түрде дағдының антиципациясы, яғни мағынаса, алдын ала біліп қою деген мағынаны береді. Дағды деген адамдар үшін маңызы ерекше. Дағдының әсерінен санамыздың қызыметін бүткіл тұтастықта жұмылдырып, табысқа жетелейтін нәтиженің беруі. Дағдылардың түрлері былай бөлінеді: сенсорлық және интеллектілік. Дағдылардың соңғы креативтілікке әкелу және мінезінің қылықтарының, әрекеттерінің қалыптасуына септігін тигізеді.
Отандық орта білім мазмұнын жаңарту барысында қазіргі өмірде кең ауқымды дағдыларға көп көңіл бөлінеді. «Кең ауқымды дағдылар» келесі іс-әрекет түрлерінен тұрады: білімді шығармашылықпен қолдану; сыни тұрғыдан ойлау; зерттеу жұмыстарын орындау; АКТ қолдану; тілдік дағдылармен бірге қарым-қатынастың коммуникативтік тәсілдерін қолдану; топта және жеке жұмыс жасау біліктілігі [10,34б.].
Оқу бағдарламалары тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар, кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Оқу мақсаттарының құрылымдалған жүйесі оқушылардың білімді функционалдық және шығармашылықпен қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және өз бетінше жеке жұмыс істей білу, мәселелерді шешу және шешім қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейінгі қызметінде де жетістіктерге жетуінің кепілі болып табылады.
Кең ауқымды дағдылардың оқыту нәтижесінде бірегей талап болуы, халықаралық бағалау бағдарламасында баланың функционалдық сауаттылығын қалыптасу көрсеткіштері арқылы бағамдануы жайдан жай емес [11,37б.].



Сурет 1 -ХХІ ғасыр дағдылары

Жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшелігі ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында. Олардың түрлерін шартты түрде былай жекелеп береміз [12,7б.]:


1. Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым);
2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау);
3. Шығармашылық ойлау дағдысы
4. Логикалық ойлау дағдысы
5. Сыни ойлау дағдысы
6. Алгоритмдік ойлау дағдысы
7. Критикалық ойлау дағдысы
8. Проблемалық ойлау дағдысы
9. Технологиялық ойлау дағдысы
10. Тілдік құзіреттілік дағдысы
11. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту [12,27б.].
Қазіргі оқушылардан түрлі пәндерді оқыту арқылы академиялық біліммен қатар кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруды талап етіліп отыр:
-білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану;
-сын тұрғысынан ойлау;
-зерттеу жұмысын жүргізу;
-ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;
-коммуникативті қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды пайдалану;
-топпен және жеке жұмыс жасай білу [13,37б].
Мұны әлемдік білім беру кеңістігінде мойындап, тұлғаның бойында жаңа ғасыр дағдыларын қалыптастыру шарт деген ортақ міндетті жүзеге асырумен ортақтық бар. Әлемдік білім беру кеңістігінде жаңа ғасыр дағдыларын 4К дағдылары түрінде мойындап отыр.
4К тобындағы дағдылар құрылымын болашақтың дағдылары деп түсінуіміз де артық болмас. Оның құрамына сындарлы ойлау (критическое мышление), креативтілік, коммуникативтілік, командада жұмыс жасау құзыреттіліктері енеді. Аталған еректеп алынған дағдылардың мазмұнына сипат берелік.
Сындарлы ойлау-оқыту барысында жүзеге асырылатын когнитивтік даму немесе когнитивтік акселерация, ол мұғалімнің басшылығымен оқушы мен оқушы арасындағы сапалы түрде көрініс беретін, диалог әдісі негізінде орындалатын әлеуметтік прогресс болып табылады. Сындарлы ойлау жаңа идеялар тексеріліп, бағаланып, дамытылған және қолданылған кезде пайда болады. Сындарлы ойлау белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап, оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс.
Екінші креативтілік немесе креативті ойлау (креативное мышление) қабілеті туралы айтсақ, кез келген проблемалы тапсырмаларды шешу, сұраққа жауап табу барысында бойындағы бар білімдерін түрлендіру арқылы жаңа пікір мен жаңа тәсілдерді қолдана жаңа нұсқаларын ұсынуға әрекеттенуді айтамыз. Білімалушылардың бойындағы креативтілік дағдысын бағалауды идея құра алуы, қызығушылық деңгейі, идеяны дамыту секілді құзыреттіліктер арқылы мүмкін екендігін келтіреді. Мұндағы идея құра білу үдерсінде, яки қиялға ерік беру процесі арқылы ерекше бірнеше идеяларды ойлап шығару қабілеттері қалыптасады. 14,37б.].
Үшінші дағдыны коммуникативтілік не болмаса кооперация немесе ынтымақтастық деп алуы да тектен тек емес. Мұнда кез келген тұлғаның қарым-қатынасқа түсуі, төрт тілдік дағдыларды (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) дұрыс меңгеруі, қоғамда белсенді әрекеттесу құзыреттілігін жетілдіру негізін құрайды.
Төртінші құзыреттілікті командада жұмыс жасау, не болмаса ынтымақтастық деп алу сипатын мазмұндайтын болсақ, яғни түрлі командада және әртүрлі адамдармен нәтижелі қарым -қатынас жасау дағдысы деп түсіндіріледі. Мұнда қандай да бір әрекеттерді командада орындау жеңіл әрі тиімді нәтижеге қол жеткізетіндігі айтылады. [14,41б.].
Мұғалім оқушыларды командада жұмыс жасау тәртібін үздіксіз қайталау, талап ету барысында мына төмендегідей негізгі ережелерді меңгертуі тиіс:
-кезекпен сөйлеу және әрбірін тыңдауы шарт;
-бар айтылған пікірлерді түгел қарастыру шарт;
-сыныптастарының ұсыныстарына реніш туғызбастай пікір білдіруі;
-жұмыстың белгілі бөлігін жауапкершілікпен мойнына алу [15,141б.].
Ендеше ХХІ ғасыр дағдылары деген ұғымның бірнеше анықтамасының мазмұны қалай сипат береді. Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымы əзірлеген Құзыреттерді анықтау жəне іріктеу жобасының шеңберінде жасалған құрылымда құзырет «жай ғана білім мен дағдыдан анағұрлым күрделі. Ол белгілі бір жағдайларда психологиялық ресурстарды (оның ішінде дағдылар мен өмірлік ұстанымдарын) жұмылдыра жəне соған сүйене отырып, күрделі міндеттерді шеше білу қабілетін қамтиды. Мысалы, тиімді қарым-қатынас құру қабілеті жеке адамның тіл білуіне, ақпараттық технологиялар саласындағы тəжірибелік дағдыларына жəне оның өзгелермен қарым-қатынас құра алуына сүйенетін құзырет болып табылады» [15,141б.].
Бұдан білім беру саласына өзгерістің қажет екенін анық көрсетеді. Технология, коммуникация мен ғылым салалардағы мұндай елеулі өзгерістер əлемдік экономикаға айтарлықтай ықпал ете отырып, ХХІ ғасырда табысты болу үшін əрбір адамға қажетті білім мен дағдыларды алға тартады. Егер жоғарыдағы айтқандай дағды дегеніміз бір әрекетті бірнеше рет қайталаудан туындаған сол қимыл қозғалысқа машықтану, яки әдетке айналу секілді қарекеттерді айтатын болсақ, қазіргі адамзат баласынан басқа сипаттағы дағдыларды мегзеп тұрғандай. Себебі бір әрекетті бірнеше рет қайталанғаннан қалыптасқан дағды автоматты түрге айналса, оны программаланған роботтар- ақ атқарауы мүмкін ғой. Адамзаттан қандай жаңа ғасыр деген сөз тіркесімен қандай дағдыларды талап етіп отыр дейсің? Міне ситуациялы сұрақтың төркіні осы. Осы мәселені былай түсіндіріп көрелік: Постиндустриялық ғасыр сипатын екшелейтін оқу бағдарлама ларында сыни тұрғыда ойлау, коммуникативтіклік дағдылармен, шығармашыл шеберлікпен, өзара ынтымақтаса әрекеттесуге бейімділік дағдыларының дамытуына аса жоғары мән берілуі тектен тек емес. Бірнеше қайтара, өндірістік үдерісінде қайталанатыны, яғни автоматтандырылған кейін, осы бөліктегі адамдар жұмысын қажет етпейді және осындай процестерді кері қайтару мүмкін емес – бұл қол жетімді еңбек орындарын қайтадан қайтаруға болмайды [15,141б.]. Сондықтан оқу жоспарына адамзат бойында роботқа арналған дағдыларды емес, креативті ойлана алатын, үнемі жаңадан жаңаны табатын дағдылар төңірегінде болатынын міндетке алуы керекте пән мазмұнына енгізу керек, сонан кейін нысанның сипатын оқушылар дағдыларына және олардың жеке қасиеттеріне бағыттап дамытуды көздеуге көшу керек. Міне, академиялық білімнің кең ауқымды дағдыларға ауысуы осылай ғана жоспармен жүзеге асырудың нәтижесінде мүмкін болмақ.
Бұл мәселені «оқытуға арналған оқыту» ұстанымының енуімен түсіндіруге болады.
Жаңа дәуірдің спецификасыда табысты тіршілікке бағытталу үшін академиялық білімнің қажеттілігі қандай деңгейде талап етілсе, кең ауқымды дағдылардың да соншалықты қажетті екендігіне мойынсұнғандар қатары әлдеқайда жоғарылауда. Мұның қазіргі оқушылардың ақпараттардың тек зейін арқылы сақталуды алып отырған жоқ екендігі, керісінше меңгерген білімдерінің мазмұнын ұғынуы мен түсінуі жəне оны түрлі саланың практикасына сынамалай алуына, қолдана білулерін талап етуде.
Бойындағы бар академиялық білімдерін дəл осылай қолданулары азаматтардың бойынан ХХІ ғасыр дағдылары деп аталып кеткен кең ауқымды құзыреттіліктерінің меңгерілуіне мүмкіндіктері жоғары болады.
Оны жаңа мазмұнды оқу бағдарламаларда да арнайы пәндерге академиялық білімдермен қатар меңгерілетін дағдылардың сипатына кіріктірілгендей кең ауқымды дағдылар деп атауымыз, әр пәннен меңгерілетін дағдылардың көлемі де анықталған. Сол пәндердің негізгісі деп бастауыш сынып оқушыларына кең ауқымды дағдыларды қалыптастыратын мазмұнға ие «Жаратылыстану» пәні болып саналады. Сондықтан да жаратылыстану пәні бастауш сыныпта жеке пән ретінде енгізілуі мақсаты да соны көздеген. Дәлірек айтсақ жаратылыстану ғылымдарыынң интеграциясынан білім бере отырып оқушыларға ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға көмектеседі [16,141б.]. Мәселен: зерттеу жүргізе білу, проблемаларды шешу, сын тұрғысынан ойлау, өзбетінше оқу, ынтымақтастық, ақпаратты өңдеу, жасау және жобалау, тәжірибелік дағдылар сияқты түрлерінің қалыптасуына құзыреті жоғары болып келеді. Сондықтан кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына барлық дерлік пәндердің академиялық маңызды міндеттері болып табылады және оның инновациялық ұйымдастырылу әдістемесіне аса мән беру керек екені айдан анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет