ОН 3. магнит тізбектерінің теориялық негіздерін түсіну, оларды талдаудағы қатынастары мен негізгі заңдарын қолдану және талдау
ОН 4. Автоматиканың есептеу дағдыларын игеру.
Келісілген
ББ жетекшісі ___________
(қолы Т.А.Ә.)
Пәнді оқудың мақсаты -Сызықты электр тізбектеріндегі қалыптасқан және өтпелі кезеңдерді оқып білу болып табылады. Бұл курс сонымен қатар сызықты және сызықты емес тізбектердің жалпы теориясын және оларды есептеу мен талдау әдістерін қамтиды. Тұрақты және синусоидалы токтың сызықты электр тізбектерінің негізгі заңдары мен еспетеу әдістерін, төртұштықтар, үшфазалы тізбектер, синусоидалы емес токтың электр тізбектерін, сызықты электр тізбектеріндегі өтпелі кезеңдерді, тұрақты және айнымалы токтың сызықты емес электр тізбектерін, таратылған параметрлері тізбектерді, тұрақты токтар мен кернеулер кезіндегі магниттік тізбектерді, айнымалы магниттік өрісті оқып білу.
Пәнді оқудың міндеттері:әр түрлі электротехникалық құрылғылардағы өтетін кезеңдерді сандық және сапалық білімдері негізінде, Білім алушыке арнайы радиотехникалық пәндердің қоятын есептерін табысты және сауатты шеше білуге дайындау.
Пререквизиттер:Жоғарғы математика 1, жоғарғы математика 2, физика 1, физика 2, Мамандыққа кіріспе
Постреквизиттер: Автоматтандыру есептерін программалау, Электроника, Автоматика элементтері мен құрылғылары, Диплом алды практика, Диплом жұмыстары