М.Өтемісов атындағы Батыс



бет1/44
Дата14.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82636
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті



Биология және экология кафедрасы




SYLLABUS
Пәннің атауы Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер мен жануарлар систематикасы
Білім беру бағдарламасы: 6В01508 Химия -Биология
Құрастырғандар: Кажымуратова Ж.С. аға оқытушы
(ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі)

Орал-2022





  1. Пән туралы мәліметтер:




Пән атауы: «Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер мен жануарлар систематикасы»



Кредит саны

6

Курс

2

Семестр

5

Қорытынды бақылау түрі

аралас емтихан

Дәріс (сағаты)

15

Практикалық (семинар, лабораториялық)
сабақтар (сағаты)

8

СОӨЖ (сағаты)

3



Курстың қысқаша сипаттамасы:

Студенттерге жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің өмірлік түрлерінің алуан түрлілігі, олардың эволюциясы және қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы түсінік беру. Адам өмірінде практикалық маңызы бар организмдердің жүйелі жағдайы мен биологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөлінеді.


Оқу нәтижесі: Осы саладағы озық білімге негізделген зерттелетін саладағы білім мен түсінікті көрсету; Кәсіби деңгейде білім мен түсініктерді қолдану, дәлелдер тұжырымдау және зерттелетін саланың мәселелерін шешу;



Пререквизиттер:


Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет: өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы, биологияға кіріспе және т.б.

Постреквизиттер:


Биологияны оқыту әдістемесі , Өсімдіктер физиологиясы, Эволюциялық ілім, Жер туралы ғылымдар және т.б.



  1. Оқытушы туралы мәлімет, байланыс ақпараттары: ТАӘ, телефоны, электрондық пошта

Кажымуратова Жаннат Санкибаевна, 87016229279 , zhannat_007 @mail.ru


  1. Курстың саясаты:


Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)

  1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.

  1. Аудиториядағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефонды сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.

  1. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.

  1. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.

  1. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.

  1. Пікірлесу (сұқбаттасу т.б.). Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет