1-сурет. Элеватор қоймаларының бөлімдеріне байланысты бас жоспардың өзіндік
схемасы
Автомобиль, теміржол және су жолы көліктерімен өндіріс территориясын
байланыстыру.
Астық қоймалары көлік жүйесімен тығыз байланысқан. Оның тиімді жұмыс істеуімен
кәсіпорындағы астық қабылдау және оны арту жұмыстары жақсы жүреді. Сондықтан бас
жоспарды жасау кезінде, барлық көлік жүйесінің дұрыс байланыстарын орналастырылғаны
өте қажетті талап.
Автомобиль көлігі дайындау элеваторлары үшін ең қажетті көліктік жүйесі. Ол үшін
кәсіпорынға кіретін жерден автомобильдерді жайғастыру үшін асфальтталған алаң
бөлінеді. Сонымен қатар тексеру лабораториясы, таразы бойымен, автомобильдік астығын
босату қондырғыларының жанынан жүретін жерлердің бәрі қозғалысқа ыңғайлы болу
талаптарын орындауы тиіс. Автомобиль жолдары бір-бірімен қилыспауы керек және оның
ені 5,5-6м дейін, екі транспорт қозғалыс жүйесіне есептелінуі қажет.
Теміржол элеваторға ең қажетті астықты таситын көлік болып табылады.
Кәсіпорындардағы теміржол оған астықты жиятын немесе одан астықты түсіретін
вагондарды қою үшін керек. Осыған байланысты теміржолды қолдануына қарай былай
атайды: қабылдау жолы; астықты түсіру-босату операциясын орындайтын жұмысшы жолы;
вагондарды біржолдан екінші жолға тасымалдау үшін маневр жасау жолы; босатылған
вагондарды жинастырып қоятын жол, астықты вагондарға тиеп сыртқа шығаратын күту
жолы. Бұл вагондардың темір жолмен қозғалысын тепловоз арқылы атқарады. Теміржол
торабының схемасына байланысты бас жоспардың ұзындығы анықталады. 2-суретте
дайындау элеваторының бас жоспары көрсетілген.
2-сурет. Дайындау элеваторының бас жоспары
1-силостық корпус; 2-үстіңгі және астыңғы конвейерлі механикаландырылған астық
қоймасы; 3- реверсивті конвейерлі галерея; 4-норияның мұнарасы; 5-теміржол көлігінің
қабылдау және тиеу қондырғысы; 6-насостық станция және су қоймасы; 7-артезиандық
скважина; 8-қабылдау алаңы және лаборатория; 9- мекеме және зертхана; 10-автомобиль
таразысы; 11- аспирациялық шаң қораптары; 12-элеватордың жұмыс үйі; 13-автомобиль
көлігінің қабылдау қондырғысы; 14-шаң және қалдықтар қораптары; 15-астық
кептіргіштері; 16-қосымша корпус; 17-сұйық отын қоймасы; 18-көмір қоймасы; 19-
цистернадан сұйық отынды қабылдау қондырғысы
Әртүрлі технологиялық өзгершіліктері бар астық кәсіпорындарының бас
жоспарларының техникалық-экономикалық көрсеткіштері 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте.
Өндіріс кәсіпорындары
Жер
алаңы, га
Құрылыстың
орналасу тығыздығы
Жеке орналасқан құрылыс
обьектілерінің саны
Дайындау элеваторы, Е=100
мың тонна
6,5
20
16
Порттық элеватор
5,0
23
15
Ұн комбинаты,Q=220т/т
4,5
20
14
Ұн комбинаты, Q=345т/т
4,2
19
12
Ұн комбинаты, Q=500т/т
7,3
22
14
Бас жоспарлардың алаңын дұрыс пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштердің есептеу
формулалары:
%;
100
+
=
ж
жол
к
u
S
S
S
K
%
100
=
ж
к
з
S
S
K
%;
100
=
ж
кок
кок
S
S
K
Мұндағы:
−
u
K
территорияны пайдалану;
−
з
K
орналастыру тығыздығы;
−
кок
K
көгалдандыру;
к
S -құрылыс ғимаратының жер алаңы, м
2
;
жол
S
- жолға пайдаланған жер алаңы, м
2
;
ж
S
- территорияның жалпы алаңы, м
2
|