Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Темір жол көлігінің қабылдау қондырғылары



Pdf көрінісі
бет63/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

Темір жол көлігінің қабылдау қондырғылары 
Темір жол көлігінен астықты қабылдау қондырғысын элеватордан белгілі бір 
қашықтықта орналасқан жеке құрылыс обьектісі ретінде салады. 
Вагондардан астықты түсіргенде тұрақты немесе жылжымалы ТЛМ типті 
механикаландырылған күректерді қолдану арқылы және ВРГ, ВГК, ЦНИИ МПС, «Нагема» 
пневматикалық сору арқылы түсіретін, «Вихрь» сияқты жүйелі вагон аударғыштарды 
пайдаланады. 
Пневматикалық қондырғылар электроэнергиясын көп шығындайды, бірақ еңбекті 
жеңілдетіп санитарлық жұмыс атқаруға қолайлы жұмыс жасайды. 
Ең көп тараған вагоннан астықты түсіруде қолданылатын тұрақты жұмыс істейтін 
механикаландырылған күрек, оның өнімділігі 60....110 т/сағ. дейін болады. Қабылдау 
қондырғысын салуға көп қаржы жұмсалады, себебі қабылдау қораптарының салу тереңдігі 


6,0 м дейін барады. Мұндай тереңдік көп жерлерде жер асты суларының жиналуын 
тудырады, гидролизациялық қабатты жасау үшін көп шығынға әкеліп соғады. 
Қабылдау қораптарын кіші тереңдікке 3,0 м дейін салуды қолданады. Бұл жағдайда 
вагоннан астық қабылдау қораптарына түскен сәттен, транспортерлер де жұмысын бастауы 
тиіс. Қабылдау қондырғысы мен жұмысшы ғимаратының арақашықтығы жақындау 
болады. Мұндай қабылдау қондырғысына кететін шығын қораптары үлкен тереңдікте 
орналасқан қондырғыларға қарағанда неғұрлым аз болады. 
Вагондардан астықты қабылдау қондырғылары мына түрге бөлінеді: 
-вагондардағы астықты нория табандарына және силос корпусының шет жақтарында 
жанамалап силостардың астындағы транспортерлердің бойымен орналасқан қораптарға 
түсіру; 
- жұмысшы ғимаратына белгілі бір қашықтықта және қораптары жер бетіне 4,0-4,5 м 
дейін терең орналасқан қабылдау транспортерлері жол бойымен тасымалдап, көлденең 
траспортерлер арқылы жеткізу; 
- жұмысшы ғимаратында тікелей және қабылдау қораптары жер бетіне 5,5-6,0 м дейін 
терең орналасқан қабылдау транспортерлері арқылы астықты нория табанына құяды. 
Мұндай қондырғы көлденең типті қондырғы деп аталады. 
- қабылдау қораптары жер бетіне 3,0 м-ге дейін терең орналасқан және қораптарының 
деңгейі рельстің деңгейіне дейін көтеріліп тұратын қабылдау қондырғыларында астық 
мамандандырылған нориялар арқылы ауа галерея сындағы транспортерге келіп түсіп, 
жұмысшы ғимаратына тасымалданады. 
- қабылдау қондырғыларында үлкен өнімділігі бар ВРТ, ВГК қондырғыларын және 
инерциялық вагон аударғыштарды пайдалану. Бұл аударғыштардың өнімділігі 240-300 
т/сағ шамасы аралығында болады. 
Негізгі вагоннан астықты түсіру қондырғылары 3-суретте көрсетілген.
Кейінгі кездерде астықты түсіру вагоннан қабылдау мен түсіру бір қондырғыда 
орындалып келеді. 
3-сурет. Теміржол көлігіне келіп түскен астық қабылдау қондырғылары. Мұндағы: а-
көлденең типі; б-көлбеу типі; в-қабылдау және тиеу қондырғысы; г-вагондарды 
инерциялық әдіспен түсіру қондырғысы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет