Астықтың ылғалдылығын төмендету
кептіру трубасынан басталады,мұнда ылғалды
астық диаметрі 1100 мм трубаға кептіргіш агенті жіберетін жерден (ол 5730 мм жерден
еңгізіледі) жоғарыдан жұқа қабатпен түседі де 25-30 м/сек жылдамдылығы бар агентпен
араласып труба арқылы 24 м биіктікке дейін көтеріледі. Осы көтерілу кезінде агентімен
әбден араласып, жылу және ылғал айырбастау қорапіне барады. Бұл қорапдің қақпағы екіге
бөлінген. Оның бірінен кептіргіш агенті астықтан бөлініп, желдеткіш арқылы сыртқа
шығарылады, ал кептіретін астықтың температурасы және ылғалдылығы біртіндеп қалыпқа
келе бастайды.
Жылу және ылғал айырбастау қорабынан кейін
астық ортадағы салқындату
шахтасына жіберіледі. Егер астықтың ылғалдылығын әлде төмендету керек болса, одан
қайтадан кептіру трубасына жібереді, осылайша рециркуляция астықтың ылғалдылығы
тиісті шамаға дейін төмендегенше қайталанады. Соңғы салқындату шахтасынан кейін
құрғақ астық кептіргіштен шығарылып, қоймаларға сақтауға жөнелтіледі.
Кептіргіш қондырғысын пайдаланғанда әсіресе кептіргіш трубасына түсетін ылғалда
астықтың мөлшерімен соңғы салқындату шахтасынан шығатын астық шамасының бір-
біріне сәйкес келуін қадағалап отыру керек. Сонымен қатар ортадағы салқындату шығып
рециркуляция жасайтын астықтың мөлшері оның бастапқы ылғалдылығы шамасына және
оны қай шамаға дейін төмендетуге байланысты болады. Бұл
кептіргіште ылғалды және
құрғақ астықты араластырып 1-1,5% дейін ылғалды бір-біріне бірыңғай етіп бөледі. Осы
процестің арқасында кептіргіш қондырғысының өнімділік қуаты жоғарылайды.
4-суретДСП-32 шахталы кептіргішінің жалпы көрінісі.
1-қорап астындағы кептіргіш; 2- салқындату зонасы; 3-екінші кептіру зонасы; 4-
бірінші кептіру зонасы; 5-қолданған кептіру агентін шығару; 6-бірінші кептіру зонасының
желдеткіші; 7-екінші кептіру зонасының желдеткіші; 8-редуктор; 9-салқындату зонасының
желдеткіші
Жоғарыда
жазылған процестерге, яғни қыздыру біраз жатқызу, орташа салқындату
және соңғы салқындату циклдарынан өткізуге негіздеп Бүкілодақтық астық ғылыми-
зерттеу институтының Қазақ филиалы «Тың» атты кептіргіш жасап шығарды.
«Тың» атты кептіргіштердің пневмогазды кептіргіштер айырмашылығы мынада:
мұнда кептіргіш түтік жоқ, яғни кептіргіш затпен ылғал астық қоспасы бір бағытта
қозғалмайды.
«Тың» кептіргіш қондырғысында ылғалды астық жоғары шанақтан тамшыдай
дараланып түседі. Осылайша түсіп тұрған астық ағынын температурасы 300-350
о
С
кептіргіш агент 6м/сек жылдамдықпен көлденең кесіп өтепді.
Осы кезде кептіргіш пен
ылғалды астық жанасып, дән қызады.Бұл процесс жүретін жерді қыздыру камерасы деп
атайды.Астық ол камерадан жылу және ылғал айырбастау қорапіне жөнелтіледі. Одан
кейінгі процестердің режимі жоғарыдағы пневмогазды кептіргіштегідей болады.
Қазіргі кезде республикамыздың астық дайындайтын кәсіпорындарында «Тың»
кептіргіштерінің көптеген түрін кездестіреміз. Олар: Ц-20,Ц-30, Ц-36, Ц-40, Ц-50,Ц-60 және
Ц-100. 5-суретте астық кәсіпорындары мен элеваторларда кең тараған Ц-50
рециркуляциялы кептіргіші көрсетілген.
Кептіргіш агрегаттары комплексті механикаландырылған үздіксіз тізбектің ең керекті
буынына жатады. Себебі республикамыздың солтүстік облыстарында кәсіпорынға түскен
астықтың ылғалдылығы жоғары болғандықтан, қабылдау және өңдеу технологиялық
тізбегінің жұмысы тек кептіру агрегатының өнімділігіне байланысты. Соңғы жылдары
астық дайындайтын кәсіпорындарда көптеген кептіргіш агрегаттары
жетілдіріліп және
қайта жасалды, олардың тиімділігі арттырылды, кептіруу технологиясы сапалы
жүргізілетін болды.
5-сурет. «Тың» кептіргіші (Ц-50)
Достарыңызбен бөлісу: