Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет95/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

а-схема, б- жалпы көрініс: 1- соңғы салқындату шахтасы; 2-аралық салқындату 
шахтасы; 3-жылы ылғал алмастырғыш; 4-ауа өткізгіш; 5- қыздыру камерасы; 6-бекітпе; 7- 
қорап; 8-вентилятор; 9-нория; 10-автоматты таразы 
Жоғарыда кептіру техникасының даму жолдарын қарастырғанда кейінгі жылдары 
кеңінен қолданылып жүрген рециркуляциялық әдіске тоқталып едік. Оның соған дейін 
қолданылып келген жинақтау және жанасу әдістеріне қарағанда технологиялық және 
экономикалық жағынан өте тиімді екені күнделікті практикалық жұмыстардан көрініп 


отыр. Бұл әдіспен жұмыс істейтін кептіргіштер астықтың ылғалдылығы қандай болса да, 
оны қалыпты күйге дейін төмендетеді.
Рециркуляциялық кептіргіштердің технологиялық үдерістерді былай өтеді. Қыздыру 
камерасына бұршақтай жауған дән еркін үдеумен түседі. Үздіксіз түсіп тұрған дәндердің 
ағынына қарсы температурасыөте жоғары кептіру агенті қозғалады. Осы қарама-қарсы 
қозғалыс үстінде дән мен кептіру агенті ұшырасады да ыстығын беріп, дән ылғалын кемітіп 
қыздыру камерасынан сыртқа шығарылады. Қыздыру камерасынан шыққан дәндердің 
ылғалдылығы мен температурасы бірдей болмайды. Сондықтан бір күйге келтіру үшін 
жылу алмастыру камерасына жіберіледі. Бұл жерде дәндер баяу әрі топталып қозғалады. 
Ыстық астықты транспортерлер арқылы тасымалдауға болмайды. Себебі, дән мен сыртқы 
ауа темпаретурасының айырмашылығы алшақ болғандықтан, дәннің ылғалды сіңіру 
қасиетіне байланысту қайтадан ылғалдануы ықтимал. Сондықтан рециркуляциялық 
кептіргіштерде шахталы кептіргіштердегідей салқындату қондырғысы бар. 
Салқындату қондырғысы арқылы дәнді дақылдардың температурасы сыртқы ауаның 
температурасына дейін төмендетіледі және аздап кептіріледі. Астықтың ылғалдылығы осы 
қондырғыдан шықаннан кейін анықталып отыруы қажет. Егер дәнді дақылдар құрғақ күйге 
жетсе, онда кептіру үдерісі тоқтатылып, астық қоймаларға жөнелтіледі, ал әлі де дымқыл 
болса, қайтадан кептіріледі.
Бұл кептіргіштер ылғалдылығы кез келген дәрежедегі астықты кептірумен қатар оның 
технологиялық, биохимиялық, нандық қасиеттерін арттырады.
Қазургу кезде астық дайындау кәсіпорындарында «Тың», РД-2х25, ПРЗ=50, 
ДСП=320Т, т.б. рециркуляциялық кептіргіштер кеңінен қолданылып келеді. Осылардың 
ішінде біздің республикамызда «Тың» атты кептіргіш көп қолданылады.
Рециркуляциялық кептіргіштерді тиімді пайдалану үшін сондай-ақ қызметкерлер 
кептіру режимін қатаң қадағалап отырулары керек. Кептіру режимдерінің қатарына мына 
көрсеткіштер жатады: астықты қыздыру температурасы, кептіру агентінің температурасы, 
циркуляция коэффициенті, кептіру агенті мен атмосфералық ауаның шығыны.
1, 2, 3- кестелерде көрсетілген режимге байланысты астықты қыздыру 
температурасын әсіресе қатал бақылау керек.
Өйткені рецеркуляциялы кептіргіштерде қыздыру температурасы технологиялық 
үдерістің тиімді өтуіне және астықтың табиғи сапасын төмендетпеуге мүмкіндік береді. Ал 
агент температурасы 10 пайыз жоғары төмен болуы ықтимал. Себебі, олар агрегаттың 
конструкциялық ерекшеліктері, жылу өткізбейтін материалдың сапасы, атмосфералық ауа 
температурасының өзгерістері, т.с.с көптеген жағдайға байланысты болады. Тек күнбағар 
тұқымын кептіргенде ғана ең бастысы кептіру агентінің температурасы болып табылады.
1-кесте. Азық-түлік бидай мен тары жармасын кептірудің температуралы режимі 


2-кесте. Азық-түліктік бидайдың дифференциалданған кептіру режимі 
3-кесте Тұқымдық астықты кептіру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет